Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет30/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68

     
 
 
64 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Қазіргі заманғы Қазақстан - бұл  көпұлтты  және жартылай  конфессионалдық 
ел. Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық кеңістігі 
едәуір  кеңейіп,  түрленді.  Осыған  орай,  халықтың    діни  нанымының  деңгейі  өсіп, 
діни бірлестіктердің саны төрт еседен астам көбейді. 
Қазақстан  Республикасы  әрбiр  адамның  наным  бостандығы  құқығын 
құрметтейтiн  демократиялық,    зайырлы  мемлекет  болып  табылады,  азаматтар  діни 
сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін 
дiндердiң  мәдени  және  тарихи  құндылығын  және  конфессия  аралық  келiсiмнiң 
маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.  
Елімізде 
1992 
жылдың 
15 
қаңтарында 
қабылданған 
Қазақстан 
Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң адам 
құқықтары  туралы  халықаралық  актiлер  мен  келiсiмдерде  баянды  етiлген 
азаматтардың  дiни  сенiм  бостандығы  жөнiндегi  құқықтарын  iске  асыруға  кепiлдiк 
береді. Аталған Заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының, сонымен 
қатар  басқа  мемлекеттердiң  азаматтары  және  азаматтығы  жоқ  адамдар  кез  келген 
дiндi  еркiн  ұстануға  немесе  ешқайсысын  ұстанбауға  құқылы,  құдайға  құлшылық 
жасауға,  дiни  жоралар  мен  рәсiмдерге,  дiндi  оқып-үйренуге  қатысуға  немесе 
қатыспауға оларды күштеп мәжбүр етуге жол  берiлмейдi.  
 Ата  дініміз  –  Исламға  да  еркіндік  берілді.  Әрине  халқымыздың  жастары 
тәуелсіздікке  қол  жеткізген  жылдардан  бастап  дін  ілімдерін  үйренуге  ден  қоя 
бастады. Қазақтың жастары бабаларымыздың жолын қуып ислам елдеріне ілім іздеу 
үшін  сапар  шегіп  те  үлгерді.  Сол  жастарымыздың  исламның  қазақ  қоғамының 
дәстүрлі  ұстанымы  мен  ерекшеліктеріне  ешбір  тұрғыдан  бөтендігі  жоқ  тәлімін 
үйреніп  келіп  жатқаны  баршылық.  Десек  те,  солардың  арасында  қазақтың  ұлттық 
құндылықтары  мен  ерекшеліктерін  мүлдем  жоққа  шығаратын  кейбір  араб,  парсы, 
пұштун  елдерінде  тәлім  алып  келген  жастарымыз  бар  екенін  айтпай  кетуге 
болмайды. Қазақты мүшрікке теңейтін араб елдерінен келген ұстаздар да егемендік 
алғаннан  кейінгі  жылдары  еліміздің  Алматы,  Шымкент  және  еліміздің  басқа  да 
қалаларында белсенді жұмыстар жасады. Қазақ атамыз: «іштен шыққан жау жаман»  
дейді  ғой.  Жоғарыда  айтып  өткен  басқа  дінді  немесе  секталарды  уағыздайтын 
миссионерлерге қарағанда, Исламның атын жамылып келіп жатқан уағызшылардың 
қаупі күштірек сияқты. Себебі, жалпы қазақтың қаракөздері басқа діннің және діни 
топтардың  уағызына  үрке  қарайды.  Көп  жағдайда  психологиялық,  әлеуметтік, 
қоғамдық  немесе  рухани  сияқты  түрлі  проблемаларға  душар  болып  жүрген  кісілер 
басқа  дінді  уағыздайтын  миссионердің  құрған  тұзағына  тұтылуы  мүмкін.     
Сондықтанда бүгінгі таңда діни сауатсыздық  діни ахуалға әкеліп отыр. Ислам дінін 
ұстанамыз деген көп жастарымыз өзге діннің етегіне еріп өз жанұяларынан қоғамнан 
тыс  өмір  сүруге  бейімделіп  отыруы  өоғамды  алаңдатып  діни  ахуалдың  күрделуіне 
алып  келіп  отыр.  Дін  туралы  заңдар  қабылданғанмен  жат  ағымдар  қолына  түскен 
бауырларымыз қаракөз қарындастаымыздың саны азаймай отыр.  
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  дiнге  деген  көзқарасына  қарамастан 
экономикалық,  саяси,  әлеуметтiк  және  мәдени  өмiрдiң  барлық  салаларында  заң 
алдында  бiрдей  жауапты.  Азаматтардың  дiнге  көзқарасына  қарай  олардың 
құқықтарын  тiкелей  немесе  жанамалап  шектеу,  қандай  да  бiр  артықшылықтар 
белгiлеу,  өшпендiлiк  пен  жеккөрушiлiк  туғызу,  азаматтардың  сезiмдерiн  жәбiрлеу, 
сондай-ақ,  қайсы  бiр  дiндi  ұстанушылар  қадiр  тұтатын  заттарды,  құрылыстар  мен 
орындарды  қорлау  т.б.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
жауапкершiлiкке тартылады. 3аңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де 
өз  діни  сенiмдерiн  себеп  етiп  азаматтық  мiндеттерiн  атқарудан  бас  тартуға  қақысы 
жоқ. 


     
 
 
65 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Дiни  наным  себебiмен  атқарылуға  тиiс  бiр  мiндеттi  екiншiсiмен  алмастыруға  тек 
қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi. 
Өз кезегінде, дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдардың 
сақталуын  бақылауды  және  қадағалауды  Қазақстан  Республикасының  атқарушы 
өкiмет  органдары,  прокуратура  және  басқа  да  құқық  қорғау  органдары  заңдарда 
белгiленген 
өз 
құзыретiне 
сәйкес 
жүзеге 
асырады. 
      Сонымен қатар, дiни сенiм бостандығы мен дiни бiрлестiктер туралы заңдардың 
бұзылуына  кiнәлi  лауазымды  адамдар  мен  азаматтар  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында 
белгiленген 
жауапкершiлiкке 
тартылады. 
Мысалы,  Қазақстан  Республикасы  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің 
375-бабының  1-бөлігінде  дiни  бiрлестiктер  басшыларының  бiрлестiктi  мемлекеттiк 
басқару  органдарында  тiркеуден  жалтаруы,  дiни  бiрлестiктiң  оның  жарғысымен 
(ережесiмен)  белгiленген  өз  мақсаттары  мен  мiндеттерiне  қайшы  келетiн  қызметтi 
жүзеге  асыруы,  саяси  партиялардың  қызметiне  қатысуы  және  оларға  қаржылай 
қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-
бағуды,  бас  бостандығынан  айыру  орындарына  баруды  қоспағанда,  дiни  бiрлестiк 
орналасқан  жерден  басқа  орында  дiни  iс-шаралар  өткiзу  ережелерiн  бұзуы,  дiнге 
табынушылар  мен  дiни  бiрлестiктер  мүшелерiнiң  дiнге  табынуға  қатысы  жоқ 
арнаулы  балалар  мен  жасөспiрiмдер  топтарын  ұйымдастырып,  жиындарын  өткiзуi, 
жеке  тұлғаларды  дiни  жоралғыларды  орындауға  немесе  өзге  де  дiни  қызметтерге 
қатысуға  мәжбүр  етуi  ескерту  жасауға  немесе  дiни  бiрлестiк  басшыларына  айлық 
есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты 
айға  дейiн  тоқтата  тұрып  немесе  қызметiне  тыйым  сала  отырып  не  жүзге  дейiнгi 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Аталған заң талаптарын орындау еліміздің 
әрбір азаматының парызы болып саналады. 
Ел боламын десең бесігіңді түзе деп дана бабамыз айтқандай,еліміздің ертеңгі 
тыныштығы,  бірлестігі  болашағының  басты  қағидасы  болғандықтан.  Тәуелсіздікке 
қол  жеткізгеннен  кейінгі  алғашқы  жылдарда  жас  мемлекет  –  Қазақстан  алдында 
экономика  мен  әлеуметтік-саяси  жағдайды  тұрақты  дамыту  басты  мәселе 
болды.Тұрақты  даму  үшін  ең  бірінші  тыныштық  ұлтаралық  бейбітшілік  қажет 
болды. Елімізде діни бірлестікпен татулықты нығайту үшін   діни заңдар қажеттілігі 
байқалды.  
Заң  енгізілген  бері    діни  ұйымдардың  саны    6  есеге  өскен.  Бүгінгі  таңда  
Қазақстан жерінде  4 мыңнан астам діни ұйымдар тіркелген, солардың ішінде 2337 
исламдық,  281православтық, 82 католиктік және 1189  протестандық ұйым бар. Әр 
ұйымның өзіндік қағидалары мен ұстанымдары бар. Елімізде  ислам және христиан 
діні кеңінен  таралған. Алайда өзге өкілдері көп болғандықтан, басқа ағымдарда етек 
алған. Мемлекетімізде   қандай дінді ұстанамын деседе әр азаматтың құқы бар. 
2011  жылдың  11  қазанында  қабылданған  ҚР  «Діни  қызмет  және  діни 
бірлестіктер  туралы»  Заңының  преамбуласында  тәуелсіздік  алған  жылдардан  бері 
тұңғыш  рет  Қазақстан  үшін  дәстүрлі  болып  саналатын  діндердің  басымдылығы 
көрсетілді.  Аталған  құжатқа  сәйкес,  мемлекет  халықтың  рухани  өмірі  мен 
мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен православие дінінің тарихи 
рөлін  мойындайды,  сондай-ақ  Қазақстан  халқының  рухани  мұрасымен  үйлесетін 
барша өзге діндерді құрметтейді көрсетіледі.  
Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  өздерін  мұсылман  санағанымен,  бұл 
басқа  діни  сенім  иелерінің  толық-қанды  іс-әрекет  жасауына  кедергі  келтірмейді. 
Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар  санының өсуі дәлел бола алады. Тәуелсіздік 
алғаннан  бері  православиелік,  католиктік  және  протестанттық  қауым  саны 
біршамаға  артты.  Сондай-ақ  иудейлер  мен  буддистердің  ұйымдары  да  қызмет 
жасайды. 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау