заңдары қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін ұзартылған
еңбек демалыстарын көздейді. Қазіргі кезде заңдарға сəйкес
ұзартылған еңбек демалысын келесі тұлғалар пайдаланады:
· мемлекеттік қызметшілер (ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы»
заңының 22-б.1-т.).
Аталған
бапқа
сəйкес
мемлекеттік
қызметшілерге ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік еңбек демалысы
беріледі;
· педагогикалық қызметкерлер (ҚР «Білім туралы» заңының 41-
б. 3-т.). Аталған нормативтік құқықтық актіге сəйкес орта,
бастауыш кəсіби, орта кəсіби, жоғары кəсіби жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі кəсіби білім беру
мекемелерінің педагогикалық
қызметкерлері жəне оларға теңестірілген қызметкерлер ұзақтығы
күнтізбелік 56 күндік еңбек демалысына, ал мектепке дейінгі жəне
мектептен тыс ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері
ұзақтығы күнтізбелік 42 күндік еңбек демалысына шығуға құқылы;
· ішкі істер органдарының қызметкерлері ұзақтығы күнтізбелік
30 күндік, ал қызметін жоғары таулық аймақтарда, ауыр жəне
қолайсыз табиғат жағдайындағы аймақтарда өткерген ішкі істер
органдарының қызметкерлері еңбек өтіліне қарамастан ұзақтығы
күнтізбелік 45 күндік еңбек демалысына шығуға құқылы;
· судьялар ұзақтығы күнтізбелік 30 күндік еңбек демалысына
шығу құқығына ие;
· прокуратура органдары қызметкерлері ұзақтығы күнтізбелік 30
күндік еңбек демалысына шығуға құқылы.
Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек демалысының
ұзақтығын күнтізбелік 18 күннен асатындай етіп ұзарта алады.
Еңбек
демалыстары
бүкіл
жыл
бойында
беріледі.
Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудің
кезектілігі жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесінде,
жұмыс берушінің актілерінде көзделген тəртіппен белгіленеді.
Заңдарға сəйкес жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бөлігі) тек
қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші бойынша ғана
ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін.
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша
келесі жылға еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің
өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін. Алайда,
қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым
салынады («ҚР еңбек туралы» заңның 60-б. 6-т.).
Еңбек заңдары қызметкерді еңбек демалысынан шақырып алу
мүмкіндігін де көздейді. Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс
берушінің ұсынысы бойынша жəне қызметкердің келісімімен үзілуі
мүмкін («ҚР еңбек туралы» заңның 64-бабы). Еңбек демалысының
осыған байланысты пайдаланылмаған бөлігі тараптар арасындағы
келісім бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде беріледі немесе
қызметкердің қалауы бойынша келесі жұмыс жылындағы еңбек
демалысына қосылады, не өтемақы төленеді.
Еңбек демалысы күндеріне дəл келетін мереке күндерін
есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы,
қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан,
күнтізбелік күндермен есептеледі. Жыл сайынғы еңбек
демалысына құқық беретін еңбектегі стажына мыналар қосылады:
· жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыт;
· жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт;
· еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған емделуде
болған уақыт.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары үшін
орташа жалақыны есептеу немесе пайдаланылмаған еңбек
демалысы үшін өтемақы төлеу тəртібі ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 13
қаңтардағы № 51 қаулысында белгіленген. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек
демалыстары үшін орташа жалақыны есептеу, сонымен қатар
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу осы кезеңде
белгіленген қосымша ақыларды жəне сыйақының орташа мөлшерін
ескере отырып, күнтізбелік 12 айдағы орташа жалақының есебінен
жүзеге асырылады.
Заңдарда ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек
демалыстары да көзделген. Еңбек демалысының бұл түрі зиянды
жəне қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыста жəне ауыр дене
жұмыстарында
жұмыс
істейтін
қызметкерлерге
уəкілетті
мемлекеттік орган анықтайтын өндірістер, жұмыстар, кəсіптер
жəне лауазымдар тізіміне сəйкес беріледі. Қосымша еңбек
демалысы – бұл негізгі еңбек демалысының құрамына енбейтін
бірнеше жұмыс күні барысындағы үздіксіз демалыс.
Сонымен қатар, ақы төленетін қосымша еңбек демалысына
шығу құқығын уəкілетті мемлекеттік орган анықтайтын тізімнің
тиісті бөлімдерінде өндірістер жəне цехтар бойынша көзделген
кəсіптер жəне лауазымдар иелері болып табылатын қызметкерлер
де пайдаланды. Бұл ретте осы өндірістер мен цехтардың қайда
жəне қандай жұмыс берушіге тиесілі екеніне қарамастан, қосымша
еңбек демалыстары тиісті қызметкерлерге берілуі тиіс. Ескеріп
өтетін бір жайт, қосымша еңбек демалысы қатаң түрде тізімге
сəйкес тиісті өндірістер мен цехтарда тікелей жұмыс істейтін
қызметкерлерге беріледі. Қосымша еңбек демалысының ұзақтығы
тізімде анықталады.
«ҚР еңбек туралы» заңының 65-бабы
Жалақысы сақталмайтын демалыстар
Тараптардың келісімі бойынша қызметкерге оның өтініші
негізінде жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Жалақы сақталмайтын еңбек демалыстары əр түрлі негіздер
бойынша, (алайда, жұмыс үшін емес) берілуі мүмкін. Бұлардың
кейбірі – демалу үшін (жеңілдіктік), кейбірі белгілі бір жағдайлар
бойынша (мысалы, науқастанған отбасы мүшесін қарау жəне т.б.)
беріледі. Мұндай еңбек демалыстарына ақы төленетін жыл
сайынғы еңбек демалыстары туралы ережелер таралмайды. Олар
өзге еңбек демалыстарына қарамастан беріледі. Көп жағдайда
жалақы сақталмайтын еңбек демалыстары қызметкердің өтініші
бойынша беріледі. Мұндай демалысты беру жұмыс берушінің
актісімен ресімделеді. Актіде демалыстың мерзімі мен себептері
көрсетілуі тиіс. Мұндай демалыстарды беру жұмыс берушінің
міндетіне жатпайды, яғни, жұмыс беруші қызметкерге жалақы
сақталмайтын еңбек демалысын беруді өзі дербес шешеді. Алайда,
қызметкердің келісімінсіз де жұмыс беруші оны мұндай еңбек
демалысына жібере алмайды.
Егер ұжымдық шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс беруші
жұмыстың уақытша тоқтатылуына немесе жұмыс көлемінің
азаюына байланысты штаттың қысқартылуына сəйкес қажет болған
жағдайда қызметкерлерді жұмыстан босатуды болдырмау
мақсатында қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын немесе
жалақысы жартылай сақталатын еңбек демалысына шығуды ұсына
алады.
Алайда,
жоғарыда
атап
өткеніміздей,
бұл
тек
қызметкерлердің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезінде қызметкердің
жұмыс орны немесе лауазымы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |