Ахметов А., Ахметова Г


  бап.  Еңбек  дауын  қарау  тəртібі,  шешімнің  қабылдануы



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет101/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134

100  бап.  Еңбек  дауын  қарау  тəртібі,  шешімнің  қабылдануы 

мен орындалуы 

Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен 

бастап үш күн мерзімде қарайды. Оны қарау нəтижелері бойынша 

келісім  комиссиясының  шешімі  қабылданып,  арыз  берушіге 

беріледі.  Келісім  комиссиясының  арыз  берушінің  талабын 

қанағаттандырған  шешімін  қарсы  тарап  үш  күн  мерзімде 

орындайды. 

101  бап.  Қызметкерлерді  еңбек  істері  бойынша  сот 

шығындарын төлеуден босату 

Қызметкерлер  еңбек  құқықтық  қатынастарынан  туындайтын 

талаптар бойынша сотқа жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне 

сот  шығындарын  (мемлекеттік  баж  бен  істің  қаралуына 

байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады. 

 

 



12  Т А Р А У

 

 



ОСЫ ЗАҢНЫҢ CAҚTAЛУЫH БАҚЫЛАУ

 

 

102 бап. Еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылау  

Осы  Заңның  жəне  еңбек  туралы  өзге  де  нормативтік  құықтық 

актілердің  сақталуын  бақылауды  Қазақстан  Республикасының 

Yкімeтi  бекіткен  Ережеге  сəйкес  еңбек  жөніндегі  уəкілетті 

мемлекеттік  органның  мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  жүзеге 

асырады.  

 

103  бап.  Бақылауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  еңбек 



инспекторларының кұзыреті  

Осы  Заңға  сəйкес  еңбек  жағдайларының  сақталуын  бақылауды 

жүзеге 

асыратын 



мемлекеттік 

еңбек 


инспекторларының 

құзыретіне:  

1)  ұйымдарда  осы  Заңның  жəне  еңбек  қатынастарын  реттейтін 

өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілердің  сақталуын  шағымдарды 

тексерулер мен зерттеулер арқылы бақылауды жүзеге асыру;  

2)  еңбек  туралы  заңдардың  бұзылу  себептерін  анықтау  жəне 

талдау;  

3)  осы  Заңның 105 бабына  сəйкес  бақылаудың  нəтижелері 

бойынша ұйғарымдар беру;  



4)  еңбек  туралы  заңдардың  сақталуын  бақылаудың  нысандары 

мен əдістерін жетілдіру мəселелері жөніндегі шараларды əзірлеу;  

5)  құқық  қорғау  органдарымен  жəне  басқа  да  мемлекеттік 

органдармен өзара ic-қимыл жасау енеді. 

  

104  бап.  Бақылауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  еңбек 

инспекторларының құқықтары  

Ұйымдарда  еңбек  туралы  заңдардың  сақталуын  бақылауды 

жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторларының:  

1)  осы  Заңға  сəйкес  еңбек  жағдайларының  сақталуын 

бақылауды  жүзеге  асыру  мақсатында  тексеру  жүргізу  туралы 

белгіленген  тəртіппен  ресімделген  қаулыны  көрсеткен  жағдайда 

ұйымдарға баруға;  

2)  қызметкер  мен  жұмыс  берушіден  осы  Заңда  көзделген 

құжаттар мен мəліметтерді алуға;  

3)  тəртіп  бұзушылық  туралы  актілер  жасауға,  осы  Заңның 

бұзылуын  жою  туралы  ұйғарымдар  беруге,  сотқа  талап  арызын 

беруге;  

4)  анықталған  еңбек  туралы  заңдардың  бұзылуына  арналған 

құжаттарды  ресімдеу  кезінде  белгіленген  үлгідегі  фирмалық 

бланкілерді, мөртаңбаларды пайдалануға құқығы бар. 

  

105  бап.  Мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  беретін 



ұйғарымдардың түрлері  

1. 


Еңбек 

туралы 


заңдардың 

талаптары 

бұзылуының 

aнықталуына  қарай  бақылаудың  нəтижелері  бойынша  нақты 

құқықтық  ықпал  ету  шараларын  қолдану  мақсатында  мемлекеттік 

еңбек 


инспекторлары 

осы 


Заңда 

қарастырылған 

еңбек 

жағдайларының  анықталған  бұзылуын  жою  туралы  ұйғарым 



береді.  

2.  Ұйғарымдардың  нысандары  мен  оларды  беру  тəртібін  еңбек 

жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган белгілейді.  

 

106  бап.  Мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  берген 



ұйғарымдарды орындаудың міндеттілігі  

Еңбек  туралы  заңдар  талаптарының  сақталуын  бақылауды 

жүзеге  асыратын  мемлекеттік  еңбек  инспекторлары  берген 

ұйғарымдар меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың 

орындауы үшін міндетті.  



 

107 бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының ic-əрекетіне 

шағым жасау  

Мемлекеттік  еңбек  инспекторларының    ic-əрекетіне  заңдарда 

белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.  

Шағым  жасалу  берілген  ұйғарымдардың  орындалуын  тоқтата 

тұрмайды. 

  

108 бап. Қоғамдық бақылау  

Қызметкерлердің  өкілдері  өздері  мүдделерін  білдіретін 

қызметкерлердің  жеке  еңбек  ұжымдық  шарттары  талаптарының 

орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 

  

109  бап.  Еңбек  туралы  заңдардың  бұзылғаны  үшін 

жауаптылық 

Еңбек  туралы  заңдардың  бұзылуына  кінəлі  адамдар  Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауап береді. 

  

XAЛbIҚTbI ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ТУРАЛЫ



 

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 

23 қаңтар №149-II 

  

Осы  Заң  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  құқықтық 



экономикалық жəне ұйымдық қатынастарды реттейді. 

  

1  Т А Р А У 



 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

1 бап. Heгiзгi ұғымдар 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  

1) жұмыссыздық — экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 

бір бөлігінің еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты 

əлеуметтік-экономикалық құбылыс;  

2)  жұмыссыздар — жұмысы,  табысы  (кірісі)  жоқ,  лайықты 

жұмыс іздеп жүрген жəне оған кipiciп кетуге əзір, еңбекке жарамды 

жастағы азаматтар;  

3) бос орын — жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);  




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау