1 Жауапты хатшы



жүктеу 5,4 Kb.
Pdf просмотр
бет58/89
Дата30.05.2018
өлшемі5,4 Kb.
#18491
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89

         
30           
тіндердің  бәрі  біле  бермейді.  Ӛйткені, 
оларда  мұндай  сезімдік  танымдар  кӛруі 
бұзылғандардыкіндей  жетіле  қоймаған. 
Тәрбие 
гигиенасына 
сәйкес 
кӛру 
қабілеті  бұзылған  баламен  жасалатын 
қарым-қатынас дені  сау  баламен бірдей 
болуы керек. Ондай балаға жастайынан 
жүруді  де,  ӛзін-ӛзі  күтуді  де,  кӛзі 
кӛретін 
балалармен 
ойнауға 
да 
дағдыланып,  оған  сондай  талап  қойып 
отыру керек. Ондай балаға кӛру қабілеті 
бұзылған  екен  деп  аяныш  білдірудің 
қажеті  жоқ.  Сонда  ғана,  Щербина 
айтқандай  кӛруі  бұзылған  бала  ӛзінің 
кемдігін онша сезіне қоймайды». 
Кӛру  қабілеті  бұзылған  адамдар-
дың  арасында  керемет  композиторлар 
мен 
музыканттар 
бар. 
Париждегі 
К.Монтель атты кӛру қабілеті  бұзылған 
балаларға  арналған  Ұлттық  институт-
тың  оқытушысы,  алты  жасар  кезінде 
соқырланып  қалса  да,  пианино  мен 
рояльдың құлағында ойнайтын. 
Нашар кӛретін балалардың қабыл-
дауы  тежелумен,  бейненің  тарлығымен, 
нақтылықтың  тӛмендеуімен  ерекшеле-
неді. Қалыпты кӛретін балаға қарағанда 
олардың  кӛру  арқылы  елестетуі  анық 
емес.  Сол  себепті,  нашар  кӛретін 
балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға 
соғады.  мұндай  балалар  кӛру  арқылы 
жұмыс  істегенде  тез  жалығады,  ал  бұл 
ӛз  кезегінде  кӛрудің  одан  әрі  нашар-
лауына алып келеді. 
Кӛздің  талуы  ой  және  физикалық 
жұмыс  қабілетінің  тӛмендеуіне  әкеліп 
соқтырады.  Бірақ  та  нашар  кӛретін 
баладағы  әлсіз  кӛру  қалыпты  балада-
ғыдай  жетекші  анализатор  болып  қала-
ды. Нашар кӛретін балалар кӛру қабіле-
тін қабылдаудың негізгі құралы ретінде 
қолданады.  Нашар  кӛретін  балаларда 
кӛруі  бұзылғандарда  болатындай  сезім 
түйсігі  кӛру  функциясының  орнын 
ауыстырмайды.  Балаларда  кездесетін 
кӛру  кемістігі  күшейе  түсетін  және  бір 
қалыпты  болып  бӛлінеді.  Күшейе 
түсетін  кӛру  бұзылысына  глаукоманың 
бастапқы  және  қосалқы  жағдайлары, 
кӛру  жүйкесінің  атрофиясы,  жақыннан 
кӛргіштіктің  қатерлі  түрлері  және  т.б. 
жатады. Бір қалыптыға – даму кемістігі: 
микрофтальм,  катаракта,  операциядан 
кейінгі  афакия  жатады.  Нашар  кӛретін-
дерде  кӛру  анализаторы  қалыпты  бала-
лар  тәрізді  оқыту  процесінде  қолданы-
лады.  Нашар  кӛретіндер  құбылыстар-
мен,  заттармен  танысуда,  сонымен 
қатар кеңістікте бағдарлануда ӛздерінде 
сақталған  кӛру  қабілетін  қолданады. 
Бірақ  та  олардың  кӛру  арқылы  қабыл-
дауы  бӛлшектеп  толық  емес  күйде  сақ-
талған. Қоршаған ортаны кӛруі баяулан-
ған  және  анық  емес.  Сондықтан,  олар-
дың айналаны қабылдауы шектеулі. На-
шар  кӛретіндердің  арасында  түсті  ажы-
рату қызметі бұзылған адамдар да бар. 
Нашар  кӛретін  балалар  қалыпты 
кӛретін  балалар  меңгеретін  барлық 
ойын  түрлеріне  қатыса  алады.  Бірақ, 
жақыннан кӛргіштіктің жоғары деңгейі-
мен  сонымен  қатар  кӛз  ауруларымен 
зардап  шегетін  балаға  жылдам,  әрі  тез 
қимылды  қажет  ететін  ойындарға 
қатысуға  және  физикалық  ауыртпашы-
лық түсіруге болмайды. 
Егер,  дәрігер-офтальмолог  балаға 
кӛзілдірік  киюді  нұсқаса,  онда  баланың 
ата-анасы  кӛзілдірікті  дұрыс  тағуды, 
үнемі  оны  қолдануды  сонымен  қатар 
дәрігердің 
нұсқауымен 
бұлжытпай 
орындауды  қадағалап  отыруы  керек. 
Нашар  кӛретін  балалар  кейбір  тітіркен-
діргіштікпен,  тұйықтықпен  сипаттала-
тын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен 
ерекшеленеді.  Бұл  жӛтіспеушілік  кӛру 
кемістігі  салдарынан  ойында,  оқуда, 
құрдастарымен  қарым-қатынаста  бола-
тын  қиындықтармен  түсіндіріледі.  Сон-
дықтан,  нашар  кӛретін  балалар  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  арнайы  жағдайын 
талап  етеді.  Егер,  нашар  кӛретін  бала 
жалпы  білім  беретін  мектепте  оқи 
бастаса,  оның  жұмыс  қабілеті  басқа 
оқушыларға  қарағанда  тез  артта  қала 
бастайды.  Егер,  оның  үлгерімі  оның 
мүмкіндіктерінен тӛмен болса, онда бұл 
үлгере алмаушылыққа алып келеді. 
Нашар  кӛретін  балаларды  оқыту 
жағдайы  әлсіз  кӛру  қабілетін  сақтай 
4 (42) 2014 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
 
115 


         
31           
алатын, оның кӛру арқылы қабылдауын 
жақсартатын,  ауыртпалық  түсірмейтін 
жағдайда  болуы  керек.  Оған  кӛруді 
түзететін  офтальмолог  ұсынған  құрал-
дарды  қолдану  жатады:  кәдімгі  және 
арнайы  кӛзілдіріктер,  жұмыс  істейтін 
жердегі 
жарық 
беретін 
құралдар, 
арнайы  оқулықтар,  кӛру  жұмысының 
күнтізбесін сақтау жатады. 
Нашар  кӛретін  балалар  арнайы 
мектеп-интернатта,  арнайы  сыныптарда 
оқиды. Нашар кӛретіндермен жүргізіле-
тін оқу-тәрбие жұмысының әдісі қалып-
ты жағдайдағы балалармен жүргізілетін 
әдістен  ерекшеленбейді.  Нашар  кӛретін 
балалармен  жүргізілетін  оқу-тәрбие 
жұмысының негізігі міндеті – әлсіз кӛру 
жүйесін  сақтау  және  оны  әрі  қарай 
дамыту. 
Кӛру  қабілеті  бұзылған  балалар-
дың  оқитын  оқу  бӛлмелері  жарықпен 
қамтамасыз  етілген.  Оқу  бӛлмесінің 
терезелерінде  ашық  түсті  перделер 
ілінген.  Оқу  бӛлмесінің  қабырғалары 
жасыл, кӛк түс беретін сырлармен боял-
ған.  Арнайы  нашар  кӛретін  балаларға 
арналған  бір  ондықты  парталар  оқу, 
жазу,  сурет  салу  барысында  олардың 
дұрыс  отыруына  жағдай  жасайды  және 
кітап  пен  дәптерді  кӛзбен  керекті 
арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. 
Нашар  кӛретін  балаға  үлкен  шрифпен 
жазылған  кітаптар  қолданылады.  Жазу-
ға үйрету жолдары арнайы сызықтармен 
бӛлінген дәптерлер қолданылады. 
Нашар кӛретін балаларға арналған 
мектеп-интернаты,  мектеп  аймағында 
ӛткізілетін  саяхаттарға,  саябаққа  қыды-
руға  кӛп  кӛңіл  бӛлінуі  керек.  Нашар 
кӛретіндерге  арналған  мектепте  елесте-
ту  мен  қабылдау  қорын  кеңейтетін 
жүйелік  жұмыстар  жүргізіледі.  Кӛру 
қабілетінің  қатысуын  керек  ететін 
оқыту жұмыстары, ауызша сабақтар мен 
ауысып  отырады.  Нашар  кӛретіндердің 
кӛру  жүйесін  сақтауда  10-15  минут 
сайын үзіліс жасау керек. 
Нашар  кӛретін  балаларды  оқыту-
тәрбиелеу  жұмысының  басты  міндеті  – 
еңбек  тәрбиесіне  үйрету  болып  табыла-
ды. Кӛру кемістігі белгілі бір мӛлшерде 
балалардың  еңбекке  деген  мүмкінші-
лігін және еңбек қабілеттілігін тӛменде-
теді. Нашар кӛретін балаға ӛзін-ӛзі күту 
дағдысына  байланысты  тәжірибелік  іс-
әрекеттің  әр  түрлі  түрлері  тән.  Еңбекке 
оқыту  жүйесі  тұлғаның  жан-жақты 
дамуының  ең  басты  құралы  болып 
саналады.  Еңбек  нашар  кӛретін  балаға 
жауапкершілікті,  ӛмірге  дайындықты 
тәрбиелеу  құралы  ретінде  үлкен  рӛл 
атқарады.  Кӛру  қабілеті  бұзылған 
балаларды  тәрбиелеу  ӛзінің  міндеттері 
мен  мақсаттары  бойынша  педагогика-
ның  жалпы  принциптерімен  сәйкес 
келеді.  Тәрбиелеудің  жалпы  міндеті 
баланың  дамуында  бірінші  және  екінші 
ауытқуларды толықтыру  мен түзетудегі 
арнайы міндеттермен сәйкестендiрiледi. 
Тәрбие  жеке  тұлғаның  санасына, 
мiнез-құлқының  дұрыс  қалыптасуына 
әcep  eтeтін  құрал.  Тәрбие  процесiнде 
жеке  тұлғаның  сана-сезімі  мен  ақыл-
ойына  жүйелi  түрде  әcep  етіп,  оның 
дүниетанымын  қалыптастырады,  ерiк-
жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалып-
тасуына оң ықпал етеді. 
Тәрбие  жұмысын  дұрыс  ұйымдас-
тыру  кезiнде  баланың  дамуы  дұрыс 
қалыптасады.  Балаға  педагогикалык 
әcep  етудiң  мақсаты  таным  мүмкiндiк-
терiнiң  дамуына  қабiлеттi  ӛмip  талабы-
мен  тығыз  байланысты.  Ic-әрекеттiң  әp 
түpiмeн  қамтамасыз  ету,  бiлiмдi  меңге-
румен  қамтамасыз  ету,  дағдымен  бiлiк-
тiлiктi  қалыптастыру,  оларды  еңбек 
және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағына-
сын  түciну  деңгейiне  дейiн  кӛтеру. 
Бұлардың  бәрi  кӛру  қабілеті  бұзылған 
балалардың 
мүгедектiк 
жағдайын 
толықтырады.  кӛру  қабілеті  бұзылған 
балаларды  адамгершiлiк,  эстетикалық 
физикалық, 
еңбектiк 
тәрбиелеуге 
болады. 
Тәрбиенің  міндеті  –  жас  ұрпақты 
ӛмірдің  барлық  саласындағы  адамның 
ӛмірімен,  тұрмыстағы,  еңбектегі,  кӛр-
кемӛнердегі,  табиғаттағы  сұлулық  пен 
әсемдікті  кӛре  білетін,  ұға  білетін  және 
оларды ӛзі де жасай алатын азамат етіп 
Мҧғалім іс-тәжірибесінен 
4 (42) 2014 
 
116 


жүктеу 5,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау