142
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Жеңілатлетикамен, гимнастикамен, акробатикамен, ауыр атлетикамен, тау
шаңғысымен шұғылданушы спортшылардың білезік, тобық, тізе буындарын
амплитудалы қозғалыстарға баппен үйрету, оларды аурулардан сақтандырудың
жолы болып табылады. Спортшыларды қол-аяққа жұмсақ қонуға, отыра кетуге
дұрыс үйреткен маңызды. Осындай амалдарды орындай алмаса, буын шеміршектері
жаншылады және жарылады. Секіргенде, жүгіргенде, итергенде дененің
аммортизациясын қамтамасыз ету керек. Қонатын жерге сапалы маттарды,
шұңқырларға поролон төсеу, жүгіріс жолдарына серпімді заттар, спорттық аяқ
киімге серпімді ұлтандар, супинаторлар салу маңызды профилактикалық шаралар.
Буындар жарақаттарына байламдарының зақымданулары, толық және
жартылай шығу, тізе менискі мен шеміршегінің бүлінулері жатады. Буын
байламдарының жарақаттары жиі кездеседі және қозғалысының амплитудасы
шегінен артық болуымен байланысты. Шектен артық амплитудалы қозғалыс буын
байламдарының бір жағын өте қатты тартады. Әдетте осы байламдар фиброзды
капсуласымен қосылып буын қозғалыстарын белгілі бір жерге дейін шектейді, ал
қозғалыс шектен ары қарай жүре берсе буын ұштары ығысып кетеді. Тізе мен тобық
буындарының байламдары жиірек, ал иық пен шынтақ буындарының байламдары
сирегірек жарақаттанады. Тізе буынының ішкі бүйір байламдары жиірек, ал сыртқы
бүйір және крест тәрізді байламдары сирегірек зақымдалады. Сан қозғалыссыз
тұрған кезде тілерсек сыртқа кенеттен әкетілсе ішкі байламдар жарақатаннады, ал
сырттан әкелінсе сыртқы байламдар жарақаттанады. Ішкі бүйір байламының
жарақаттануы футболшыларға, шаңғышыларға, балуандарға және гимнасшыларға
тән. Тізе буынының ішкі бүйір байламының созылып кетуі, басқа байламдарының
созылып кетуіне қарағанда, жиірек кездеседі және ішкі мениск пен буын капсуласы
созылуымен қабаттасады. Тізе буынының крест тәрізді байламдары аяқ қатты
жазылған, аяқпен допты қатты тепкен, тілерсекті әкеткен және ішке қарай кенеттен
бұрған жағдайда жарақаттанады.
Тобық буыны байламдары спортшыларда, әдетте, аяқ басының ішке қарай
бұралып кетуінен пайда болады да, «өкше–кіші жіліншік» байламы зақымдалады.
Алға қарай созылған қолдарды тірей жығылса, шынтақ буынының байламдары
жарақаттанады. Иық буынының байламдары мен капсуласының жарақаты ішке
қарай бұралып кеткен қолға жығылса пайда болады.
Байламдар жарақаты ауырлығының үш дәрежесін айырады. Бірінші
дәрежесіне байламдар коллагені бүлінбей ғана созылғаны жатады. Мұндай созылу
шамалы ауырсынғандықпен, қанталаумен, жұмсақ тіндердің ісінуімен білінеді.
Спорттық қызметтік қабілеттіліктің төмендеуіне бұл әсер етпейді. Екінші
дәрежесінде
байлам
талшықтарының
біршамасы
үзіледі
де,
өткір
ауырсынғандықпен, қанталаумен, буын функциясын бұзатын буынның қанды
ісігімен немесе гемартрозбен білінеді. Үшінші дәрежесі байламның толық үзілуімен
сипатталады да, өте қатты ауырсынумен, қанды ісікпен айқындалады. Буын
функциясы бұзылса, аяқ-қолдың вертикальды діңгегі өзгереді. Кейбірде байлам
сүйекке жабысқан жерінен үзіледі, сонда байлам сүйектің бір шетімен бірге кетеді.
Алғашқы жәрдем ретінде хлорэтил себіледі, мұз басылады, қысып таңылады,
шинамен иммобилизацияланады. Ары қарай консервативті әдістермен емделеді, ал
байлам толық үзілген болса ота жасалады. Массаж бен емдік жаттығулар
қолданылады. Спорттық еңбекке жарамсыздық І дәрежесінде 1-2 апта, ІІ
дәрежесінде 2-4 апта, ІІІ дәрежесінде отадан соң 6-8 апта.
Сүйектер бетінің физиологиялық шегінен тайып кетіп, бір-біріне тимей
қалуын - шығу дейді. Шығу процесі әдетте, буын қабының, байламдарының
жыртылуымен, жұмсақ тіндерінің бүлінуімен сипатталады. Жартылай шығу буын
бастарының шамалы ауытқуымен сипатталады. Сүйек бастары тіндерін жыртып
143
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
шығып кетсе ашық шығу аталады да, өте ауыр жарақат болып саналады. Буынның
толық шығуы қозғалыс амплитудасы шектен артық болғанда немесе соққы сүйекке
тура тисе болады. Буын шыққанда өте қатты ауырсынғандық сезім туады, кейбірде
күртілдеген дыбыс естіледі. Аяқ-қол ыңғайсыз, мәжбүрлі қалыпқа келеді, ал оны
түзету үшін жасалған әрекеттер буынды қатты ауыртады және серпімді кедергі
келтіреді. Сау аяқ-қолмен салыстырғанда буын формасының өзгергені байқалады:
орынынан ауытқыған сүйек басы шодырайып шығып, ал оның әдеттегі орыны
шұңқыр болып тұрады.
Алғашқы жәрдем ретінде зақымдалған аяқ-қолды азаптанушыға ыңғайлы
қалыпқа келтіріп, толық қозғалыссыз ету керек. Ол үшін шина салып, жапа шегушіні
емханаға жібереді. Шыққан буынды сол жерде салуға болмайды, себебі ондай
әрекеттер асқынуларға әкеледі. Шыққан буынды салған соң гипспен
иммобилизациялайды. Гипс таңғышы бар кезде де, әсіресе оны алып тастағаннан
кейін емдік жаттығулар, массаж, физиотерапия, дәрі-дәрмектер беріледі.
Машықтануды толық жазылған соң бастайды. Спорттық еңбекке жарамсыздық
мерзімі 6-8 апта.
Тізе буынының ішкі жарақаттары ішінде менискілерінің үзіліп және жұлынып
кетуі жиі кездеседі. Тізе буынының менискілері серпімді аммортизатор рөлін
ойнайтын талшықты-шеміршекті құрылымдар. Тізе буынының екі түрлі менискісі
бар: латеральды және медиальды. Медиальды мениск латеральды менискімен
салыстырғанда 9-10 есе жиі зақымдалады. Зақымданудың механизмі мынадай:
тілерсектің шапшаң жазылуы; биіктіктен түзу аяқтарға түсу. Осы жағдайларда
менискілер ортан жілік айдаршықтарының арасында жаншылып қалады. Мениск
жарылып кетсе, қатты ауырсынғандықтан шок пайда болады. Қан құйылып кетсе,
тізе буыны ісіп кетеді және бүгіліп қалады, қозғалыстар өте қатты ауырсыну сезімін
туғызады. Жұлынып кеткен менискінің бөлшектері ішіне қарай кіріп және қысылып
қалса, белсенді қимылдар түгіл, енжар қимылдар мүмкін болмай қалады, демек
буынның «блокадасы» туады (аяқ жазылмайды). Осындай «блокада» ұзақ немесе
қысқа мерзімге сақталады. Жіті жарақаттан соң тізе буынының блокадасы жиі
қайталана беруі мүмкін. Алғашқы көмек тізеге суық қою, қысып таңу,
иммобилизация жасау. Аяқты күштеп созуға болмайды, сондықтан оны бүгілген
қалыпта иммобилизациялайды. Мениск зақымдарын емдеудің ұтымды жолы ота
жасау, жаншылған менискіні алып тастау. Алынған мениск орыны кейіннен
синовиальді қабықтың функционалдық метаплазиясы есебінен толады. Шамалы
зақымдарында консервативті емдеу әдістері де жақсы нәтиже береді: 10-12 күнге
гипстен лонгета, физиотерапия, емдік жаттығулар, 3-5 күннен соң массаж.
Ота жасау әдісімен емделген соң спортшы сабақтарына 2,5-3,5 айдан кейін, ал
консервативті әдісімен емделген соң 3-4 айдан кейін кіріседі. Алдын алу
шараларына, менискілер зақымдары қандай жағдайларда туатынын спортшыларға
түсіндіру, дене жаттығулары техникасын жетік меңгеру және машықтандырушы
процесті ұтымды ұйымдастыру жатады.
Буын шеміршектерінің жарақаттары жеңілатлеттерде, гимнасшыларда,
акробаттарда және тағы басқа спортшыларда, секіріп барып жерге қонған кезде
пайда болады. Әдетте тізе мен тобық буындарының шеміршектері жарылады.
Штанганы кеудеге алу үшін өте терең отыра кеткен кезде, жеңілатлетикада секіріп
барып жерге қонған кезде, буындар шегіне дейін бүгіліп, тізе және тобық буындары
шеміршектерінің шеттері жаншылады. Білезік буындары шеміршектерінің
жаншылуы, жарылуы гимнастар қол басын сыртқа қарай асыра жазған кезде болады.
Шеміршектер жарақаттанған сәтте спортшы кенеттен ауырсынады, сонан соң
бірнеше күн бойы буынында ыңғайсыздық сезінеді, әдетте бой жазудан соң ол сезім
жоғалады. Жетінші немесе оныншы күнде жарақаттанған жер ауырады. Алдымен ол
Достарыңызбен бөлісу: |