4) азаматтардың заңдарға сəйкес жүзеге асыратын еңбек жəне
кəсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді жəне
шығармашылық еңбекке қабілетін дамытуға жəрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған жəне жаңа жұмыс
орындарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс
орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
6) уəкілетті орган жəне жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы
еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты
қызметті лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі
еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық
ic-шараларды
жергілікті
атқарушы
органдар
қолданатын
шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті
экономикалық жəне əлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен
үйлестіруге;
11)
еңбек
рыногының
бірыңғай
ақпараттық
базасын
қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ететін шараларды əзірлеу мен іске асыру жөніндегі
қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға жəне олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі жəне
шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек
қызметіне байланысты мəселелерді шешуді қоса алғанда, халықты
жұмыспен
қамту
проблемаларын
шешуде
халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер жəне қоғамдық ұйымдар
өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын əзірлеу мен іске
асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс
орындарын ашу iciн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық жəне
инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.
5 бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға жəне кəсіп
пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
2) жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауға;
3) уəкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау
мен жұмысқа орналасуда жəрдемдесуге кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға
жəрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар:
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тəрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-
ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кəмелетке толмаған балаларды тəрбиелеп отырған жалғызілікті,
көп балалы ата-аналар;
Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен
асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет
етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан
босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру жəне (немесе) мəжбүрлеп емдеу
орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар жатады.
Жергілікті атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен
жергілікті бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтарға
жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін, сондай-ақ əлеуметтік
қорғау жөніндегі қocымшa шаралар белгілей алады.
2 Т А Р А У
МЕМЛЕКЕТТ1К ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
САЯСАТЫН ICKE АСЫРУ
6 бап. Орталық атқарушы орган
1. Орталық атқарушы орган қызметінің тəртібін, оның құқықтық
мəртебесін жəне құзыретін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде:
1) уəкілетті органдарға əдістемелік жəне ұйымдық басшылықты
жүзеге асыруға;
2) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру
негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға
жəне халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек
рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын
əзірлеуге;
4) ішкі еңбек рыногы қорғау мақсатында инвестициялық
келісім- шарттар жобаларын қарауға қатысуға;
5) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты
қызметке Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тəртіппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға жəне кері қайтарып
aлyғa;
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін
жүзеге
асыру
үшін
жұмыс
берушілерге
Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде шетелдік
жұмыс күшін тapтyғa рұқсат беруге;
7) мүдделі органдармен бірлесе отырып, кадрлар əзірлеу мен
оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтауға;
8)
еңбек
рыногының
бірыңғай
ақпараттық
базасын
қалыптастыруға міндетті.
7 бап. Жергілікті атқарушы органдар
Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту
саясатын іске асыруды:
1) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатына сəйкес аймактық
бағдарламалар əзірлеу;