99
Менің сыйлады
Тақтаға назар аударайық (№5 слайд)
Тапсырма: 1. Кітаппен жұмыс. 39-бет.
2. Өз анасы туралы жазу.
Сергіту сәті (№6 слайд)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – апам,
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз – бесеуміз.
Оқулықпен жұмыс: 4-тапсырма. Сөйлемдерді толық-
тырып жаз.
Мен шеше... сабаққа барды ...
Сен шеше... мектепке барды...
АНА
Өмір
сыйлаған
Ең жақын
адам
Махаббаты
шексіз
Мейірімді
жан
Отбасы
жүрегі
Біздерді
өсірген
100
Сіз шеше... дүкенге барды...
Ол шеше... театрға барды...
Бекіту. 5 жолды тұжырымдама:
1. (кім?) Шеше.
2. (қандай?) әдемі, мейірімді.
3. (не істейді?) сатады, оқытады, айтады.
4. (сөз) Анам сатушы болып істейді.
5. синонимі – Ана.
Үйге тапсырма: өз аналары туралы әңгімелеу.
Бағалау.
Жанар БАБЕНОВА,
Павлодар қаласындағы
№16 лицей-мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
САН ЕСІМДІ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Сабақтың мақсаты: білімділік – сан есімнің түрлерін
ажырата білу, сан есімдерді сөйлемдерде дұрыс таба білу,
олардың жасалу жолдарын есте сақтау; дамытушылық
– тақырыпқа байланысты жағдай туғызып, сұхбаттасу, ой-
өрісін, тілін дамыту; тәрбиелік – туған жеріне сүйіспеншілік
пен патриоттық сезімін ояту.
Түрі: аралас сабақ. Типі: жұппен, жеке жұмыс.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, шығармашылық іздену.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сұхбаттасу карталары,
ой-толғау, кестелер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу.
101
2. Үй жұмысын тексеру: «Астана» өлеңін жатқа айту.
3. Жаңа сабақ. Оқушылар интерактивті тақтаға қарап
өлеңді тыңдап, сабақтың тақырыбын ашады.
Сүйікті қалам
Көшелері құлпырған сала-сала,
Алаңдары кең құшақ сайран дала.
Көргендері арлы арудан айнымайтын,
Ақ көңілді, кең пейіл қайран қала.
- Осы өлеңде не туралы айтылып жатыр?
- Дұрыс, қала туралы. Ал, біз қай қалада тұрамыз?
- Біз Павлодар қаласында тұрамыз.
- Павлодар қаласында нелер бар?
(Оқушыларға проблемалық ойды туғызып, олардың
алдына сұхбаттасу картасы беріледі).
Сұхбаттасу картасы
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Мәтінді түсініп оқып, сан есімдерді өзі байланысып
тұрған сөздермен бірге теріп, жазу.
Павлодар қаласы
Павлодар қаласы – үлкен, әдемі қала. Ол Ертіс өзенінің
бойында орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Қалада
көптеген ғимараттар салынды. Қаланың ортасында
Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт пен Ертіс өзенінің бойында
шіркеу, көп қабатты үйлер салынды. Павлодарда 4 мұражай
бар. Олар: И.Потанин атындағы Өлкетану мұражайы,
Павлодар
қаласы
102
Бұқар жырау атындағы әдеби мұражайы, П.Васильев
атындағы мұражай үйі, көркем сурет мұражайы. Қалада
көптеген саябақтар, ескерткіштер, кітапханалар,
қонақүйлер, мектептер, колледждер, университеттер бар.
Павлодар қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Қала тұрғындарының саны – 345 мың адам.
Жұппен жұмыс. Оқушылар өз қалауымен тапсырманы
орындайды. Мәтін бойынша диалог құрастырып, мазмұнын
айтып беру.
Сергіту сәті: оқушылар қала тақырыбына байланысты
сөздерді естіп, шапалақ соғады. Кітап, мұражай, өшіргіш,
орындық, мешіт, ғимарат, есік, терезе, саябақ, доп, қонақүй,
қала, дәптер, айран, нан, ескерткіш.
Шығармашылық жұмыс: оқушылар өз қалауымен тап-
сырманы орындайды.
А) Эссе жазады; Ә) 5 жолды өлең жазады.
Эссеге тірек-сөздер: күннен күнге өсіп келеді, туған қалам
ұнайды, өте тамаша қала, өз қаламды мақтан етемін.
Қорытынды:
Иә
Ойтолғау
Жоқ
1. Павлодар қаласы – үлкен, әдемі қала.
2. Павлодар Есіл өзенінің бойында орналасқан.
3. Қалада көптеген ғимараттар салынды.
4. Павлодарда 4 мұражай бар.
5. Қалада саябақтар, ескерткіштер, қонақүйлер,
зауыттар көп.
6. Павлодарда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
7. Сен Павлодар қаласында тұрасың ба?
8. Саған қала ұнайды ма, жақсы көресің бе?
9. Павлодар қаласы – өте тамаша қала.
Жауап бергеніңе рахмет, саған сәттілік тілеймін!
Үйге тапсырма: Павлодар туралы әңгіме құрастыру.
Оқушылардың білімін бағалау.
103
Айнаш ҚАБДОЛЛАҚЫЗЫ,
Украин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы,
Украин ауылы.
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНЫҢ АНА ТІЛІ
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – сөздік қорын
байыту, сөз мәдениетіне, сөйлеу мәдениетіне үйрету,
өткен тақырыптар бойынша игерген білімін еске түсіру,
жинақтау; дамытушылық – қазақ тілінің мәртебесін көтеру,
оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі
айтуға үйрету, еркін сөйлеуге баулу; тәрбиелік – ана тіліне
деген құрмет, басқа ұлт өкілдерімен бірлігімізді нығайту,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекетіміздің тәуелсіздік
белгілерін біліп, оны құрметтеуге шақыру.
Көрнекілігі:
интерактивті
тақта,
Қазақстанның
көкбайрағы, Елтаңбасы, мақал-мәтел, тіл туралы заң,
тұсаукесер. Пәнаралық байланыс: информатика, тарих,
қазақ әдебиеті, ағылшын тілі. Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тілге жаттығу жасау.
3. Тіл туралы заңға тоқталу.
Кластер толтыру арқылы «Қазақ тілі қандай?» деген
сұраққа жауап береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |