95
Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан
2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты
кім? (Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы). 4.
Арман, Аян, Аслан – ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды.
Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің
үлкені, ортаншысы, кішісі кім? (Ең үлкені Аян, ең кішісі
– Арман, ортаншысы – Аслан). 5. Қай ауылдың балалары?
Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың
біреуі Көктастан, екіншісі Ақтастан, үшіншісі Мергеннен
келген. Ерлан мен Көктастан келген Еркін екеуі бір бөлмеге
орналасты, бұлардың екеуі де Ақтаста болып көрмеген болса,
қай бала қай ауылдан келген? (Әділет Ақтас, Еркін Көктас,
Ерлан Мергеннен келген). 6. Олар қандай баға алды? Әсем,
Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан
қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім “Ешқайсысың
жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр
түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»те,
«5»те емес” деді. Сонда кім қандай баға алған? (Әсем – «5»,
Анар – «4», Ардақ – «3» алған). 7. Тауықты таразыға бір
аяғымен тұрғанда өлшегенде 3 кг, ал екі аяғымен тұрғанда
неше кг болады? (Екі аяғымен тұрса да 3 кг болады). 8.
Жаңадан туған негр баласының тісінің (цветі) түсі қандай
болады? (Жаңадан туған балада тіс болмайды).
1-жүргізуші: – Қазылар алқасы өз шешімдерін
шығарғанша Абзалбек Аяулымның орындауында Мұқағали
Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді
тыңдаңыздар.
2-жүргізуші: – Барлық топтың сахнаға шығуларын
сұраймыз. Қазылар алқасын бүгінгі аукционның шешімін
жариялауға сахна төріне шақырамыз. (Марапаттау).
96
Сәнгүл ҒОСМАНҚЫЗЫ,
Павлодар қаласындағы
«Жас дарын» мамандандырылған
мектебінің мұғалімі.
ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР
Сайыстың мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінен білімдері тиянақты, жүйелі, жан-
жақтылығын анықтау, оқушыларды өз ана тілін терең
меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат
жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Түрі: зияткерлік олимпиада. Құрал-жабдық: компью-
тер, интербелсенді тақта, парақтар. Әдісі: сұрақ-жауап,
ойландыру, ізденушілік қабілеттерін ояту.
Сайысты өткізу барысы:
1. Амандасу.
2. Топқа бөлу.
3. Ойынның шарттарын түсіндіру.
Бұл ойын үш команданың арасында 5 кезең бойынша
өтеді.
Бірінші кезең «Бәйге» деп аталады. Әр сұраққа – 10 ұпай.
І топқа: 1. Басқар сөзі туынды етістік бола ма? (иә) 2.
Қос сөздер 4 түрге бөліне ме? (иә) 3. -ғалы, -гелі, -қалы,
-келі тұлғалы көсемшелер жіктеле ме? (жоқ) 4. -ға,-ге,-қа,-ке
барыс септігінің жалғауы ма? (иә) 5. Сабақты етістік табыс
септігіндегі сөзді қажет ете ме? (иә) 6. Сан есім мағынасына
қарай жетіге бөліне ме? (жоқ) 7. Жамап отыр екен күрделі
етістік бола ма? (иә) 8. Жаздыгүні сөзі кіріккен сөзге жата
ма? (иә) 9. -ыра, -іре өзгелік етіс жұрнағы бола ма? (жоқ)
10. Ақшыл сапалық сын есімге жата ма? (иә) 11. Жалғаудың
төрт түрі бола ма? (иә) 12. Рим цифрмен берілген сан есімге
дефис қойыла ма? (жоқ) 13. Білім сөзі туынды ма? (иә) 14.
97
Жұрнақ үшке бөліне ме? (жоқ) 15. Ештеңе, ештеме, ешкім
белгісіздік есімдігі бола ма? (жоқ)
ІІ топқа: 1. Өнерлі, орманды қатыстық сын есім бе? (иә)
2. Көп сөздер тіркесіп келіп біріккен сөз бола ма? (жоқ) 3.
Дыбыстық өзгерістерге ұшырайтын сөздерді кіріккен сөз
деп атай ма? (иә) 4. Басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын
сөздер көмекші сөздер бола ма? (иә) 5. Кітапты оқу сабақты
етістік бола ма? (иә) 6. -ыл,-іл,-л ортақ етіс жұрнағы ма? (жоқ)
7. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай бес түрге бөліне ме?
(жоқ) 8. Екінші сан есімі реттік сан есім бола ма? (иә) 9.
Ойна, басқар сөздері туынды етістік пе? (иә) 10. -ғыр, -гір,
-қыр, -кір жұрнағы есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақ
па? (жоқ) 11. Сол, осы, әне жіктеу есімдігі ме? (жоқ) 12.
Жұрнақ үш түрлі бола ма? (жоқ) 13. Қосарлама сөз жасалу
жолына қарай 3-ке бөліне ме? (жоқ) 14. Қызыл сөзі зат есім
бе? (жоқ) 15. Ортақ етіс жұрнағы сабақты етістікті салт
етістікке айналдыра ма? (жоқ)
ІІІ топқа: 1. Бірдеме, кейбір есімдіктері болымсыздық
есімдігі бола ма? (жоқ) 2. Ығы-жығы қайталама қос сөз бола
ма? (жоқ) 3. Жалғау төрт түрлі бола ма? (иә) 4. Етістіктен сын
есім тудыратын жұрнақ түрі тоғыз ба? (жоқ) 5. -у жұрнағы
көсемшенің жұрнағы ма? (жоқ) 6. Нақтылы тануға болатын
зат есім деректі ме? (иә) 7. Етістің бес түрі бар ма? (жоқ) 8.
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар ма? (иә) 10. Кімнің, ненің
сұрағы атау септігінікі ме? (жоқ) 11. Қаладан қайт сабақты
етістік бола ма? (жоқ) 12. Қанша, неше реттік сан есім сұрағы
ма? (жоқ) 13. Адамгершілік сөзі деректі зат есім бе? (жоқ) 14.
Ештеңе, ештеме, ешкім белгісіздік есімдігі бола ма? (жоқ)
15. -ған,-ген,-қан,-кен есімшенің жұрнағы ма? (иә) 16. -дыр,-
дір, -тыр, -тір өзгелік етіс жұрнағы ма? (иә)
ІІ кезең. «Сырлы сезім» (шағын шығарма жазу).
«Туған жерім - тұғырым» деген тақырыпқа жазу (3 мин.
уақыт, 10 ұпай).
Достарыңызбен бөлісу: |