41
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Географиялық зерттеулерде статистикалық мәліметтер матрицасы әртүрлі
деңгейде өңделіп, қолданылады. Солардың ішінде ранг үлгісінің әдісін пайдалану
[1]. Рангтерге жіктеу әдістемесі ең алдымен экономикалық және әлеуметтану
ғылымдарында қолданылды. ХХ ғасырдың 70-шы жылдары барлық ғылым
салаларына математикалық әдістердің кеңінен енуімен түсіндірілетін «Сандық
революция» басталып, осы кезеңде география ғылымдарында рангтерге жіктеу
үлгілеумен қатар енді. Географиядағы жүйелік ұғымдар мол сандық көрсеткіштерді
жүйелеу, топтастыруда рангтерге жіктеуді қажет етеді. Дәл осы кезеңде америкалық
ғалымдар Р.Чорли, Б. Кеннеди өз еңбектерінде рангтерге жіктеуді алғаш рет
географиялық жүйелерді зерттеуге пайдалану әдістерін жариялады
[2].
Жоғары оқу
орындары мен мектеп географиясына экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштерді
рангтерге жіктеу әдісі арқылы топтастыруды алғаш рет ресейлік географ В.Н.
Холина енгізген
[3].
Қазіргі кезде бұл әдісті көптеген географиялық құбылыстар
мен объектілердің
сандық көрсеткіштерін өңдеуге пайдаланады. Қазақстанда рангтерге жіктеу
география саласында өте сирек қолданылады. Көбінесе бұл әдіс экономикалық
зерттеулерде және қоғамдағы белгілі бір құбылыстар мен объектілердің орнын
көрсету үшін, мысалы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рангтерін анықтау
және т.б.
Рангтерге жіктеу әдістемесі. Кейде бұл көрсеткіштер әртүрлі топқа жатады:
халыққа қатысты немесе экономикалық деректер, тіпті жердің ауданына байланысты
мәліметтерді салыстыруға тура келеді. Бұл салыстыруды күрделендіріп, нәтиже
алуымызды қиындатып жібереді. Сол үшін әртүрлі саладағы көрсеткіштерді
салыстыру Рангтерге жіктеу әдістемесінің көмегімен жеңілдетіп жүзеге асырылады.
Бұл әдістеме әртүрлі көрсеткіш бойынша нақты рангтерін анықтау арқылы оларды
салыстыра аламыз. Алдымен көрсеткіштер берілген жинақталған кесте
құрастырылып, жинақталған мәліметтер негізінде қанша рангке бөлетінімізді
анықтаймыз. Мысалы, 3 рангке жіктейміз десек, әр көрсеткіш бойынша 3 ранг
бойынша анықталады, яғни интервалды анықтаймыз: Х=
max-min
3
Мұндағы max – көрсеткіштің максимум шамасы, min – көрсеткіштің минимум
шамасы, х – интервал. Осылайша, алынған статистикалық мәліметтер бойынша қай
уақытта болғанына байланысты рангтері анықталады.
1) min көрсеткіштен у (min-х)
көрсеткішке дейін;
2) у көрсеткіштен z (у-х) көрсеткішке дейін;
3) z көрсеткіштен max көрсеткішке дейін.
Нәтижесінде, рангтер кестесі жасалады.
Матрицаны өңдеудің келесі сатысы рангтер жиынтығын анықтау және
айырмаларын салыстыру болып табылады.
Жіктеу үлгілері. Қазіргі кезде географиялық зерттеулерде жіктеу үлгілері
кеңінен қолданыла бастады, олар ақпаратты жинақтап, ретке келтіру арқылы оны
талдауға мүмкіндік береді. Мұндай үлгілер құрастыру географиялық деректер
матрицасын жасауды қажет етеді. Матрица бағана-вектор (а
1
, а
2
, а
3
) қызметін
зерттелетін аумақтық бірліктер (аудан, облыс, ел және т.б.) атқарады, ал көлденең-
вектор (а
12
, а
13
және т.б.) – әрбір аумақтық бірлікті сипаттайтын көрсеткіштер.
Кесте 1 - Географиялық деректер матрицасының макеті [4]
Аумақтық
бірліктер
Көрсеткіштер
а
1
а
11
а
12
а
13
а
14
а
15
а
2
а
21
а
22
а
23
а
24
а
25
а
3
а
31
а
32
а
а
34
а
35