Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет42/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51

92 
 
шараларын  жүргізудің  ұтымды  критерийлері  талданды.  Анықтаушы 
эксперимент қорытындысы төмендегідей нәтижені берді (сурет 4): 
 
 
 
Сурет - 4 Анықтаушы эксперимент қорытындысы 
 
Алынған  статистикалық  мәліметті  талдай  отырып,  студенттердің 
сауалнамаға  жауап  беруіне  қарай,  үш  деңгейге  жіктедік:  жоғары,  орта  және 
төмен.  Сауалнама  нәтижесі  бойынша  студенттердің  жоғары  деңгейде  жауап 
бергендері  30%  құрады.  Мұнда  жауаптардың  ақиқатқа  жақындығы  мен 
олардың  толықтығына  баса  назар  аударған  болатынбыз.  Студенттердің 
сұрақтарға  берген  жауаптары  біздің  көңілімізден  шықты.  Әсіресе,  Қазақстан 
жыландарының  биоэкологиялық  ерекшеліктері,  олардың  табиғат  пен  адам 
өміріндегі  маңыздылығы,  жануарлар  дүниесі  туралы  білімнің  қажеттіліктерін 
ашып сипаттап жазу т.б. негізінде белгілі болды.  
Осы  жағдайларға  сүйене  отырып  және  тақырыбымызға  байланысты 
ғылыми  еңбектерге  негіздеуді  көздеп,  біз  эксперименттік  жұмысымыздың 
қалыптастырушы кезеңіне көштік. 
Қалыптастыру экспериментіне дайындық бірнеше бөлімнен тұрды. 
Ең  алдымен  cтуденттердің  дала  практикасы  кезінде  орындайтын 
жұмыстарының мазмұны мен әдіс-тәсілін іріктеуден басталды: 
- студенттерге  берілетін  өлкелік  компоненттің  теориялық  мазмұнын 
дайындау; 
- өлкелік  компонентті  жүзеге  асыруға  керекті  дала  практикасының 
жоспарын жасау; 
- дала  практикасы  кезінде  жыландарды  зерттеудің  әдістерін  ұсыну 
(тапсырмалар  мазмұны,  бақыланатын  нысандар  тізімі,  анықтағыш  құралдар, 
зерттеуге керекті құралдар т.б.);  
- дала практикасы кезінде берілетін өзіндік тапсырмалардың мазмұны
30% 
40% 
30% 
жоғары 
орта 
төмен 


93 
 
- студенттердің әдебиеттермен атқаратын жұмыстарының мазмұны; 
- өзіндік  жұмыс  түрлерін  қорытындылау  және  тұжырымдау  жолдарын 
көрсететін материалдар. 
Екінші 
кезекте 
дала 
практикасында 
жиналған 
материалдарды 
аудиториялық  сабақтарда  (дәріс,  сарамандық,  лабораториялық)  қолданудың 
әдіс-тәсілдерін ұсыну: 
- дала  практикасында  жиналған  материалдарды  студенттердің  өздігінен 
пайдалануы; 
- көрнекі  құралдар  (террариумдағы  жылан  түрлері,  жыландардың 
суреттері,  ылғалды  препараттар,  бейне  фильмдер,  физикалық  географиялық 
карта,  кескін  карта  т.б)  пайдалану  арқылы  студенттердің  өздігінен 
бақылағандарын актуальдап, естеріне түсіру арқылы көз алдарына елестету
- әдебиеттермен және анықтағыштармен жұмыс; 
- студенттердің  шығармашылық  жұмыстарын  ұйымдастыру  (эссе  жазу, 
реферат және баяндама орындау т.б.); 
- студенттердің өздігінен бақылаған нысандарының суретін салу. 
Бұл  көрсетілген  жұмыстар  түрі  мен  қолданылған  әдіс-тәсілдер 
эксперименттік жұмыс барысында толығынан пайдаланылды. 
Эксперименттік 
жұмыстың 
қорытынды 
бөлімінде 
студенттердің 
жыландардың  биологиясы  мен  экологиясы  туралы  ғылыми  ұғымының  
деңгейін,  жыландарды  жергілікті  компонент  ретінде  қолданудың  себептерін, 
олардың  биоэкологиялық  ерекшеліктерін    ұғыну  деңгейлерін  анықтаудың 
мүмкіндігі туды.  Сонымен қатар, жергілікті компонентті меңгеру нәтижесінде 
жыландардың  өз  тіршілік  ортасына  икемделу  ерекшеліктерін,  олардың  сол 
ортаға қарай түрі-түсінің өзгеруін, жылан түрлерінің бір-бірінен айырмашылық  
жасау  себептерін  ғылыми  негізде  меңгеру  деңгейлерін  де  бақылау  жұмысы 
жүргізілді.  
 Студенттердің  өлкелік  білімді  меңгеруін  қамтамасыз  ету  мақсатымен 
таңдау  пәнін  оқытудың  әдістемелік  нұсқауы  дайындалды.  Бұл  жүйенің  
тиімділік    динамикасын  анықтау  мақсаты  да  көзделді.  Сол  арқылы  білім 
алушылардың  Қазақстан  жыландарының  биологиясы  мен  экологиясынан 
зерттеушілік 
жұмыстарды 
ұйымдастыру 
ақпараттық, 
бағалаушылық, 
процедуралық және рефлексивті деңгейлерді анықтауға мүмкіндік берді.  
 
Белгілі  педагог  И.Я.  Лернердің  еңбегінде  болашақ  мамандарға    берілетін 
білімнің  ақпараттық,  бағалаушылық,  процедуралық  және  рефлексивті  
деңгейлерін  анықтаудың  жолдары  мен  әдістері  ұсынылған.  Бұл  әдістемелік 
еңбекте берілген ұсыныстарды біз өз зерттеуімізді қорыту кезінде негізге алдық 
[134; 135].
 
Осы  арқылы  өлкелік  компонентте  берілген  материалдарды  студент 
санасында  қалыптастырудың  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  туды.  Курс 
мазмұнындағы 
экологиялық-герпетологиялық 
білімдерді 
меңгерудің 
толымдылығы,  тереңдігі  және  саналы  қабылдау  көрсеткіштері  бойынша 
анықтау жүргізілді.
 


94 
 
Студенттердің  меңгерген  білімдерінің  толымдылық  деңгейі  олардың  
қабылдаған білімдерінің көлемі бойынша сипатталды. Меңгерудің толымдылық 
белгілеріне  –  берілген  тапсырмаларға      анықтама  бере  алу,  нысанның 
биологиялық  сипаттамасын  ғылыми  түрде  дәлелдеу,  нысанның  басты 
ерекшелігін ашу  ұғымдардың ғылымилығы мен тиянақтылығы  жатады.   
Биологияда  өлкелік  компонентті  пайдалануды  жүзеге  асыруда    тек 
аудиториялық  сабақтардағы  жұмыстарды  ұйымдастырумен  шектелмей, 
аудиториядан  тыс  жұмыстар  ұйымдастыру  да  жүзеге  асты.  Сонымен  қатар, 
сабақтардың  дәстүрлі  емес  түрлерін  ұйымдастыру  кезінде  студенттердің 
биологиялық  білімге  қызығушылығын  арттыру  мақсаты  орындалды.  Мәселен, 
іскер  ойын  сабақтарын  ұйымдастыру  кезінде,  өлкелік  компонент  пен 
экологиялық  мазмұндағы  тапсырмаларды  шешуге  студенттер  белсенді 
қатысатындықтары байқалды. 
        Аудиториядан  тыс  жұмыстар  қатарына:  зоопаркке  бару,  онда  көрген 
жыландар  түрін  анықтау,  оларға  сипаттама  беру  сияқты  жұмыстар  жүргізіп, 
оны кейін аудиториялық сабақ барысында пайдалану ісі жүргізілді.    
Өлкелік  компонентті  пайдалану  белгілі  аймақтың  белгілі  бір  тіршілігін 
анықтап,  соны  зерттеуді  мақсат  етіп  қойып,  зерттеудің  жолдары  мен  тиімді 
әдіс-тәсілдерін    саралауға  бағытталады.  Сондықтан  да,  бұл  тек  өлкелік 
материалдарды  жинау  емес,  осы  жиналған  материалдарды  биологиялық 
білімдерін  тереңдетуге  және  болашақ  мұғалімдердің  зерттеушілік  іскерлігін 
қалыптастыруға арналады. Мұндай жұмыстардың түріне географиялық, тарихи, 
мәдени, табиғи, әлеуметтік- экономикалық  т.б. (ауыл, қала, аудан, облыс т.б.) 
деректерді  сипаттайтын  зерттеулер  жататыны  белгілі.  Олармен    негізінен 
ғалымдар  айналысады.  Соның  ішінде  биологиялық  материалдар  жинауда 
биолог мамандардың орны ерекше. 
Өлкелік компоненті жинаудың түрі көп: 
- географиялық; 
- биологиялық; 
- тарихи; 
- архиеологиялық; 
- әдеби және т.б.  
Оны  ұйымдастырудың  да  түрлері  сол  зерттелетін  мәселенің  мазмұнына 
қарай өзгеріп отырады. Оның ұйымдастырудың  бір түрі – оқу өлкетануы. Ал 
ұйымдастыру  әдістері  де  әртүрлі  болады.  Соның  ішінде  біздің  оқу 
өлкетануымыздың  материалын  жинауда  қолданылатын  негізгі  әдісіміз  – 
далалық зерттеуге жататын бақылау, көру, тәжірибе, эксперимент, салыстыру, 
қорытындылау, тұжырымдау т.б. 
Сонымен  қатар,  біздің  зерттеуімізде  Қазақстандық  жыландарды  бүкіл 
тіршілік  ортасымен  бірлікте  қарастырдық.  Сол  арқылы  тіршілікке  табиғи 
ортаның тигізетін әсерін, оның бүкіл тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға қарай 
бейімделетінін  аңғара  отырып,  болашақ  мамандардың  дүниенің  біртұтастығы 
туралы  көзқарастың  қалыптасуына  жағдай  туғыздық.  Сонымен  қатар, 
экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  мақсаты  да  қатар  жүзеге  асты.  Бұл  тек 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау