3 Т А Р А У
ЕРЕУІЛДЕР
11 бап. Ереуіл өткізу туралы шешім қабылдау
1. Егер еңбек дауын бітістіру рəсімдері көмегімен шешу мүмкін
болмаса, ереуіл өткізу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
2. Ереуіл өткізу туралы шешім еңбек ұжымының жиналысында
(конференциясында) қабылданады жəне егер сол еңбек ұжымы
мүшелерінің (конференция делегаттарының) кемінде үштен екі
бөлігі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
3. Ереуілді еңбек ұжымы уəкілдік берген орган (ереуіл комитеті)
басқарады. Бірнеше еңбек ұжымы бірдей талаптармен ереуіл
жариялаған жағдайда оны сол ұжымдар өкілдерінің бірдей санынан
құралатын біріккен орган басқара алады.
4. Epeyiлгe қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға ешкімді
мəжбүр етуге болмайды.
12 бап. Ереуілдің басталатыны туралы ескерту
1. Ереуілдің басталатыны жəне оның ықтимал ұзақтығы туралы
уəкілетті орган жұмыс берушіні оның жариялануына дейін
күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге тиіс.
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде мыналар көрсетіледі:
— тараптардың ереуіл жариялауға жəне өткізуге негіз болған
келіспеушіліктерінің тізбесі;
— ереуілдің басталатын күні мен уақыты, орны, оның ұзақтығы
жəне қатыcушылаpдың болжамды саны;
— ереуілдің басқарушы органның атауы, бітістіру рəсімдеріне
қатысуға уəкілдік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;
— ереуіл өткізу кезеңінде aтқарылатын жұмыстар (қызметтер)
минимумы бойынша ұсыныстар.
3. Жұмыс беруші өнім жеткізушілерді, тұтынушыларды, көлік
ұйымдарын, жұмысқа тапсырыс берушілерді, сондай-ақ басқа да
мүдделі тұлғаларды ереуіл жариялануы ықтимал екені жайында
дереу ескертуге міндетті.
13 бап. Ереуілді басқарушы органның өкілеттігі
1. Ереуілді басқарушы орган өзіне осы Заңмен берілген
құқықтар шегінде жəне өзіне еңбек ұжымы беретін өкілеттік
негізінде ic-қимыл жасайды.
2. Ереуілді басқарушы органның;
— ереуіл жасаушы ұжым алға қойған талаптарды шешу
мəселелері бойынша жұмыс берушімен, мемлекеттік кəсіподақ өзге
де заңды жəне лауазымды тұлғалармен арадағы өзара қарым-
қатынастарда еңбек ұжымының мүдделерін білдіруге;
— еңбек ұжымының мүдделерін көздейтін мəселелер бойынша
жұмыс берушіден ақпарат алуға;
— еңбек ұжымы талаптарының қаралу барысын бұқаралық
аппарат құралдарында көрсетуге;
— ұжымдық еңбек дауын шешу мəселелері бойынша жұмыс
берушімен келіссөз жүргізуіне;
— ереуіл жасаушы ұжымның даулы мəселелер бойынша
қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға;
— еңбек ұжымының келісімімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы
бap. Ереуілді қайта бастау үшін дауды бітістіру комиссиясының,
делдалдың немесе еңбек төрелігінің қайта қарауы талап етілмейді.
Жұмыс беруші мен еңбек дауларын реттеу жөніндегі орган
ереуілдің қайта басталғандығы жөнінде кем дегенде үш жұмыс
күнінен кешіктірмей ескертуге тиіс.
3. Ереуілді басқарушы органның өкілетті ұжымдық еңбек
дауына қатысушы тараптар оны реттеу туралы келісімге қол қойған
жағдайларда, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайда
тоқтатылады.
4. Ереуілді басқарушы органның өз өкілеттігін жүзеге асырған
кезде жұмыс берушінің мемлекеттік органдар мен қоғамдық
бірлестіктердің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдауға
құқығы жоқ.
14 бап. Заңсыз ереуілдер
1. Ереуілдер:
1) саяси себептер бойынша, соның ішінде конституциялық
құрылысты өзгертуді, мемлекеттік органдарды шақыруды,
таратуды немесе олардың қызмет тəртібін өзгертуді, олардың
басшыларының орнынан түсуін талап ететін, сондай-ақ ұлттық
жəне нəсілдік теңдіктің бұзылуына, елдің аумақтық тұтастығының
өзгеруіне əкеп соғатын талаптар қойылатын болса;
2) осы Заңның 2-6 баптарының ережелері сақталмай
жарияланса, осы Заңның 11,12 жəне 16 баптарының талаптарын
бұза отырып бастаса немесе жалғастырылса заңсыз деп танылады.
2. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді заң актілеріне
сəйкес сот қабылдайды.
3. Сот ереуілді заңсыз деп тану туралы істі жүргізуге жұмыс
берушінің, жергілікті атқарушы органдардың немесе тиісті
прокурордың талабы бойынша қабылдайды.
4. Сот істі талап арыз берілген күннен бастап күнтізбелік он
күннен аспайтын мерзімде қаpayғa тиіс.
5. Соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімі еңбек
ұжымын оны өткізбеуге немесе тоқтатуға, ереуілді басқарушы
органға сот шешімінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін бip
тəуліктен кешіктірмей жұмысқа қайта кірісуге міндеттейді.
6. Ереуілді басқарушы орган заңдарда белгіленген тəртіппен
соттың шешіміне шағым жасауға құқылы.
15 бап. Ұйымның ic-қимыл қабілетін қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттер
Жұмыс беруші, жергілікті атқарушы органдар, ереуілге
қатысушы еңбек ұжымы жəне ереуілді басқарушы орган ұйымның
ic-қимыл қабілетін, оның мүлкінің сақталуын, заңдылық пен
қоғамдық тəртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті
шаралар қолдануға міндетті.
16 бап. Ереуілдерге шек қою
1. Ереуілдерге:
— олар адамдардың өмipi мен денсаулығына нақты қатер
төндіретін жағдайларда;
— жұмысының тоқтап қалуы ауыр да қayiптi зардаптарға əкеп
cоғатын теміp жол көлігі, азаматтық авиация, байланыс
ұйымдарында, үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
— Республиканың қорғаныс қабілетін, құқық тəртібі мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтын
ұйымдарда;
— заң актілерінде кезделген өзге жағдайларда жол берілмейді.
2. Халықтың өмip сүруі қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдарда
(қоғамдық көлік осы баптың 1 тармағында көрсетілгеннен басқасы,
сумен, электр энергиясымен, жылумен жабдықтауды қамтамасыз
Достарыңызбен бөлісу: |