81
Əмірліктері, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия іспеттес жаңа өнеркәсіп-
тенген мемлекеттер өзіне тартып отыр. Бұл елдерге Үндістан, Пакистан,
Бангладеш, Йемен, Индонезия, Вьетнам, Египет рәуішті Азия және Африка
мемлекеттерінен миллиондаған иммигранттар барып, жұмыс істеуде.
Латын Америкасы, Азия және Африка континенттеріндегі көрші мемле-
кеттер арасында тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси, экологи-
ялық және этникалық себепшарттарға байланысты түрде саны жағынан ірі,
бірақ аумақтық көлемі жағынан шағын (жергілікті) миграциялық ағымдар да
орын алып отыр. Мысалы, Сириядан Түркияға, Ауғанстаннан Иранға, Уган-
дадан Кенияға миллиондаған адамдар көшіп жатыр. Ірі көші-қон ағымдары
ТМД аумағында да байқалады, олардың дені Ресейге бағытталған.
Қазіргі замандағы халықаралық тұрғындар миграциясына бірқатар ерек-
шеліктер мен проблемалар тән. Ең бастысы сол, миграция үдерістері бүгін-
де шын мәнінде жаһанданып, дерлік барша аймақтар мен мемлекеттерді өз
шеңберіне қамтып алды. Сыртқы миграция кей жағдайларда дамыған және
өту экономикасындағы мемлекеттер үшін халықтың жалпы санының көбе-
юінде елеулі рөл атқаратын болды. Алайда халықаралық миграция ағымда-
ры иммиграция орталығына айналған мемлекеттер халқының құрамы мен
іс-қимылына, қоғамдағы этникалық және конфессионалдық (діни) алуан
8-сурет. Халықаралық тұрғындар миграциясының негізгі бағыттары.
82
түрлілікке, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастарға айтарлықтай
әсерін тигізіп отыр. Кейде жергілікті тұрғындар мен келімсектер ортасында
қақтығысулар, әр түрлі келіспеушіліктер де болып тұрғаны рас.
Сонымен қатар соңғы жылдарда дүние жүзі халқының ықтиярдан тыс
еріксіз көші-қондары үдеп барады. Бұндай миграциялық толқын ошақтары
ретінде Сирия, Ирак, Палестина, Ливия, Ауғанстан және басқа әскери-сая-
си жағдайы ауыр әрі халықтың көптеген қабаттары үшін қауіпті мемлекет-
тер ерекше дараланып тұр.
Заманалық миграцияның тағы бір маңызды жағы сол, халықаралық ми-
гранттардың сапалық құрамы (мысалы, білім дәрежесі тұрғысынан алғанда)
өзгеріп барады, мемлекетаралық көші-қон үдерісіне жоғары білікті маман-
дардың қатысуы айтарлықтай жандана түсті. Бұл жағдай иммиграция орта-
лықтары болып отырған дамыған мемлекеттер үшін ұнамды болғанымен,
эмиграция ошақтары – дамып келе жатқан және экономикасы өтпелі мем-
лекеттер үшін ұнамсыз жағдай болып саналады.
Тұрғындар миграциясы, сыртқы және ішкі миграция, миграцияның себептері, мигра-
циялық ағымдар, иммиграция орталығы, эмиграция ошағы, еріксіз миграция.
1. Тұрғындар миграциялары қандай өлшемдер бойынша және қандай түрлерге бөлінеді?
2. Əлемдегі ең ірі халықаралық миграция ағымдары қайсы мемлекеттерге бағытталған?
3. Мемлекет қандай жағдайларда сыртқы миграцияға қатысты оны белгілі бір бағытта
өзгерту яки тәртіпке салу мақсатымен арнайы саясат жүргізуі керек? Бұл салада өз
пікірлеріңді білдір.
§ 20. ДҮНИЕНІҢ ГЕОСЯСИ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
“Геосаясат” ұғымын ғылымға тұңғыш рет швед ғалымы Рудольф Челлен
енгізген болса да, бұл пәнге қатысты ғылыми дереккөздерде бұл ғылым са-
ласының “атасы” ретінде неміс ғалымы Фридрих Ратсельдің аты аталады.
Жалпы ғылымның дамуында география, саясаттану, тарих, этногеография,
социология секілді ғылым салаларының маңызы үлкен. Бұл пәннің нысаны
ретінде дүниенің геосаяси құрылысы мен халықаралық дүниелік насихат-
VІ ТАРАУ. ДҮНИЕНІҢ ГЕОСАЯСИ СИПАТЫ
ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
83
ты түсінсек, қоғамда болып жатқан әр түрлі дәрежедегі әлеуметтік-саяси
үдерістер, олардың пайда болуын, әрекетін және даму барысын бейнелейтін
оқиғаларды талдау оның өзегін құрайды.
Геосаясат ғылымы негізінен үш түрлі ғылыми көзқарастың әсерімен
дамыған. Цивилизациялық, яғни өркениеттік көзқарастың жақтаушылары
адамзаттың тарихын мемлекеттер яки ірі империялар емес, түрлі мәдени-ді-
ни қауымдар – өркениеттер дамытады деген пікір білдіреді. Н.И.Данилев-
ский, К.Н.Леонтьев, П.Н.Савицкий, Л.Н.Гумилев, А.Тойнби, С.Хантингтон
сияқтылар осы ағымның идеяларын дамытуға үлкен үлес қосты. Гарвард
университетінің профессоры С.Хантингтон 1993 жылы басылған “Өрке-
ниеттер қақтығысы” деп аталатын кітабында ХХІ ғасырдың негізгі пікірта-
ластар қақтығысының іргетасы болып экономика яки идеология емес, өрке-
ниеттердің шекаралары қиылысқан аумақтар саналатынын атап көрсетеді.
Əскери-стратегиялық көзқарастың жақтаушылары Н.Макиавелли, К. фон
Клаузес, Х.И.Молтке, А.Мехен, Д.А.Милютин сындылар теңізбойы мемле-
кеттерінің тарихы географиялық орны, жағалау шекаралық сызықтарының
ұзындығы мен көрінісі, жасайтын халықтың саны мен оларға тән ерекшелік
секілді себепшарттардың әсерімен қалыптасады деген пікір айтқан. Аталмыш
ағым өкілдерінің идеялары, жалпылай айтқанда, теңізбойы мемлекеттерінің
континенттік (құрлықтың ішкерісіндегі) мемлекеттерге қарағанда әлемдік
саясат сахнасында көш бастаушылыққа қол жеткізу үшін жүзеге асырылуға
тиісті әрекеттер бағытын көрсетіп беруден тұрады деп санауға болады.
Географиялық детерминизм геосаясатта ежелден келе жатқан көзқарас
болып саналады. Бұл идеяны жақтаушылар табиғи орта (климат, топырақ,
өзен, теңіз және т.б.) дүние жүзінің тарихына және адам өміріне өз әсерін
тигізеді деп санайды. Бұл пікірлерді ертедегі ұлы ойшылдар Геродот, Гип-
пократ, Полибий, Аристотель сияқтылар қалыптастырған, бертін келе оны
дамытуға Ж.Баден, Ш.Монтеске, А. фон Гумбольдт секілділер еселі үлес-
терін қосты. Олар көрсеткен табиғи орта элементтері арасында климаттың,
яғни ауа райы құбылыстарының адам мінез-құлқының қалыптасуына және
мемлекеттердегі саяси ерекшеліктердің туындауына себеп болатын негізгі
себепшарт екендігі атап көрсетіледі.
Геосаясаттағы барлық көзқарастар мекен (аумақ) үстінен бақылау орнату
идеясын дамытуға бағытталған. Бұл ғылым нақты бір мемлекет яки мемле-
кеттер одағының мекен үстінен бақылауының негізгі бағыттары мен пішін-
дерін зерттейтіндігімен ерекшеленіп тұрады. Бақыланып отырған немесе
бақылануы жоспарланып жатқан аумақ геосаяси алаң деп аталады. Бұдан
Достарыңызбен бөлісу: |