Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 0,57 Mb.
Pdf просмотр
бет2/20
Дата29.05.2018
өлшемі0,57 Mb.
#18283
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 5-сі   

 

- құрал-жабдықтар тақтасы 



- компоненттер палитрасы (тақтасы) 

- нысаналар (объектілер) инспекторы 

- қалып терезесі 

- код редакторы. 

Бұл элементтердің барлығы Дельфи тілін іске қосқан уақытта пайда болатын негізгі 

терезеде орналасады. 



2.  Бас  мәзір  және  құрал-жабдықтар  тақтасы.    Бас  мәзір  келесі  элементтерден 

тұрады: File, Edit, Search, View, Project, Run, Component, DataBase, Tools, Window, Help.  

File пунктіндегі командалар: жаңа жоба құру – New Application, жаңа қалып құру – 

New Form, жаңа модуль құру – New Unit, жоба файлын ашу - Open, жоба файлын ашу – 

Open  Project, барлық  ашық файлдарды жабу  –  Close  All, файлды  сақтау  –  Save, Save  as, 

жобаны сақтау – Save Project, барлығын сақтау – Save All. 

Edit  пунктіндегі  командалар:  компоненттерді  тор  бойынша  түзеу  –  Align  to  Grid, 

өзара орналасуы бойынша түзеу - Align, бірін бірі жауып тұрған компоненттердің көріну 

ретін  беру  –  Bring  to  Front,  Send  to  Back,  таңдалынған  компоненттің  көлемін  өзгерту  - 

Size, көрінетін компоненттердің масштабын беру - Scale. 

Search пунктіндегі командалар: іздеу - Find, мәтін бөлігін ауыстыру – Replace және  

Search Again, Incremental Search. 

View  пунктіндегі  командалар  ортадағы  элементтердің  көріну  режимін 

тағайындайды: тізім, кесте, т.с.с. 

Project пунктіндегі командалар:  программаны компиляциялау  - Compile, Build All, 

программаның систаксистік қателерін жөндеу Syntax Chek. 

Run пунктінде программаны дұрыстау, орындауға жіберу командалары орналасқан. 

Component  пунктінде  жаңа  компоненттер  құру  және  инсталляциялау  командалары 

орналасқан. 

DataBase  пунктінде  деректер  базасымен  жұмыс  істеуге  арналған  командалар 

орналасқан. 

Tools – ортаның параметрлерін тағайындау немесе күйлеу командалары орналасқан. 

Help – орта туралы көмек алу. 

  Құрал-жабдықтар  тақтасы  бас  мәзірдегі  командаларды  батырмалар  көмегімен 

орындауға арналған. 

3.  Компоненттер  палитрасы.    Компоненттер  палитрасы  деп  бірнеше  қатпарлы 

блокнот сияқты, компоненттер жиыны орналасқан контейнер деуге болады. Әр қатпары 

қызметіне  қарай  топтастырылған    әртүрлі  компоненттер  жиынынан  тұрады.  Әр 

қатпардың  өз  атауы  бар.  Қатпардан  компонентті  таңдап  белгілеп,  қалып  терезесіндегі 

қажет орынды көрсетіп, маустың сол жақ пернесін 1 рет шертсе, сол араға таңдалынған 

компонент орналасады. Егер бір компонентті қалыпқа бірнеше  рет қою керек болса Shift 

пернесін  басып  тұрып  компонентті  алдыңғы  айтқан  әдіспен  орналастыру  керек.   

Орналасқан компоненттің көлемін маус көмегімен өзгертуге болады.  



4.  Нысаналар  инспекторы.      Бұл  терезе  қалып  терезесінің  оң  жақ  бөлігінде 

орналасқан.  Онда  қалыпқа  орналасқан  компоненттердің  қасиеттерін  және  оларға 

орындалатын  оқиғалардың  тізімі  көрінеді.  Терезенің  бірінші  қатпары  қасиеттер  – 

Properties,  екінші  қатпары  оқиғалар  –  Events  деп  аталады.  Қасиет    деп  қалыпқа 




 

 

ПОӘК 042-18-12.1.47/03-2013 



 

Баспа № 1  18.09.2013ж. 

57 беттің 6-сі   

 

орналасқан  компоненттің  мазмұнын  ашатын  белгілерді  айтуға  болады:  компоненттің 



көлемі,  орналасу  ретц,  жағдайы,  егер  сөз  жазылса,  сол  сөздің  харпі,  әріп  көлемі, 

компоненттің тақырыбы, т.с.с. Қасиеттер қатпарының терезесі екі бөліктен тұрады: сол 

жақ бөлікте компоненттер қасиеттерінің атаулары, оң жақ бөлікте олардың қабылдайтын 

мәндерінің  тізімдері  келтірілген.  Қасиеттердің  атаулары  жай  немесе  күрделі  болуы 

мүмкін.  Күрделі  қасиеттердің  атауларының  оң  жақ  шетінде  «+»  таңбасы  тұрады,  бұл 

таңба  осы  қасиеттің  ішінде  тағы  қасиет  тізімі  бар  екенін  білдіреді.  Оқиға  деп 

компонентке  қатысты  орындалатын  әр  түрлі  әрекеттерді  айтуға  болады:  батырманы 

маустың  сол  жақ  пернесімен  1  рет  шерту  немесе  2  рет  шерту,  Enter  немесе  басқа 

пернелерді басу т.с.с.  Оқиға қатпары да екі бөліктен тұрады: сол жақ бөлікте нысанаға 

әсер  ететін  оқиғалардың  атаулары,  оң  жақ  бөлікте  оқиғаға  жауапты  нақтылайтын  әдіс 

немесе  процедура  атауы  келтіріледі.  Әрбір  стандартты  оқиғаға  таңдалынған  оқиғаға 

сәйкес оң жақтағы баған жолын шерткенде пайда болатын әдіс немесе процедура атауы 

жауап  береді.  Бұл  сәтте  программа  мәтінінің  терезесіне  әдіске  сәйкес  базалық  кодтың 

(процедураның)  шаблоны  қосылады.  Шаблонды  қажет  командалармен  немесе 

операторлармен  толтыру  қажет.  Шаблонды  толтыруға  Паскаль  тілінің  негізгі 

операторлары  түгелдей  дерлік  және  Дельфи  тілінің  оқиғаны  ашатын  әдістері    - 

командалары  қолданылады.  Әдіс  2  бөліктен  тұрады:  компонент  (нысана)  атауы  және 

нүктеден  кейін  команда  атауы  жазылады.  Команда  атауы  көп  жағдайда  компонент 

(нысана)  атауын  жазып,  нүктені  қойған  уақытта  автоматты  түрде  шығатын  тізімде 

көрінеді.  Тізімнен  қажет  команданы  таңдап  енгізу  пернесін  басу  керек.  Дельфи  тілінде 

команда және әдіс сөздерінің мағынасы бірдей. Осы әдістер мен операторлар  жиынынан 

құралған процедура шаблоны программалық код деп аталады.  



5.  Қалып  терезесі.    Терезелер  үшін  мүмкін  стильде  құрылатын  Windows  терезесі. 

Қалыптың  барлық  ішкі  кеңістігі  жұмыс  облысы  деп  аталады.  Жұмыс  облысы  ұсақ 

торкөзбен толтырылған, олар қалыпқа орналастырылатын компоненттердің бір деңгейде 

немесе бірдей көлемде болуын қадағалауға мүмкіндік береді. Қалыпқа орналастырылған 

компонентті  белгілеу  үшін  маус  көрсеткішімен  көрсетіп  сол  жақ  пернесін  1  рет  басу 

керек, егер 2 рет басса, онда компонентті 2 рет мауспен шерту оқиғасы пайда болып, сол 

оқиғаға  процедура  шаблоны  ашылады  да  оны  толтыру  керек  болады.    Компоненттер 

үшін Windows жүйесінің барлық операцияларын қолдануға болады. 

 

2 тақырып. Borland Delphi объекті-бағытталған программалау ортасымен 

танысу. 

DELPHI  –  Windows  операциялық  жүйесінің  ортасында  жұмыс  істеуге  қалыптанған 

программаларды  құруға  арналған  біртұтас    орта.  DELPHI-дің  негізінде  оқиғаларды 

программалау  мен  визуальды  жобалау  технологиялары  жатыр.  Оларды  қолдану 

программаны  құру  процесін  жеделдетеді  және  жеңілдетеді.  DELPHI  программасының 

алгоритмдік  бөлігі  және  визуальдық  компоненттері  объект  Pascal-да  (Object  Pascal)  

жазылған.  Оны  Turbo  Pascal  7.0-дің  ары  қарай  дамуы  ретінде    қарастыруға  болады. 

Программаларды  құру  кезінде  программист  немесе  жобалаушы    компоненттер  жиыны 

дайын компонеттерді  таңдайды. 

DELPHI-ді іске қосқаннан кейін экранда келесі терезелер пайда болады: 

1.  программаның негізгі терезесі (атауында DELPHI 6 – Project 1); 



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау