1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет56/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89

         
30           
- мұғалім  оқушы  үшін  қарапайым 
жан,  сондықтан  шығармашылық  үшін 
психологиялық  қауіпсіздік,  еркіндікті, 
бостандықты қамтамасыз етуі керек. 
Шығармашылықты тежейтін 3 нәр-
се бар: 
- «Сәтсіздікке  ұшыраймын,  қо-
лымнан  еш  нәрсе  келмейді»  деген 
қорқынышты сезім; 
- Ӛзіне-ӛзі 
риза  болмаушылық 
сезімі; 
- Жалқаулық. 
Ұстаздың  міндеті  –  оқушыға  осы 
үш  жағдайда  дер  кезінде  кӛмек  беру. 
Шығармашылық бағытта баланы жүйелі 
түрде қалыптастыру. 
Психологиялық  сӛздікте  «Шығар-
машылық»  ұғымы  –  жаңа  рухани  және 
материалдық  құндылықтарды  жасау 
жолындағы адам әрекетінің нәтижесі», - 
делінген. 
Кӛрнекті 
психологтар 
Л.Выготский, 
А.Петровскийлер 
«Шығармашылық»  деп  нәтижесінде 
жаңа  құндылықтар  пайда  болатын, 
жаңалық  ашатын  әрекетті  атаған. 
Шығармашылықты  «даму»  ұғымымен 
де  қатар  қоюға  болады.  Ӛйткені,  әрбір 
жаңалық, 
әсіресе 
интеллектуалдық 
тұрғыда  болса,  ол  баланың  ойлауын 
жаңа деңгейге кӛтереді. 
Баланың  шығармашылық  қабілет-
терін  дамытудың  жолдарын  анықтау 
ғылымда 
ӛте 
ертеден 
зерттелген. 
Шығармашылық  –  әлемдік  мәдениеттің 
барлық 
дәуіріндегі 
ойшылдардың 
назарында  болған.  «Шығармашылық» 
ұғымының  жалпы  теориясын  зерттеген 
С.Л.Рубинштейн  «оқушы  шығармашы-
лығының ерекшелігі оның сапалы түрде 
мақсатты  әрекет  жасауымен  анықтала-
ды»,  -  дей  келе,  «Шығармашылық, 
шешімінің  нәтижесі  баланың  ӛзі  үшін 
жаңалық  болса  жеткілікті»  екендігін 
айтады,  яғни  баланың  шығармашылық 
ӛнімді  еңбегі  оның  жеке  тәжірибесімен 
салыстырылады. 
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса 
ғана  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады»,  - 
деп  Ахмет  Байтұрсынұлы  айтқандай 
мұғалімнің  ізденісі  жан-жақтылығы, 
құзыреттілігі  арқылы  айқындалса,  сол 
құзыреттілік  оқушы  шығармашылығы 
арқылы кӛрінеді. Мектеп қабырғасында 
оқытылатын пәндер бойынша дарынды-
лық  танытқан  оқушылардың  шығарма-
шылық  қабілетін  дамыту  ӛз  ісіне 
жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен 
педагогикалық-психологиялық  кӛріністі 
талап  етеді.  Осы  мәселе  соңғы  жылдар 
ішінде  ғалымдардың  зерттеу  нысанала-
рына  алынумен  қатар,  мектеп  мұғалім-
дерінің  тәжірибесінде  мектеп  оқушы-
ларын  тұлға  етіп  дамытуда  олардың 
шығармашылық қабілетін дамыту басты 
нысанға айналған. 
Ғалымдардың  пікірінше,  адамның 
шығармашылық 
қабілеттері 
оның 
жалпы  және  арнайы  қабілеттеріне 
тәуелсіз болып ӛмір сүре береді. Осыған 
сүйене 
отырып, 
оқыту 
процесін 
ұйымдастыру  арқылы  оқушылардың 
шығармашылығын дамытудың сан түрлі 
қыры  мен  жолын  тануға  болады. 
Ӛйткені,  оқушылардың  шығармашы-
лығын  дамыту  барлық  педагогикалық 
технологиялардың  кӛздеген  мақсатта-
рының  ең  биік  шыңы.  Бүкіл  бір 
халықтың  ұстазы  ұлы  Абай  ӛзінің  қара 
сӛзінде  бала  ӛмірге  келгендегі  қабілет-
тері  әрі  қарай  дамытуды,  шыңдауды 
қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға 
асатынын  жазған.  Ал,  назардан  тыс 
қалған  қабілеттер  бара-бара  жойылып, 
жоқ 
болатынын 
айтқан. 
Мағжан 
Жұмабаев  ӛзінің  «Педагогика»  оқулы-
ғында  баланың  дамуының  мәселелерін 
кӛтереді.  Ол  үшін  оның  танымын, 
ақылын,  еркін  қалыптастыру  керек 
екенін  жазады.  Баланың  шығармашы-
лық  қабілеттерін  дамыту  мәселелерін 
талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының 
мәнін  терең  түсініп  алуды  талап  етеді. 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  пікірінше, 
адам  ӛмірге  ӛзіндік  табиғи  қасиеттері-
мен, қабілеттерімен келеді. Ал, баланың 
бойындағы  туа  біткен  қасиеттерді 
дамытатын – оқыту мен тәрбие. 
«Неғұрлым  баланың  шығарма-
шылық қабілеті мен талантын дамытуға 
ертерек  кӛңіл  бӛлінсе,  соғұрлым  оны 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
111 


         
31           
толық  ашуға  мүмкіндік  туады.  Бала 
бойындағы  ерекше  қасиеттерді  оған 
жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті 
бағаламаса,  оның  «ӛзгелер  сияқты» 
болып қалып қоюы мүмкін», - дейді. 
Мұғалім  оқушы  шығармашылы-
ғын  дамыту,  бағыт-бағдар  беру  ісінде 
мыналарды 
ескеруі 
керек 
деп 
ойлаймын: 
- шығармашылық 
тапсырманың 
мазмұн түрін ойлап табу; 
- шығармашылық  міндеттерді  оқу-
шыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру; 
- кӛркемдік  шешім  табу,  оқиға 
құру,  образ  жасау  үшін  кілт  боларлық 
жағдайларды тудыра білу; 
- шығармашылық  процесті  факті-
лер  мен  мәліметтерге  педагогикалық, 
әдістемелік  тұрғыдан  баға,  қорытынды 
бере  білу,  теориялық,  практикалық 
тұжырымдар жасау. 
Психологтар бала қабілетінің 2 түр- 
лі деңгейі болатындығын дәлелдейді: 
- Репродуктивті 
іс-әрекетті,  не 
білімді берілген үні бойынша қабылдау, 
меңгере алу деңгейі; 
- Шығармашылық  –  жаңа  нәрсе 
ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер 
деңгейі. 
Шығармашылықты  дамыту  жо-
лындағы  негізгі  кедергілер.  Қазіргі 
уақытта кӛптеген психологтар мен педа-
гогтар  ӛскелең  ұрпақтың  шығармашы-
лық әлеуетін дамыту қажеттігін мойын-
дап  отыр.  Дегенмен,  шығармашылық 
тұлғаны  дамыту  жолында  кедергілер 
жетерлік.  Оқушылардың  шығармашы-
лық  ақыл-ойын  дамытуға  тежеу  жасай-
тын басты фактор кӛптеген мұғалімдер-
дің  шығармашылықтың  мәні  мен  пайда 
болуын  түсінбеуі  болып  табылады.  Бұл 
балалардың  танымдық  белсенділігін 
басып 
тастаудан-ақ 
кӛрінеді. 
Ол 
оқушылардың  шығармашылық  ақыл-
ойының  дамуына  тоқырау  жасап  қана 
қоймайды, сонымен бірге іс-әрекеті мен 
мінез-құлқында  шығармашылық  ныша-
ны бар оқушылардың  құқықтарын шек-
теу болады. 
 
Кедергілер: 
- мұғалімнің оқушыны сынауы; 
- баланың еркін шектеу; 
- шығармашылықты 
кӛтермеле-
меу. 
Дарынды  адамдардың  қабілетін 
жас  кезінде  оқытушылары  сезіп  білме-
гені  тарихтан  белгілі.  Мысалы,  атақты 
Энштейн  мінез-құлқы,  тәртібі  нашар, 
әдепсіз деп танылған. 
Біздің  ойымызша,  бүгінгі  баста-
уыш сынып оқушыларының кез келгені 
шығармашылық  тапсырмалар  шешуді 
табыспен  меңгере  алады.  Ол  үшін 
тӛмендегі шарттар орындалуы тиіс: 
- баланың  шығармашылық  қабі-
леттерін  дамыту  ісін  ерте  бастан  қолға 
алу; 
- баланың  жүйелі,  тұрақты  ұйым-
дастырылған 
шығармашылық 
жағ-
дайында болуы; 
- шығармашылық 
жұмыстар 
баланың 
ойлау 
мүмкіндігінің 
ең 
жоғарғы  деңгейіне  жетуі  керек.  Күн 
асқан  сайын  ол  деңгей  биіктей  беруі 
қажет; 
- ең  негізгі  шарт  баланың  әрекет-
тің  түрін  таңдауына  деген  еркіндігінің 
болуы. 
Баланы  жастайынан  шығармашы-
лық  ӛнеріне  қалай  баулу  керек?  Оның 
жолдары, 
әдіс-тәсілдері, 
мазмұны 
қандай? 
Қазіргі 
әдебиеттік 
оқу 
пәні 
әдістемесінің ӛзекті мәселелерінің бірі – 
осы.  Оқушыларды  сӛз  ӛнеріне  баулу, 
үйрету ісін қолға алу үшін баланың қай 
жаста 
шығармашылық 
қабілетінің 
ашылу мүмкіндігі мол – соны танысты-
ралық. Психологтардың зерттеуі бойын-
ша,  әрбір  жаста  шығармашылыққа 
баулуға  ӛзек  болардай  ӛзіндік  ерекше 
қабілет, бейімділік бар екен. 
Сонымен,  оқушыларды  сӛз  ӛнері-
не  баулып,  үйрету  үшін  қажетті 
жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ: 
- мұғалім  ең  алдымен,  сыныпта 
шығармашылық  кӛңіл-күй тудыру  үшін 
баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы 
керек.  яғни,  оқушылардың  назарын 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
112 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау