119
орамжапырақ – капуста; алтын күз – золотая осень.
а) оқып көрсету; ә) оқушыларға оқыту; б) сөйлем құрау;
2. Топтастыру.
Байлық, молшылық, қап-қап астық, картоп, қарбыз,
қауын, алма, өрік, жүзім. Дала да, алқап та, егін де –
бәрі
сап-сары. Қауырт жұмыс кезі. Қысқа дайындалатын кез.
3. Мәтінмен жұмыс: оқып көрсету; оқушыларға оқыту;
аударма жұмысы.
4. Жаттығу жұмысы. 3-тапсырма (42-бет). Сөз
тіркестерін жасап айт.
дің
ге
Күз ді
де
ден
бен
Күз – осень;
Күздің – осени;
Күзге – осени;
Күзді – осень;
Күзде – осенью;
Күзден – с осени;
Күзбен – с осенью.
5. Ойын. «Жәрмеңке». Шарты: сөйлемдерді толықтыру.
Айжан жәрмеңкеге келді. Жәрмеңкеде _____ , ____,
_______, ______, _____ сатылады. Ол _____, ______, _____
сатып алды.
6. Сергіту:
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкене ағаштар. Биік болып өседі.
7. Ойын. «Жапырақтарды жинайық». Шарты: жапы-
рақтардың артындағы тапсырмаларды орындай отырып,
неғұрлым көп жинау.
120
☺ Сөйлем құрап үйрен.
1. Күз. 2. Күз _____.
3. ________ күз ________.
4. ________ күз ________ ________.
5. ________ күз _______ _______ , ______ ______.
☺ Сөйлемдерді дұрыс құрап жаз.
Түрлі, жерде, жатыр, жапырақтар.
☺ Күз туралы өлең айт.
☺ Жеміс-жидектер, көкөністер туралы қандай ертегілерді
білесің? Ата. Білсең айт.
☺
Алма сөзіне 5 жол өлең құрастыру.
1. Не? 2. Қандай? 3. Не істейді? 4. Синоним (Ұқсас
сөздер) 5. Сөйлем.
☺ Жұмбақты шеш.
Ағайынды бәрі,
Шықса көк, Түссе сары.
☺
Өрік сөзіне фонетикалық талдау жаса.
☺ Жұмбақты шеш.
Іші толған шәрбәт, Үзесің бірден жүзін,
Дәмі қандай әйбәт! Оның аты - ... .
8. Венн диаграммасын толтыру.
VІ. Бекіту. Тест.
1. Жыл мезгілдерін тап:
А) қазан, сәуір; Ә) күз, жаз; Б) ақпан, маусым.
2. Күз айларын тап:
А) наурыз, сәуір, мамыр; Ә) қазан, қыркүйек, қараша;
Б) маусым, шілде, тамыз.
3. Күздің екінші айы:
А) наурыз; Ә) қазан; Б) қаңтар.
4. Күзде не сарғаяды?
Күз
Жаз
121
А) жер; Ә) жапырақ; Б) шырша.
5. Білім күні қашан?
А) қыркүйек; Ә) қаңтар; Б) сәуір.
6. Күзде не ұзарады?
А) түн; Ә) күн; Б) тәулік.
7. Күзде не жиі жауады?
А) қар; Ә) жаңбыр; Б) бұршақ.
8. Күзде ауа райы қандай болады?
А) ыстық; Ә) салқын; Б) суық.
9. Күзде қандай құс ұшып кетеді?
А) қарлығаш; Ә) торғай; Б) сауысқан.
10. Егіншілер не жинайды?
А) астық; Ә) нан; Б) жапырақ.
Тест кілті: 1 - Ә, 2 - Ә, 3 - Ә, 4 - Ә, 5 - А, 6 - А, 7 - Ә, 8 - Ә,
9 - А,10 - А.
VІІ. Қорытындылау, бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: «Алтын күз» тақырыбына шағын
шығарма жазу.
Жаңагүл ҮМБЕТОВА,
Алматы қаласындағы
№129 мектептің мұғалімі.
ОЙЫМНЫҢ өРІСІ –
ОТАНЫМ
(Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық
торқалы мерейтойына арнаймын)
Сабақтың мақсаты: білімділік – балаларға Қазақстан
туралы, туған жер туралы мағлұматтар беру, таныстыру;
дамытушылық – сөйлеуге, ойлауға, оқытуға, қатесіз, дұрыс
122
жазуға, ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру;
тәрбиелік – өз
еліне деген сүйіспеншілікке, Отанына, туған еліне деген
мейірімділікке тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ.
Түрі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, әдебиет, орыс тілі.
Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтел жазылған плакаттар,
сөзжұмбақ,
Қазақстан картасы, шағын көрме.
Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? - Сәлеметсіз бе?
Үнтаспада Қазақстан Республикасы әнұраны ойналады.
Бәріміз хормен әнұранды орындаймыз.
-
Өте жақсы орындадыңдар, отырыңдар.
- Балалар, кешегі топтық жұмысты жалғастырамыз.
І топ. І қатар – қала балалары.
ІІ топ. ІІ қатар – ауыл балалары.
- Сен қайда тұрасың? (І топ балалары жауап береді)
- Мен қалада тұрамын.
- Қалада не бар?
- Біздің қалада биік үйлер, театрлар, стадиондар,
саябақтар, ауруханалар, дәріханалар, үлкен дүкендер, цирк,
әуежай, вокзал, кітапханалар, мектептер бар.
- Қалада кімдер тұрады?
- Біздің қалада ғалымдар, жұмысшылар, құрылысшылар,
мұғалімдер, дәрігерлер, әртістер және әр түрлі мамандар
тұрады.
- Кімге қала ұнайды? - Маған қала ұнайды.
Енді, ІІ топтың балалары жауап береді. (Сұрақтар
қайталанады).
- Мен ауылда тұрамын.
- Біздің ауылда көп үйлер, дүкен, кітапхана, аурухана,
пошта, мектеп, стадион, ферма бар.
- Біздің ауылда мұғалімдер, сатушы, кітапханашы, дәрі-
гер, сауыншылар, егіншілер тұрады.
- Маған біздің ауыл ұнайды.
Әр топтан екі-екіден балалар әңгімелейді.