115
4. Синонимдерін табады.
Оқиға – жағдай;
Ұлық – ел билеуші, елбасы, президент, хан, патша;
Жұпыны – нашар, жаман;
Тәуір – жақсы.
5. Антонимдерін табу.
Қызықты – қызықсыз; Босаға – төр; Шаруа – бай.
2. Тыңдалым. Мұғалім қызықты етіп, жаңа сабақты
түсіндіреді.
Білім-ғылым іздеген данышпан ғалым Әбу Насыр әл
Фараби күндердің күнінде Иранға келеді. Ол әр түрлі
музыкалық аспаптарда тамаша күй тартып, ән айтып
ирандықтарды тамсандырады. Оның атағы жер жарады.
Мұны Иран елінің ұлығы естіп, музыкасына құмар болып,
оны сарайына келтіре алмай жүреді.
Бір күні әл Фараби келеді, бірақ кім екенін білдірмейді.
Оның үстінде шаруа шапаны, басында бөрік, аяғында кебіс
болады. Белбеуінде – қылышы, үсті-басын шаң басқан,
қолында – таяғы.
Бұл жіңішке қара мұртты, өткір көзді, қыр мұрынды,
кең маңдайлы, бидай өңді, ат жақты, кең иықты, ашаң
жігіт екен. Жолаушының бейнесі алыс жердің адамына
ұқсайды. Оған ауыз жақтан орын береді.
Сауықта отырғандардың киімдері, аспаптары жарқ-
жұрқ етеді. Босағада отырған жұпыны киімді жолаушы
жігітті ешкім елемейді.
Ойын-сауықта әншілер ән айтып, бишілер би билеп,
ұлықтың көңілін аулайды. Осы тойда Әбу Насыр әл Фараби
де тамаша күй тартып, соңында ұлыққа хат жазып кетіп
қалады. (Қайтбек Еламан күй тартып береді).
3. Оқылым. Мәтінмен жұмыс (тізбекпен оқиды).
Сөйлесім: мұғалім – оқушы. Мәтінді түсінген, түсін-
бегендерін тексеру.
116
Дұрыс
Бұрыс
1 әл Фараби Ресейге барды.
2 әл Фараби төрге отырды.
3 әл Фараби қымбат киімдер киді.
4 әл Фараби ұзын бойлы, қысық көзді, қыр
мұрынды адам болған.
5 Оның үстінде шаруа шапаны, басында
бөркі, аяғында кебісі болады.
ІV. Жазылым (әр түрлі грамматикалық тапсырмалар-
ды орындайды).
1. Мына сөздерді сөз құрамына талдау:
1-қатар Ирандағы 2-қатар Музыкасына
3-қатар Отырғандардың 4-қатар Сауықта
2. Морфологиялық талдау жасау:
1-қатар сын есімдерді табады; 2-қатар етістіктерді табады;
3-қатар еліктеуіш сөздерді табады; 4-қатар есімдіктерді
табады.
V. Сабақты бекіту. Коммуникативтік құзырет –
оқушылардың қалыптасқан дағдысы және білігі арқылы
қарым-қатынасқа түсуі, яғни, өзінің ойын, ниетін нақты
жеткізуі;
Бүгінгі күнмен байланыстыру. Елбасының портреті,
белгілі адамдардың суреттері.
- Балалар, бұл кім? Бұл – Елбасы.
- Елбасымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің
20 жылдық мерейтойына көптеген қонақтарды шақырды.
Біздің №79 гимназия да осы мерейтойға арнап қала
мұғалімдерін қонаққа шақырды.
Шығармашылық жұмыс. Жазылым арқылы комму-
никативтік білігін қалыптастыру.
- Сендердің міндеттерің бүгін сабақта алған білімдеріңді
пайдалана отырып, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына
келген қонақтар жайлы әңгіме құрастыру. Әр оқушы әңгіме
құрастырады, жазғанын оқып немесе айтып береді.
VІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың еңбегі мен
117
білімін бағалау.
Лингвомәдени - танымдық құзыреттің қалыптасуына
жағдай туғызу:
- Әбу Насыр әл Фараби тойға қалай киініп келді?
- Ирандықтар Әбу Насыр әл Фарабиді қарсы алды ма?
- Әбу Насыр әл Фараби қайда отырды?
- Не үшін?
- Ал, балалар, көптеген адамдар қонақты «По одежке
встречают, по уму провожают». Дұрыс па?
- Олай болса, тойға той киімін, жұмысқа жұмыс киімін,
мектепке форма киюді естен шығармайық. Осы мақалды
аударыңдар.
VІІ. Үйге тапсырма: 1) Сөздікті жаттау; 2) Мәтіннің
мазмұнын айту; 3) Әбу Насыр әл Фараби Иранның ұлығына
не жазды деп ойлайсың?
Рефлексия. Мұғалім: - Балалар, бүгін бізге қонақтар
келді. Қонақтарға не дейсіңдер? Әр бала өз ойын айтады.
Мен: «Тәуелсіздігіміз құтты болсын!» - демекпін.
Гүлбаршын МЕЛЛЯТҚЫЗЫ,
М.Әуезов атындағы
орта мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы,
Ганюшкин ауылы.
ЕРКІН СөЙЛЕТКЕН АЛТЫН КҮЗ
Мақсаты: оқушыларға күз туралы мағлұмат бере
отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту; сауатты
жазу, еркін сөйлеуге дағдыландыру, іздену, салыстыру,
118
жинақтауға қабілеттерін дамыту; табиғатқа, қоршаған
ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбекке баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын түрлері,
тест, Венн диаграммасы. Көрнекілігі: жапырақтар, күз
суреттері, слайдтар. Техникалық құралдар: мультимедия.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушы-
ларды түгелдеу, кезекшімен сұхбат.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру. «Ой қозғау».
1. Ашық буын дегеніміз не?
2. Тұйық буын дегеніміз не?
3. Бітеу буын қандай буын?
4. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? (Жыл мезгілдерін
атау).
5. Бір мезгілде неше ай бар?
6. Күз айлары және олардың ерекшеліктері туралы не
білесіңдер?
ІV. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ өлең.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады? (Күзде)
V. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс:
бақ – сад; жерде – на земле;
айнала – кругом, вокруг; түрлі – разное;
Достарыңызбен бөлісу: |