Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата29.05.2018
өлшемі0,57 Mb.
#18283
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 21-сі   

 

пайдаланылады,  олар  переключательдер  сияқты  жұмыс  істейді,  яғни  уақыттың  әрбір 



моментінде менюдің тек бір ғана пункті белгіленген болуы мүмкін.  

Меню пункттерінің кейбір қасиеттері 

1.  Break – бағыныңқы менюдің көпбағанды тізімін құруға мүмкіндік береді. 

2.  Count – бағыныңқы менюде меню пункттерінің санынан тұрады. 

3.  Items[N]  –  бағыныңқы  менюдің  кез  келген  пунктіне  оның  индексі  бойынша 

қатынауға мүмкіндік береді. 

4.  MenuIndex – бас меню пунктінің индексін анықтайды. 

Меню пункті үшін жалғыз оқиға  OnClick анықталған, ол пунктте тышқанды шерту 

кезінде немесе меню пункті ерекшеленген кезде Enter пернесін басу кезінде туындайды.  



Контексті меню құру 

Кез келген компонент үшін контексті меню құру үшін компоненттер Палитрасының 

Standard бетінде орналасқан PopupMenu компоненті пайдаланылады.  

Компонент  бойынша  тышқанның  оң  жақ  батырмасын  шертуді  контексті  менюмен 

байланыстыру  үшін  компоненттің  PopupMenu  қасиетіне  сәйкес  компонент  –  менюдің 

атауын орналастыру керек.  

PopupMenu  компонентімен  жұмыс  істеу  MainMenu  компонентімен  жұмыс  істеу 

сияқты жүзеге асырылады. 



2. Memo (көпжолды редактор) компонент 

 

 



 

 

 



 

Memo  компоненті  TMemo  класына  жатады.  Memo  компоненті  ұзын  мәтінді  енгізу, 

редактрлеу және/немесе көрсету үшін арналған. Мәтін жолдар жиынынан тұрады.  



BorderStyle,  CanUndo,  HideSelection.  MaxLentgh,  Modified,  OEMConvert,  OnChange, 

Readonly,  SelLength,  SelStart  және  SelText  қасиеттері  Edit  компонентінің  сәйкес 

қасиеттеріне  ұқсас.  WordWrap  қасиеті  Label  WordWrap  компонентінің  сәйкес 

қасиеттеріне ұқсас. 

 

Memo компонентінің кейбір қасиеттер 

Lines 

Редактрленетін мәтіннен тұрады. 



ScrollBars 

Редактор  терезесінде  айналдыру  жолағының  бар  болуын 

анықтайды:  ssNone  –  жолақ  жоқ;  ssHorizontal  –  горизонтальды 

жолақ бар; ssVertical – вертикальды жолақ бар; ssBoth – екі жолақ 

та бар. 

WantReturns 

Егер True болса, Enter басу жаңа жолға көшуді шақырады, кері 

жағдайда – жүйемен өңделеді. Бұл жағдайда жаңа жолға көшу үшін 



Ctrl+Enler пернелерін басу керек. 

WantTabs 

Егер  True  болса,  Tab  басу  мәтінге  табуляция  символын 

енгізуді  шақырады,  кері  жағдайда  –  жүйемен  өңделеді.  Бұл 

жағдайда  табуляция  символын  енгізу  үшін    Ctrl+Tab  пернелерін 



 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 22-сі   

 

басу керек. 



 

Кластың спецификалық әдістері Edit компонентінің әдістері сияқты. 

 

 

Бақылау сұрақтары 



1.  MainMenu компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

2.  Қосымшаның менюін қалай құруға болады? 

3.  Қандай атау компонеттер-меню пункттері алады? 

4.  Меню пункттері үшін жедел пернелерді қалай анықтауға болады? 

5.  Меню пункттері үшін акселераторлы пернелерді қалай анықтауға болады? 

6.  Менюде переключательдер тобын қалай құруға болады? 

7.  Менюде пункт-жалаушаны қалай құруға болады? 

8.  Меню пункттерінің күрделі құрылымын қалай құруға болады? 

9.  Компоненттің контексті менюін қалай құруға болады? PopupMenu компонентінің 

міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 

10. 

Memo компонентінің міндеті қандай, негізгі қасиеттері, оқиғалар, әдістер? 



 

Әдебиеттер: (1) 302-310 б. 

 

7 апта 

8  тақырып.  Additional  бетінің  компоненттері:  BitBtn,  SpeedButton,  Image, 

StringGrid 

Дәріс жоспары 

1. Additional беті компоненттерінің міндеті: BitBtn, SpeedButton, Image, StringGrid. 

2. Қасиеттері. Оқиғалары. Әдістері.  

Дәрістің қысқаша мазмұны 

 

Additional бетінің кейбір компоненттері 

1. BitBtn компоненті 

BitBtn  пиктографиялық  кнопкасы  Button  стандартты  кнопкасының  атақты  түрін 

көрсетеді.  Оның  маңызды  ерекшелігі  –  Glyph  қасиеті,  оның  көмегімен  кнопка  бетінде 

салынатын  растрлық  бейнелер  анықталады.  Delphi  құрамына  осы  кнопкаларда 

орналастыру үшін арнайы құрылған суреттер жиынтығы кіреді. Kind қасиеті кнопканың 

11  стандартты  түрінің  бірімен  анықталады.  BitBtn  кнопкасы  Cancel,  Default  және 

ModalResult қасиеттерін өзінің Button аналық класынан алды.  

2. SpeedButton компоненті 

SpeedButton  кнопкалары  BitBtn-нан  үш  жағдаймен  ерекшеленеді:  біріншіден, 

жазбаларды  шығару  қарастырылған,  екіншіден,  олар  белгілі  бір  жағдайларда  бекітіле 

алады  және  үшіншіден  олар  модальды  терезелерді  жаба  алмайды.  Қалғанның 

барлығында олар BitBtn қасиеттері мен әдістерін қайталайды. 

Кнопка  бекітілу  үшін  кнопкалардың  белгілі  бір  топтарына  жатуы  тиіс  (бұл  топ 

өзінен тұруы мүмкін – жалғыз бекітілетін кнопка нұсқасы). Ол үшін  GroupIndex қасиеті 

пайдаланылады, ол 0 тең болмауы керек.  



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау