Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет43/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51

95 
 
зерттеу  ғана  емес,  осының  нәтижесінде  биолог  мамандардың  кәсіптік 
дайындығын қалыптасытырудың басты шарттарының бірі. Себебі, осы зерттеу 
кезінде  болашақ  биолог  мамандардың  өзіндік  іс-әрекеттері  (бақылай  білу, 
бақылау  нәтижелерін  жазып  алу,  салыстыру,  айырмашылығы  мен 
ұқсастықтарын  табу,  жинақтау,  қорытынды  шығару,  тұжырымдау  т.б.), 
зерттеушілік  дағдылары  (керекті  құралдарды  орынды  пайдалану,  қорытынды 
шығару т.б.) дамыды. 
         Зерттеу  барысында  болашақ  педагогтер  материалды  жинауға,  оларды 
сақтауға,  бақылаған  нысандарының  суреттерін  салуға,  суретке  түсіріп 
келешекте  олардан  сабақта  пайдаланатын  көрнекіліктер  жасауға  да  төселді. 
Мәселен,  жыландарды  зерттеуде  оның  бүкіл  тіршілік  әрекетін  кешенді  түрде 
қарастырылатын  болғандықтан,  олардың  тіршілік  ортасының  ерекшеліктерін 
бақылаумен  қатар,  нысандарды  суретке  түсіру,  суретін  салу    сияқты  әдістер 
кеңінен қолданылды. 
        Біздің  мақсат  етіп  қойған  зерттеуіміз  арнаулы  бағдарлама  негізінде 
жүргізілетін  болғандықтан,  бұған  болашақ  педагогтардың  оқу  тобы  түгелімен 
және  толық  қатысады  да,  зерттеу  жұмыстары  жүйелі  түрде  жүргізіледі. 
Сондықтан  да,  зерттеудің  негізі  дала  практикасы  кезінде  болғанмен, 
жыландардың  түрі-түсін,  дене  құрылысын,  олардың  тіршілік  ортасына  қарай 
бейімделуін,  бір-бірінен  айырмашылығын  түрлі  көрнекіліктерді  қолдана 
отырып, аудитория жағдайында лабораториялық сабақтарда жалғасын тапты. 
        Бұл зерттеулердің ең негізгі көзі – жазбаша (керекті материалдарды қағазға 
түсіру, күнделіктер жүргізу), заттай (керекті нысанды  жинау) бейнелі (суретке 
түсіру),  ауызша,  дыбыстары  мен  қимылдарын  көрсететін  материалдарды 
жинау. 
Белгілі 
жыландардың 
түрлері 
туралы 
теориялық 
ғылыми 
материалдарды  әдебиеттерді  пайдалана  отырып,  жинақтау  да  зерттеу  кезінде 
жүзеге асады. 
           Өлкелік  компоненті  пайдалану  кезінде  түрлі  газет-журналдарда    және 
ғылыми  баспалар  бетінде  жарияланған  ақпараттарды  жинастыру  да  назардан 
тыс  қалмады.  Сонымен  қатар,  зерттеу  кезінде  картографиялық  әдіс  те 
қолданылады.  Бұл  географиялық  картамен  жұмыс  жасай  отырып,  өзімізге 
керекті  нысанның  табиғи  таралу  аймағын  анықтауға,  ол  аймақтың  табиғи 
ерекшелігін басқа аймақтың ерекшелігімен салыстыруға өте қажет. 
Зерттеу  әдістері:  жыландарды  зерттеуде  ең  негізгі  әдіс–бұл  оның  таралу 
аймағының тибиғи жағдайын бақылау (ауа-райы, өсімдіктер мен жануарлардың 
түрі,  жылан  қоректенетін  қорек  қорының  түрлерін  білу).  Зерттеуді  жүргізуде 
зерттеушілерді топқа бөліп, әр топқа белгілі және нақты тапсырмалар беріледі. 
Бұл тапсырмалар зерттеу бағдарламасының мазмұнынан туындады. Зерттелетін 
аймақпен  студенттерді  алдын-ала  таныстыру,  зерттеу  жүргізудің  тәртібімен 
және мазмұнымен таныстыра отырып, олардың
 неге көңіл аударатындықтарын, 
қандай материалдарды жинауға тиістігін түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. 
Онан  әрі  жиналған  материалдарды  ғылыми  өңдеуді,  жинақтауды    топ 
студенттері біріге отырып орындайды. 


96 
 
Өлкелік  компонентті  жинауда  бірнеше  негізгі  принциптерді  ұстауға 
тиіспіз:  ең  алдымен  материалдың  ғылымилығына  көңіл  аударылады.  Бұл 
жиналған  материалдың  нақты  ғылыми  деректерге  негізделуі,  қорыту  кезінде 
ғылыми тұрғыдан дәлелдену жағын қатаң қадағалау. 
Кешенді  түрде  қарау  принципі  –  бұл  зерттелетін  нысанға
  жан-жақты 
қарауды көздейді.  
Өлкелік  компонентті    игеру  деңгейін  біз  білімді  игеру  деңгейі  анықтауға 
байланысты  берілген  В.П.  Беспальконың  әдістемесін  бойынша  анықтадық. 
В.П.Беспалько  бойынша  біз  білімнің  келесі  көрсеткіштерінің  сапасын 
қатыстырдық:  игерудің  мазмұндық  деңгейі;  игерудің  әдістемелік  деңгейі; 
игерудің іс-әрекеттік деңгейі; меңгерген теориялық білімді практикада қолдана 
білу деңгейі.  
Өлкелік принцип – бұл әр өлкенің ерекшелігін жеке қарау. 
Өлкелік  компонентті    пайдалануда  бүкіл  зерттелетін  аймақтың 
географиясы, экологиясы, биологиялық жақтары кешенді түрде қаралды. 
        
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  теория  мен  тәжірибеде  оқыту  мен 
тәрбиелеу  жұмысын  гуманизациялауға  және  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталған  білім  берудің  жаңа  әдіс-тәсілдері  іздестірілуде.  Оқытудың 
құрылымы  мен  болашақ  маманның  кәсіби  қалыптасуы  арасында  объективті 
байланыстардың болуы — бұл дәлелдерді талап етпеді.  
 Қазақстан  биологиясы  мен  экологиясы  туралы  білімдердің  игерілудің 
деңгейі  мен  коэффициенті  бойынша  біздің  эксперименттік  жұмысымызда 
студенттердің барлық іс-әрекетінің құрылымы мен мазмұнын игерудің өлшемін  
төрт деңгей бойынша анықтадық.   Түрлі тапсырмалар мен өзіндік жұмыстарды  
ұсына  отырып,  оны  шеше  алу  қабілеттілігіне  қарай,    оқыту  үрдісінде  аталған 
пән бойынша білім алушылардың білім меңгеру деңгейлері анықталды.  
Білім беру жүйесінде  тұлғаның дамуы бірінші кезекте универсалды оқу іс 
әрекеттерін  қалыптастыру  арқылы  іске  асады.  Ол  білім  беру  және  тәрбиелеу 
үдерісінің  инвариантты  үлгісі  болып  табылады.  Білім  алушылардың    оқу  іс- 
әрекеттерін  жан-жақты  игеруде  және  олардың  білім,  білік  және 
құзыреттіліктерінің  қалыптасу  деңгейін  білу  мақсатымен  олардың  дайындық 
деңгейлерін  анықтау  үшін    әртүрлі  мазмұндағы  тапсырмалар  мен  сұрақтар 
берілді.  Сонымен  қатар,  мазмұнды  игерудегі  студенттердің  өзіндік  жұмыстар 
атқару     икемдіктерінің  де деңгейін анықтауға тырыстық.  
Ол үшін төмендегідей мазмұнды қамтитын тапсырмалар берілді. 
1.  Эвристикалық  типтегі  продуктивті  әрекет  жүргізуді  керек  ететін 
тапсырмалар.  Яғни,  жыландар  биологиясы  мен  экологиясы  бойынша  типтік 
емес тапсырмаларды орындау  ісі жүктелді. Себебі, осы арқылы студенттердің 
логикалық  ойлау  қабілетін,  танымдық  және  іс-әрекеттік      белсенділіктерін 
анықтауға мүмкіндік туады.    
2.  Шығармашылық  типтегі  продуктивті  әрекетті  тексеруге  бағытталған 
тапсырмалар. 
3.  Теориялық  білімдерін  практикада  қолдану  шеберліктерін  анықтауға 
арналған тапсырмалар. 


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау