138
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
миозин деп аталатын жиырылғыш белоктарының талқандалуымен және қайта
құрылуымен іске асады. Қарқынды да, ұзақ та жұмыстарда бұлшық еттердің
жиырылғыш белоктары босаңсу кезінде толық қайта құрыла алмайды, физикалық-
химиялық процестері бұзылады, қимыл бірліктерінің қозғыштығы мен
құбылмалылығы өзгереді. Осылардың нәтижесінен бұлшық ет босаңси алмай ұзақ
уақыт құрысқан қалпында қалады да, гиалинді дистрофияға немесе нәрсізденуге
ұшырайды. Миогелозға ұшыраған бұлшық етте ыңғай ауырып тұратын тығыз
беріштер пайда болады. Беріштенген бұлшық еттің серпімділігі нашарлайды,
босаңси алу қабілеті төмендейді, күші азаяды, қозғалыстары құрсауланады.
Миогелоз пайда болған кезде спортшының машықтану процесіне тиісті түзетулер
енгізілуі керек. Егерде бұлшық ет аппараты ары қарай аса қатты жүктеле берсе,
бұлшық еттердің физиологиялық жаңаруы онан сайын бұзыла береді. Сонда бұлшық
ет талшықтарының талқандалуы жеделдейді, ал элементтерінің қайта құрылуы
тоқтайды. Талқандалған талшықтар орынына дәнекер ұлпа толады да, миофиброз
деп аталатын ауру дамиды.
Миофиброз дамыған бұлшық еттерде сопақша келген тығыз денелер білінеді.
Бұлшық еттің дәнекер ұлпасынан пайда болған тығыз денелер өз бетімен
жоғалмайды және соның әсерінен мүшенің күші мен серпімділігі елеулі төмендейді,
қимылдар амплитудасы шектеледі. Миогелоз бен миофиброз процестері дамыған
жағдайда машықтану сабақтарын тоқтату немесе жүктемелерді азайту керек.
Емдеуге неше түрлі физиотерапиялық процедуралар, дәрі-дәрмектер қолданылады.
Миозиттен, миогелоздан және миофиброздан сақтандыру үшін машықтану процесін
ұтымды ету, суыққа ұрынбау, жүктемелердің қарқынын төмендету, аса жүктенген
бұлшық еттерді қыздыру, массаж жасау, қанайналымын күшейтіп, зат алмасу
өнімдерін жақпа майларды қолдану арқылы шығару керек.
Сүйектендіргіш миозит - бұлшық еттің қан қүйылған жерінің сүйектенуі.
Әдетте бұлшық етке қан құйылса сіңіп кетеді. Кейбір жағдайда қан тінге сіңбейді.
Қан тұрып қалған жерге дәнекер ұлпа мен ізбес тұздары жиналады және сүйек
жасушалары өседі. Сүйек тінінің пайда болуы дәнекер ұлпа жасушаларының
остебластарға айналуымен түсіндіріледі. Остеобластар бұлшық ет тініне кіріп, оны
сүйектендіреді. Сүйектендіргіш миозит спортшыларда қол қары және қол қарының
екі басты бұлшық еттерінің дистальды бөлімдерінде, санды әкелуші бұлшық еттің
жоғарғы үштігінде, тілерсекті жазушы төрт басты бұлшық етте жиі пайда болады.
Бұлшық ет сүйектенуінің бір себебі – олардың жарақаттарының дұрыс емделмеуі.
Жазылмаған жарақатқа массажды ерте қолданса, қыздыру процедураларын шамадан
артық жасаса, ал қимыл қозғалыстар осы кезде аз болса, сүйектену жүреді.
Сүйектенгенінің белгісіне жарақаттанған жердің қатая беруі, жақын жердегі буын
қимылдарының шектелуі жатады. Емдеу әдісіне сүйектене бастаған жерге қандай
болмасын тітіркендіргіш факторларды жолатпау. Сол үшін қолды немесе аяқты 2-3
аптаға гипспен иммобилизациялау керек. Гипс алынған соң емдік гимнастика және
физиотерапия беріледі. Алдын алу шараларына зақымдалған бұлшық еттегі қанды
ісікті міндетті түрде құрту, жылу процедуларын беруге абай болу, массажды ерте
жасамау,
керісінше, емдік жаттығуларын ерте және кең дәрежеде қолдану.
Паратенонит – сіңірлер маңайындағы майлы тіннің қабынуы. Сіңірлердің
қынабы жоқ учаскелері дәнекер ұлпамен муфта тәрізді қапталып тұрады. Сіңірден
қашықтаған сайын ол тығыздала береді. Қатты ширықтыратын жұмыста, әсіресе ол
салқынмен қабат келсе, борпылдақ дәнекер ұлпа зақымдалады да, онда ұсақ-ұсақ қан
құйылған нүктелер пайда болады және май қабаты ісінеді. Паратенонит бір
машықтану кезіндегі аса қатты жүктенуден де, ұзақ уақыт бойы аса қатты
жүктенуден де пайда болады. Бұл ауру жаттығу жағдайлары қиын, дайындығы
жақсы
спортшыларда
жиі
кездеседі.
Паратенонит
жүгірушілердің,