Бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелерінің оқыту үрдісінде оқу құралы ретінде қолдануға ұсынылады



жүктеу 2,59 Kb.
Pdf просмотр
бет67/110
Дата29.05.2018
өлшемі2,59 Kb.
#18395
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   110

210 
 
 
    
(басының, соңының координаттары,   
контур, 
контурдың 
ішіндегі 
толтырудың 
түсі). 
Векторлық 
бейненің  өлшемін  өзгерткен  кезде, 
сызықтың 
басы 
мен 
соңының 
координаталары  туралы  деректер 
өзгереді,  сонымен  бірге  бастапқы 
файл  өлшемі  артпайды.  Осылайша, 
өлшемі 
стандартты 
визиткалық 
карточка  сияқты  векторлық  бейне 
компьютердің 
қатты 
дискісінде 
растрлық бейнені сақтайтын файлмен 
салыстырғанда,  кез  келген  ретке 
ұлғайтылған  сурет  алатын  орынды 
алады. 
Векторлық  графика  бейнелер, 
сызбаларды 
құру 
үшін 
пайдаланылады.  Векторлық  бейнелер 
жақындатқан  және  ұлғайтқан  кезде 
айқындығын 
жоғалтпауының 
арқасында,  графиканың  осы  түрі 
картографияда өзінің кең қолданысын 
тапты.  
Фракталдық  графика.  Фракталдық  графиканың  бейнелері  бейнені 
құрастырудың  математикалық  есептеулері  (формулалары)  жолымен 
алынады. 
 
4.2-сурет. Векторлық бейнені  
құрастыру 
 
4.3-сурет. Фракталды графика мысалы 


211 
 
Фракталдық  бейнелер  мен  векторлық  бейнелер  арасындағы  негізгі 
айырмашылық 
компьютердің  жадында  бейнені  құрайтын 
жеке 
нысандардың координаттарын сақтамайды (векторлық графикада сияқты), 
бірақ  бейненің  негізіне  салынған  формула  сақталуында  тұжырымдалады. 
Фракталдық  графиканың  бейнесі  теңдеу  немесе  теңдеулер  жүйесі 
бойынша жасалады. Теңдеудегі коэффициенттерді өзгертіп, мүлде өзгеше 
сурет  алуға  болады.  Фракталды  графиканың  негізгі  қасиеттерінің  бірі  
әрбір  келесі  элемент  алдыңғы  қасиеттерінің  негізгі  қасиеттерін  иеленген 
жағдайдағы мұра қағидасы болып табылады.  
Фракталды  графиканың  бейнелерін  көбінесе  ерекше  суреттер, 
текстуралар  немесе  фондық  суреттерді  автоматты  түрде  түрлендіру  үшін 
пайдаланылады (4.3-сурет). 
4.2. 
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ 
Ажыратымдылық.  Компьютерлік  графикадағы  негізгі  түсініктердің 
бірі  –  ажыратымдылық  болып  табылады.  Ажыратымдылық  аумақтағы 
бірліктерге арналған бейненің нүктелерінің (пикселдердің) саны бойынша 
анықталады. Ажыратымдылық туралы сөз болған жағдайда, олар экрандық 
ажыратымдылығы  мен  басып  шығару  құрылғысының  ажыратымдылығы 
сияқты  екі  ұғымдарға  бөледі.  Э к р а н д ы қ   а ж ы р а т ы м д ы л ы қ  
компьютердің  операциялық  жүйесінің  сипаттамалары  мен  баптауларына, 
монитордың  және  бейне  адаптеріне  тәуелді.  Экранның  ажыратымдылығы 
пикселдермен өлшенеді, экранның көлденең және тік  бойынша пикселдер 
санымен анықталады. 
Экранның  ажыратымдылығының  мысалдары:  640  х  480;  800  х  600; 
1024 х 768; 1152 х 864; 1280 х 1024; 1280 х 960 және т.б. 
Б а с ы п   ш ы ғ а р у   қ ұ р ы л ғ ы с ы н ы ң   а ж ы р а т ы м д ы л ы ғ ы  
аумақтың бірлігінде басып шығарылған нүктелердің санымен анықталады. 
Принтерлердің  баптаулары,  өз  кезегінде,  принтерлердің  әртүрлі 
үлгілерінің аппараттық сипаттамаларымен анықталады. Мысалы:  лазерлік 
принтер  дюймге  1200  нүкте  ажырамтымдылығы  бар  бейнені  басып 
шығарады, ағынды принтер дюймге не бары 600 нүкте ажырамтымдылығы 
бар түрлі-түсті бейнені басып шығарады.  
Кәсіби  принтерлердің  кейбір  үлгілері  дюймге  2400  нүктеге  дейін 
ажыратымдылығы бар суреттерді басып шығара алады. Сондықтан басып 
шығару  үшін  бейнені  дайындаған  кезде  басып  шығару  құрылғысының 
ажыратымдылығын ескеру қажет. 
Бейненің  бір  дюйміне  неғұрлым  пиксельдер  саны  көп  болса,  басып 
шығару  кезінде  әрбір  нүктенің  көрінетін  өлшемі  аз,  себебі 
ажыратымдылықты  ұлғайтқан  кезде,  сызықтық  өлшемнің  бірлігіне 
арналған  тығыздық  та  ұлғаяды.  Осы  нүктелердің  өлшемі  басып  шығару 
кезінде аз болса, сурет неғұрлым сапалы болады, себебі түстер ауысуының 
шектері  байқаусыз,  бейненің  көрінісі  бірқалыпты  болып  қалады  және 
толығымен бейнені жеке пиксельдерге бөлу – пиксельдену әсері жоқ.  
.  


212 
 
Полиграфиялық  баспаларды  басып  шығару  үшін  бейненің  қажетті 
ажыратымдылығы  –  дюймге  300  нүктеден  кем  емес.  Интернетте 
жариялауға  арналған  немесе  жай  компьютердің  экранында  бейнелеуге 
арналған  экрандық  графика  үшін  дюймге  72  нүкте  ажыратымдылық 
жеткілікті. 
Физикалық  өлшем.  Бейненің  физикалық  өлшемі  бастапқыда 
графикалық  редакторда  көрсетіледі  және  файлмен  бірге  сақталады. 
Бейненің  физикалық  өлшемінің  өлшем  бірлігі  графикалық  редактормен 
басқарылатын  кез  келген  ұзындықты  өлшеулер  (миллиметрлер, 
сантиметрлер,  дюймдер,  метрлер)  болуы  мүмкін,  онда  сурет  жасалады 
немесе өңделеді.  
Осылайша,  жоғары  сапалы  толық  түсті  басып  шығару  үшін  бейнені 
дайындау  кезінде  оның  физикалық  өлшемдері,  сондай-ақ  оның  жоғары 
ажыратымдылығы  маңызды.  Бейнені  компьютердің  экранында  пайдалану 
үшін тек оның пикселдердегі өлшемі маңызды (суреттің ені x биіктігі). 
Компьютерлік  графикадағы  түс.  Табиғатта  көптеген  түстер  үш 
негізгі  түсті  араластыру  жолымен  алынады:  қызыл,  жасыл  және  сары. 
Мысалы, көгілдір жасыл және сары, қоңыр – қызыл және жасыл, күлгін – 
түрлі  пропорцияларда  сары,  жасыл  және  қызыл  және  т.б.  араластыру 
кезінде  алынады.  Құрамдас  бөліктерге  түсті  бөлу  әдісі  түс  үлгісі  деп 
аталады. Көптеген түс модельдері бар, олардың әрқайсысының өзінің аты 
бар, бірақ компьютерлік графикада әдетте үшеуі ғана қолданылады: RGB, 
CMYK, HSV. 
Түс  үлгісін  таңдау  кезінде  экрандағы  немесе  қағазға  басып  шығару 
үшін  кескіннің  мақсаты  туралы  білу  маңызды.  Осыған  байланысты 
пайдаланылатын түс үлгісінің түрін анықтайды. 
RGB  —  жинақтаушы  (аддитивті)  үлгісі  экранның  мониторында 
көрсету  үшін  қолданылады.  RGB  моделінің  атауы  негізгі  (жинақтаушы) 
түстердің  бастапқы  әріптерімен  (ағылшын  тілінен  Red,  Green,  Blue  – 
қызыл,  жасыл, көк)  жасалған. Компьютердің экранында  қара  түс  –  түстің 
болмауы, ақ – барлық үш түс құрауыштарының максималдық жарықтығы. 
Басқа барлық түстер үш түс құрауыштарынан тұрады. 
CMYK 
—  Қағаз  тасымалдауыштарда  басып  шығару  үшін 
пайдаланылатын  азайтатын  (субтрактивті)  модель.  Қағазға  басып  шығару 
кезінде,  барлығы  экрандағыдай  болмайды,  түстің  болмауы  ақ  түске,  ал 
түстердің ең көп санын араластыру – қара түске сәйкес келеді. Сондықтан 
бейнені  басып  шығаруға  дайындау  кезінде,  CMYK  азайтатын  жүйесін 
қолданады. Бұл модель RGB негізгі құрауыштарына қарама-қарсы түстерді 
(қызылға– көк, жасылға – қызыл-күрең, көкке – сары) пайдаланады. 


жүктеу 2,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау