6. Уəкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар —
күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уəкілетті органда, ал
селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бір
рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінде
белгіленуге тиіс.
7. Уəкілетті орган жұмыс іздестіруге өтініш жасаған азаматтар
мен жұмыссыздардың аймақтық деректер базасын түзеді.
16 бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Уəкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас
тартқанда;
2) уəкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс
күні ішінде дəлелсіз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу
немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі
жұмыс күні ішінде дəлелсіз себептермен уəкілетті органға
келмегенде;
4) жұмыссыз уəкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық
жұмысқа қатысуды немесе оқуды дəлелсіз себептермен өз бетінше
тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 6-тармағында
көзделген уəкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дəлелсіз
себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе осы Заңның 2-бабына сəйкес
жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен
сотталғанда не сот шешімі бойынша мəжбүрлеп емделуге
жіберілгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес зейнетақы
тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сəйкес
есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап
отыз күнтізбелік күн еткен соң ғана уəкілетті органда
қайтадан тіркеле алады.
17 бап. Тіркелген жұмыссыздардың міндеттері
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) уəкілетті органдарға келіп тұрудың тəртібін, шарттарын жəне
мерзімдерін сақтауға;
3) уəкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мəселесі бойынша
жұмыс берушіге өтініш жасауға;
4) уəкілетті органға:
тұрғылықты жерін ауыстыруды;
тұрақты, уақытша маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық
сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кəсіпкерлік қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан,
ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
зейнетақы тағайындауды жəне өзге де табыстарды қоса алғанда,
жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тəртібіне ыкпал ететін
өзгерістер туралы мəліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күні ішінде)
табыс етуге міндетті.
2. Жоғарыда аталған мəліметтерді жасырған немесе көрінеу
жалған мəліметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен
жағдайда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады жəне Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сəйкес жауапқа тартылуы мүмкін.
18 бап. Лайықты жұмыс
1. Тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кəсіби даярлығына,
еңбек стажына жəне бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс
тəжірибесіне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа
жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сəйкес келетін жұмыс лайықты
жұмыс деп есептеледі. Көліктің қолайлылығын тиісті атқарушы орган
айқындайды.
2. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кəсібі (мамандығы)
жоқ сондай-ақ, екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған
адамдар үшін — алдын-ала кəсіптік даярлықты талап ететін
жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда,
азаматтардың жас жəне өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы
заңдардың талаптары ескерілетін басқа ақы төленетін жұмысты
(уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп
есептеуге болады.
19 бап. Жұмыссыздарды кəсіби даярлау, олардың
біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау
1. Жұмыссыздарда қажетті кəсіби біліктілігінің болмауына
лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, уəкілетті орган
оларды кəсіби даярлықтан өтуге, біліктілігін арттыруға жəне қайта
даярлауға жібереді.
2. Жұмыссыздарды кəсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру
жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен еңбек
рыногының қажеттілігі ескеріле отырып, республикалық жəне
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен уəкілетті органның
жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында не білім беру
қызметіне құқығы бар кəсіпорындарда жүргізіледі.
Кəсіби даярлықтан, біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан
өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың
Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес мемлекеттік атаулы
көмек алуға құқығы бар.
3. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар кəсіби даярлықтан,
біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан басым тəртіппен өту
құқығына ие болады.
4. Оқуды өз бетінде дəлелсіз себептермен тоқтатқан
жұмыссыздар уəкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап
бip жыл өткеннен кейін ғана оқуға қайтадан жіберуі мүмкін.
20 бап. Қоғамдық жұмыстар
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық жəне жергілікті
атқарушы органдар ұйымдастырады жəне олар республикалық
жəне жергілікті бюджеттердің қаражатынан жəне жұмыс
берушілердің
өтініші
бойынша
солардың
қаражатынан
қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тіркелген
күніне сəйкес кезекшілік тəртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы
топтарға кірген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым
тəртіппен қатыcy құқығы бар.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дəлелсіз себептермен өз
бетінше тоқтатқан жұмыссыздар уəкілетті органда қайтадан
тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық
жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |