104
4. Тұсаукесердің көмегімен үй жұмысын тексеру.
Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы әңгімелеу.
Елтаңба, ту, әнұран, Астана туралы айту.
5. Сөздік жұмыс:
Мәртебе – статус; Мәлім – известно;
Мұра – наследие; Өкілдері – представители;
Нышан – символ; Қабылданды – был принят.
Жаңа
сөздермен сөйлемдер, сөз тіркесін құру.
6. Мәтінмен жұмыс.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Сонымен бірге,
Қазақстанда туып-өскен кейбір халық өкілдері ішінде
қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндер де бар. Қазақ
тілі – ұрпақтан ұрпаққа жеткен мәдени мұра. Қазақ
тілі халқымыздың белгілі ақындарының жыры болғаны
мәлім. Қазақ тілі – өз мәртебесін алған тәуелсіз еліміздің
мемлекеттік тілі.
Мәтінді оқып, мазмұндау, сұрақтар қою.
7. Дәптермен жұмыс. Тапсырма:
1. Синоним дегеніміз не?
2. Асты сызылған сөздердің синонимдік қатарын тауып,
сөз тіркесін немесе сөйлем құра.
3. 2 оқушы
тіл сөзін септейді, тәуелдейді.
Қалғандары алдарында компьютерде берілген деңгейлік
тапсырмаларды орындайды.
8.
«Ойлан, тап» кезеңі. Мақал-мәтелдерді толықтыру.
1. Туған жерге ... тік. 2. Отан ... да ыстық.
3. Туған жердің ... ыстық, ... ыстық .
Қазақ тілі
105
4. Отан ... басталады.
5. Әркімнің өз жері ... .
6. Отансыз адам – ормансыз ... .
7. Абыройлы анаң да – Отан ... әкең де – Отан.
8. ... өскен жерінде,
9. Адамның жаны туған жерінде
9. Полиглот кезеңінде оқушылар керекті сөзді тауып, үш
тілдегі баламасын айтулары керек.
1. Көз – қорқақ, ... – батыр.
2. Бетін адам ашады, білім нұрын шашады. (.....)
3. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді (.....)
4. Адамды адам еткен не? (.....)
10. Үй жұмысы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбы-
на шығарма жазу.
11. Бағалау. Қорытындылау.
Әлия САМАЖАНҚЫЗЫ,
өскемен қаласындағы
«өскемен медициналық
колледжі» КМҚК
кәсіби қазақ тілі
пәнінің оқытушысы.
САУАТТЫЛЫҚ САБАҒЫ –
ЕМДІК ШөПТЕР
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сауатты жазып, сөйлем
мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйрету; 2. Топпен, жеке
жұмыс істей отырып, бір-бірін тыңдай білуге, толықтыра алу-
ға бейімдеу; 3. Еңбекке, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
106
Түрі: сайыс сабақ, аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын,
қорғау.
Көрнекілігі: слайд, кесте (сөйлем мүшелеріне
байланысты), буклет, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Мұғалім сөзі: -Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше
сабақ болайын деп тұр. Сіздермен грамматикадан сөйлем
мүшелерін толығымен аяқтап біттік. Сондықтан да бүгінгі
біздің сабағымыз сайыс сабақ ретінде өтеді. Екі топқа
бөлініп, сабағымызды жүргіземіз.
II. өткенді қайталау: Фонетикалық уақыт.
Денің сау болса, жарлымын деме;
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
Тапсырмалар:
1. Оқып аудар.
2. Бітеу буынды сөздерді табыңдар.
3. Ашық буынды сөздерді табыңдар.
4. Бір буынды сөздерді табыңдар.
5. Екі буынды сөздерді табыңдар.
Жарлының байлығы – денінің саулығы.
Тапсырмалар:
1. Оқып аудар.
2. Жіңішке сөзді атаңдар.
3. Жуан сөздерді атаңдар.
4. Үш буынды сөздерді атаңдар.
5. І,А дыбыстарына сипаттама беріңдер.
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Тапсырмалар:
1. Оқып аудар.
2. Жуан сөздерді атаңдар.
3. Жіңішке сөздерді атаңдар.
4. Бітеу буынды сөздерді атаңдар.