123
- Балалар, мәтінді жақсы айттыңдар. Енді, бүгінгі өтетін
тақырыбымыз: Менің Отаным – Қазақстан.
Жаңа сөздермен жұмыс:
ұлт – национальность; тәуелсіздік – независимость;
қаһарман – герой; халық – народ.
Балалармен қайталап топ-топпен сөздік жұмысын жүргізу.
Жеке-жеке баламен жұмыс (Бірнеше рет қайталаймыз).
Тақырыпты екі-үш рет оқу.
Қазақстан – егеменді ел. Қазақстан Республикасының
жері үлкен, шекарасы ұзын (картамен жұмыс). Қазақстан бес
елмен шектеседі. (Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен,
Түркменстанмен, Өзбекстанмен). Қазақстан жері батыстан
шығысқа қарай 3000 километр, солтүстіктен оңтүстікке
қарай 1700 километр созылып жатыр. Қазақстанда 120-
дан астам ұлт өкілдері тұрады. Осы біздің мектептің
өзінде 29 ұлт өкілі оқиды. Өзбек ақыны Расул Гамзатов
былай деген: «Тілдің тілге зияны жоқ». Қазақстанда халық
саны – 15,5 миллион адам. 1981 жылы Алматы халқының
саны 1 миллионға жетті. Қазір 1,5 миллион халық тұрады.
Қазақстан Республикасының өзінің рәміздері – елтаңбасы,
әнұраны, туы бар.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәуелсіздік бізге 1986 жылғы жер дүниені дүр сілкіндірген
Желтоқсан оқиғасынан кейін келді.
- Қазақстан туралы кім не біледі?
Балалар қолдарын көтеріп, білетін өлеңдерін оқиды.
1-оқушы. «Тәуелсіздік». Иран-Ғайып.
- Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді-өзің еткен Бақ –
Тәуелсіздік төрінде!
От
пен ауа, суың да
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
124
Асқар тау да сенікі,
Бақша-бау да сенікі,
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
Ұраның да жасасын,
Қыраның да жасасын!
Қасиет-кие тасыған,
Ұланың да жасасын!
2-оқушы:
- Қазақстан туы
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек.
Елдің ашық қабағы,
Ақ ниеті – алтын күн.
Асқақ арман – қыраны,
Жалауы бұл халқының –
Мәртебесі, мақтаны.
(С.Қалиұлы).
Отан, елге, жерге байланысты мақал-мәтелдер.
1. Отанды сүю отбасынан басталады.
Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
2. Ер –
туған жеріне, Ит –
тойған жеріне.
Топпен, жеке-жеке жұмыс жасату.
ІV. Сабақты бекіту: мына сөзжұмбақты шешеміз:
(Тақтаға ілінген плакаттағы сөзжұмбақпен жұмыс).
Көлденеңінен:
1. 16 желтоқсан қандай күн?
2. Сенің туған жерің?
3. Қазақстан астанасы?
4. Елмен мәндес сөзді тап?
5.
Народ сөзінің аудармасы қалай?
6. Желтоқсан құрбанының ата-тегі кім?
Тігінен:
1. Қыстың бірінші айы?
2. Рысқұлбековтың аты кім?
126
Зибагүл ҚАРАТАЕВА,
Астана қаласындағы
№27 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
КөМЕКТЕС СЕПТІКТІҢ КөМЕГІ
Мақсаты: білімділік – жаңа сабақты түсіндіру,
құрал-саймандар тақырыбын меңгерту, көмектес септік
тақырыбынан мәлімет беру, жаңа тақырыпты толық меңгерту
үшін жаттығу, талдау жұмыстарын жүргізу;
дамытушылық
– сауатты жазуға, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету,
ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту;
тәрбиелік –
еңбекке, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ.
Түрі: дәстүрлі.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-
жауап, көрнекілік.
Көрнекілік: кесте, суреттер, кәртішкелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгел-
деп, сабаққа даярлықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қандай мамандықтарды білесіздер?
2. Маусымдық киімдерді атаңыздар.
3. Қыста, күзде, жазда, көктемде ауа райы қандай болады?
4. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
5. Қазақ тілінің септіктерін атаңыздар.
ІІІ. Жаңа сабақ: Құрал-саймандар. Көмектес септік.
Ертегі. «Септіктің жеті ұлы».
Ерте, ерте, ертеде Қазақ тілі жерінде, зат есімнің елінде
Септік деген қария болыпты. Оның Атау, Ілік, Барыс, Табыс,
Жатыс, Шығыс, Көмектес деген жеті ұлы болған екен. Бір
күні қария балаларын жиып алып: