1) Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкерге
берілген мүлік пен толық материалдық жауапкершілік алу туралы
жазбаша шарт жасалған;
2) заңдарға сəйкес қызметкерге еңбек міндеттерін орындау
кезінде жұмыс берушіге келтірген зиян үшін толық жауапкершілік
жүктелген.
3) қызметкер мүлік пен басқа да құндылықтарды бір жолғы
сенім хатпен немесе басқа да бір жолғы құжаттар бойынша есеп
беруге болады;
4) қызметкер зиянды алкогольдк, нашақорлық немесе
уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірген;
5)
зиян
материалдардың,
жартылай
фабрикаттардың,
бұйымдардың (өнімдердің), соның ішінде оларды дайындау
кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген
құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, арнаулы киімдер мен
басқа да заттардың жеткіліксіздігінен, қасақана жойылуынан
немесе қасақана бүлдірілуінен келтірілген;
6) зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан
келтірілген;
7) зиян қызметкердің қылмыстық тəртіппен қудаланатын
əрекеттердің белгісі бар іс-əрекеттерінің келтірілген жағдайларда
олардың кінəсінен жұмыс берушіге келтірілген зиянға толық
мөлшерінде материалдық жағынан жауапты болады.
92 бап. Толық материалдық жауапкершілік туралы
жазбаша шарттар
1. Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша
шарттарды жұмыс беруші он сегіз жасқа толған, өндіріс процесінде
өзіне берілген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға),
тасымалдауға немесе жұмысты орындаушы қызметкермен жасасуы
мүмкін.
2. Мұндай қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ
толық материалдық жауапкершілік туралы үлгі шарт ұжымдық
шарттарда бекітіледі.
10 Т А Р А У
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӨТЕРМЕЛЕУ ЖƏНЕ
ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ
93 бап. Еңбегі үшін көтермелеу
Жұмыс беруші қызметкерге еңбектегі табыстары үшін
көтермелеудің əр алуан түрлерін қолдануға құқылы. Көтермелеудің
түрлері мен тəртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен жəне жұмыс
берушінің актілерімен белгіленеді.
94 бап. Тəртіптік жазалар
1. Еңбек тəртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің кінəсінен
оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе
тиісінше орындалмағаны үшін жұмыс беруші тəртіптік жазалардың
мынадай түрлерін қолдануға:
1) ескерту жасауға;
2) сөгіс беруге;
3) осы Заңның 26-бабының 9) – 12) тармақшаларына сəйкес
жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
2. Осы Заңда көзделмеген тəртіптік жазалау шараларын
қолдануға жол берілмейді.
95 бап. Тəртіптік жазалар қолдану жəне оған шағым жасау
тəртібі
1. Тəртіптік жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша
түсініктеме талап етілуге тиіс.
2. Тəртіптік жаза теріс əрекет байқалған күннен бастап бір айдан
кешіктірілмей қолданылады жəне оны теріс əрекет жасалған
күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
3. Əрбір жолсыздық үшін бір ғана тəртіптік жаза қолданылуы
мүмкін.
4. Тəртіптік жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған
қызметкерлерге қол қойғызылып жарияланады.
5. Тəртіптік жаза қолданылған жағдайда жұмыс беруші
жасалған теріс əрекеттің ауырлығын, оның жасалу мəн-жайларын,
қызметкердің соның алдындағы мінез-құлқын, еңбекке көзқарасын,
сондай-ақ
тəртіптік
жазаның
жасалған
теріс
əрекеттің
ауырлығынан сəйкестігін ескеруге тиіс.
6. Тəртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген
тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
96 бап. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі
1. Тəртіптік жазаның қолданылу мерзімі оны қолданған күннен
бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер
жаңа тəртіптік жазаға тартылмаса, ол тəртіптік жазасы жоқ деп
есептеледі.
2. Қызметкерге тəртіптік жаза қолданған жұмыс беруші оны өз
бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының
өтініші бойынша, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің өтініш
жасауы бойынша мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
11 Т А Р А У
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ
97 бап. Еңбек дауларына қарау тəртібі
Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот
тəртібімен қаралады.
Еңбек
дауларын
соттарда
қарау
тəртібі
Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленеді.
98 бап. Еңбек дауларын қарайтын органдар жəне оларды
қарау тəртібі
Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы
қарауы мүмкін.
99 бап. Келісім комиссиясын ұйымдастыру жəне оның
құзыреті
Келісім комиссиясы тараптардың бірлескен шешімі бойынша
жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-
тең негізде құрылады.
Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясының, ұйымның
жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.
Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды.
Келісім
комиссиясын
ұйымдық-техникалық
жағынан
қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады.
Келісім комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен
хатшысын сайлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |