1921 жылы Мәскеудегі 9-шы Бүкілресейлік Кеңес съезінде
желтоқсан айында Риддер кәсіпорынын жедел түрде қалпына
келтіріп, дамыту жөнінде мәселе көтеріледі. Кеңес одағының
мақсаты сол кезеңде орталыққа түсті металмен қорғасын және
т.б. өте қажет еді. 1925 жылы Риддерде тәжрибелік мыс
электролиттік зауыты іске қосылды.
1927 ж. Риддерлік тау-кен өндірістік кәсіпорынды осы
уақытқа
дейін
дағдарыстан
шыға
алмай
келді.
Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу кешіктіріліп отырды.
Осы мекеменің жұмысшыларының еңбек ақысына деген
қарызы 14 000 сомды құрады. Жұмысшылардың еңбек ақысы
уақытында төленбегендіктен еңбек өнімділігі де төмендей
бастады. Еңбек ақының уақытында төленбеуіне қарсы
жұмысшылардың наразылықтары күшейіп жатты. Олардың
еңбек ақысы 3-5 сомды құрады. Жұмысшылардың қосымша
шаруашылықтары да жоқ. Елдегі азық-түлік өнімдерінің
бағасының көтерілуі қымбатшылықты, мұндай еңбек ақыға
жұмысшылардың өмір сүруі де мүмкін емес еді. Содан барып
қоғамдық жұмысқа деген салғырттық, басымдылық танытты.
Шаруалар мен жұмысшылар сұхбаттарда және кеңестерде осы
мәселелерді баса алға тартып, жеткізіп отырды. Сонымен
қатар салық төлеу мәселесінің де қиындықтары аталып өтілді
[10: 47].
Екінші бесжылдық кезеңінде кен орындарын дамыту
жоспарына сәйкес Қазақстандағы кенге бай аймақтардағы кен
ісін дамытуды негізгі міндетке ала отырып, оларды қолданысқа
енгізу жөнінде мемлекет тарапынан арнайы нұсқаулар берілді.
Бұл кенді аймақтарға Өскемен қалалық аймағы да кірген еді.
Келешекте Риддер кен ісін бесжылдықтың аяғына қарай 40
мың тоннаға мысты ұлғайту жоспарланды.
1934 жыл 10 шілдеде ҚазАКСР-ң орталық комитетінде
Риддер кешеніндегі эксплуатация жұмысының нәтижесіндегі
құқық бұзушылық бойынша тексеріс жүргізіліп, шара қолдану
жөнінде қалуы қабылдады. Барлық анықталған Риддер кешені
бойынша барлық мәліметтерді жинақтап орталық ҚазАКСР-ң
тау-кен ісі жөніндегі аға инспекторы Варшабаевқа жеткізу
нұсқауы берілді. Тексеріс қорытындысы бойынша техникалық
жабдықтау барысындағы олқылықтар анықталды. Техникалық
қауіпсіздік ережелері сақталмаған деген қорытынды жасалып
1934 ж. тамыз айындағы Қазақстанның тау-кен округінің
басшысы Гурьет хаттамасында баяндалған.
1917 жылы Риддер қоғамының кәсіпорын құрылысы өзінің
даму кезеңінің алғашқы сатысында еді. Бұл құрылыс
134
жұмыстары өте ұзақ уақыт жүргізілді. Оның құрылыс
жұмыстары 1925 жылдан қайтадан қолға алынды. Ал, 1928-
1929 жылдары Риддер кеніші құрылысының 1-ші кезеңі
аяқталды. Осы жылдары өндіру мен өңдеуге 60000 тонна кен
белгіленді. Оның ішінде 5000 тонна қорғасын, 25000 тоннаға
дейін цинк құймасын өңдеу негізделді. Сонымен қатар 500 кг
алтын, 2000 кг күміс.
Соғысқа дейінгі жылдарда аймақтағы кен орындарында
кеннің мынадай көлемдегі қорлары болды. Риддер және
Сокольный кенішінде 450.000 тонна цинк, 250.000 тонна
қорғасын, 25.000 тонна мыс, 55 тонна алтын, және 250 тонна
күміс. Аталған кезеңде яғни 30-шы жылдары Риддер кенішінде
қорғасын қоспалары мол өндірілген еді. Ал цинк өндірісі
өнеркәсіп орындарының алшақ жерлерде орналасуы оның кең
көлемде өндірілуіне кедергі жасады. Бесінші жылдықтың
аяғына дейін 40 мың тонна цинк, 20 мың тонна қорғасын, 1500
тонна мыс өндіру жоспарланды. Өскемен маңындағы Бұқтырма
аймағына қарасты Зырян кенішінде өндірілетін металл көлемі
бақылау нәтижесінде 250 мың тоннаға жуық өнім өндіру
белгіленді. Бұл кеніш 30-шы жылдардың ортасына дейін
ағылшындар тарапынан игерілген еді. Бұл Зырян кеніші Алтай
аймағындағы басқа да кеніштер сияқты Лена-Гольдфильс
компаниясының концессиясына берілген еді. Бұл кәсіпорынның
құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізілуде.
Соғыс жүріп жатқан кезеңде Өскеменде кәсіпорындар, аяқ
– киім дайындау ісінде тоқыма және жіп өнімдері облыстық
суда базасынан таңдап алынды. Осы кезеңде 70 мың сом
тұратын іс машинасын қаладағы аяқ – киім дайындаушылар
16800 сомға алған еді.
1945-1946
жж.
Республиканың
халық
комитеті
Өскемендегі өнеркәсіп және өндіріс орындарына мынандай
шикізаттарды бөле отырып аяқ киім дайындауды негізге алды.
Ұсақ тері шикі заты – 16900 дана
Ірі тері шикізаты – 540 дана
Тоқыма – 5400 кг. [11: 3, 16].
Шығыс Қазақстан аймағы ежелден кен орындарына бай
еді. Осы кен орындарын игеру мәселесі оны өндіріске қосу
индустрияландыру жылдарында жүзеге аса бастады. Аймақта
ауыр өнеркәсіп саласын дамытуға аса көп көңіл бөлінді де,
тамақ өнеркәсібін жетілдіру өз деңгейінде жүзеге аспады.
Аймақта өнеркәсіп орындарында тұрақты жұмыс жасайтын
техникалық мамандардың қатары толыға бастады. [12: 21].
Партия комитеті бұрын шалғайда жатқан аймақты
135
өнеркәсіпті аймаққа айналдыра отырып, Өскеменді кенді
Алтайдың орталығына айналдырды. 1930 жылдары қалада
жаңа
орталық
алаңдар
пайда
бола
бастады.
Индустрияландыру
жылдарындағы
металлургтерге
арнап
ашылған-металлургтер сарайы еді. Қала заводтар, ғылыми
мекемелер қаласына айналды [13: 85].
Шығыс
Қазақстанның
түсті
металдары
жоғарғы
сапалығымен ерекшелінеді. Мысалы, Өскемен мырышы,
Балқаш және Жезқазған мысы, Лондонның түсті металдар
биржасында
эталон
ретінде
тіркелген.
Қазіргі
уақытта
Қазақстанның түсті металдары 30-дан астам әлем елдеріне
экспортқа шығарылады.
Пайдаланған әдебиеттер мен мұрағат қорлары тізімі:
1. Алексеенко.Н. изд. Каз-н. Усть-Камен-ск. 1970 г. 50-51,
54 стр.
2. Рудный Алтай // 1976ж. 16.07. 2 б.
3. ҚРПМ 141 т. 1 іс 1353 45 б.
4. Алтай Большевик // 27 сентябрь, 1947 ж. 2 б.
5. ҚРПМ Қор 141 тізбе -1 іс 71 47 б.
6. ҚРПМ қ. 141, т. 1 іс 71, 49 б.
7. ҚРПМ қ. 725, т. 4, іс 165 -16 бб.
8. ҚРПМ қ – 725 , оп – 4 – 725 , ед. Хр. – 155 , 54 бб.
9. Қ 50. ШҚОМ Опись 1 іс 455. 3-бет.
10. ҚРПМ Қор 141 тізбе -1 іс 71 47 б.
11. ҚРПМ қ. 725, т. 4, іс 1100- 3, 16 б.
12. ҚРПМ қ. 141, тізбе 1, іс-5153, 21 б.
13. Установ. Совет. Власти, С.Н. Герасимов, 85 стр.
РОЛЬ ТОБОЛЬСКА В РАЗВИТИИ ВЗАИМООТНОШЕНИЙ
РОССИИ С КАЗАХСТАНОМ В XVII – XVIII ВВ.
Муратова С.Р., Тычинских З.А.
Тобольская государственная социально-педагогическая
академия
им. Д.И. Менделеева, г. Тобольск
gaisulka@mail.ru
,
zaituna.09@mail.ru
Казахстан сегодня является важным регионом, входящим
в сферу интересов крупнейших мировых держав – Российской
Федерации, Китая, США и Евросоюза. Россия не только
старается обеспечить свои геополитические интересы в этом
регионе,
но
и
сохранить
традиционные,
исторически
136
Достарыңызбен бөлісу: |