жазулары арқылы ерекшеленгендігі белгілі болады.
Аталған тұрғыдағы сақтардың әлемдік өркениеттегі алған
орны туралы белгілі орыс тарихшысы В.О.Ключевский:
“Скифтер антикалық мәдениетпен тікелей байланыс жасады.
... Грек колониялары жанында аралас эллин-скиф
тұрғындары пайда болды. Скиф патшалары грек
қалаларында сарайлар салды, скиф ақсүйектері білім алуға
Грецияға барды. Скиф қорғандарынан скифтердің үйлеріне
арналған грек шеберлерінің жоғары көркемделген безендіру
бейнелері табылуда.” [3] - деген тұжырым жасайды. Осы
айтылғандарды Оңтүстік Алтайдағы Берел мен Шілікті
жазығындағы
сақтардың
жерлеу
орындарынан
алынған
жасалуы күрделі алтын, күміс бейнелер, Есік қаласы
маңындағы патшалық обадан табылған күміс тостағандағы
жазу толығымен дәлелдейді.
“Шілікті обасы,-деп жазылған осы тұрғыдағы тарихи
деректерде,- өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрылыс
болды. ... және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын
бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. ... б.з.б. ҮІІ-ҮІ
ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл Қазақстанның
солтүстік-далалық өңіріндегі ең ертедегі “патшалық” оба және
Еуразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Еуразия
далаларындағы мал өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері
айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы аң стиліндегі бірқатар
көркем туындылар (аяқтары бүгулі бұғы, шиыршықтала
бүктетілген қабылан, басы бұрулы бүркіттер) сақ-скиф дүниесі
өнерінің алғашқы үлгілеріне жатады.
... (Берел обасындағы,-Ғ.Қ.) “Ағаш пен сүйектен , алтын
мен қоладан, былғарыдан аң терісінен және киізден жасалған
қолданбалы өнер ескерткіштері өте көркем. Орталық
сюжетерінің бағыты аңдар шайқасы, жануарлардың серпінді
бейнелері бола бастаған “аң” стиліндегі өнер гүлденген
шағына жетеді.
... Есік олжаларының қарастырылып отырған проблема
үшін маңызы жазу ескерткішінің - жазбасы бар күміс
тостағанның табылуына байланысты арта түседі. Жазуды
көне-түркі және парсы-арамей әліпбиі негізінде ажыратып
оқудың ғылымда бірнеше нұсқасы бар.
Кез-келген қоғамда жазудың болу фактісі әлеуметтік-
экономикалық ұйым дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді.”
[4.183,184,186,229]
Яғни, осы сараланған деректерден кіндігі қазақ жері
болған Қара теңізден бүкіл Алтай арқылы Байкалға дейінгі
128
далалы-таулы үлкен аймақтағы біздің заманымызға дейінгі
ерте темір дәуірінде үстемдік етіп, сол мерзімдегі адамзаттық
өркениеттің озық дамуын іске асыра білген скиф-сақтардың
қоғамдық
құрылысы,
шаруашылықтық
және
мәдени
өркендеуінің деңгейін білуге болады.
Сақ тайпаларының келесі тарихы белгілі батыс
зерттеушісі П.Риттердің жазбасында баяндалады. Оның
көрсетуінше: “Сол аймақты мекендеуші барша халықтар
туралы Христос туғанға дейінгі мерзімде жазып келген грек
тарихшылары мен географтары бізге тек үнді мәліметтерінен
ғана белгілі Сақтар туралы еске алады. Мегасоен (Диодор –
Сицилискийден қараңыз, кітап. 11, тарау 35) және Эратосенның
(Страбоннан қараңыз, кітап ХІ, тарау 8, параграф 88)
айқындауынша Сақтар солтүстікке қарай, яғни, Шығыс
Түркістанда немесе Солтүстік Тибетте орналаса отыра
Үндістанмен
көрші
болған.
Сақ
жерінің
оларды
соғдылықтардан ажыратып тұрған Батыс шекарасы Эратосен
бойынша (Гректердің еске алуларынша жоғары жағы нақты
орналасуына қарама-қарсы, атап айтқанда қазір біз оны
Гиндукуш және Кхунлун деп атайтын жотаның аңғарында)
Яксарт (Страбонның да тұжырымынша) болды, ал бұл
сақтардың мекенінің Шығыс Түркістан екендігін бекітеді.
Егер де Мегасоен мен Эратосеннің естеліктері негізге
алынатын болса, Үндістанмен көршілес Сақтар Еуропаға
шабуыл жасау үшін жиналған Ксеркстің әскерлерінің
құрамына енген сақтар болып шығады, себебі олардың ...
шалбар, бастарына басы сүйір, биік қалпақ киіп, қарулары
садақ, қанжар және сағар (cекир) деп аталған ерекше
балталары бар Шығыс Түркістанның осы көне тұрғындарының
киімдері мен қаруларына ұқсастығын Геродоттан оқимыз.
Геродоттың тұжырымы және оны Мегасоен мен
Эратосеннің бекітуінше сақтар Дарийдың ХҮ сатрапиясына
(облысына,-Ғ.Қ.) еніп, ... аталған сатрапияға қаратылған басқа
халықтармен бірге олар Дарий - Гидаспаға жыл сайын 250
таланттан салық төлеп тұрған. Мұндай жағдай олардың
Дарийдың бағыныштылары болғанда ғана орын алатын еді.
... Сақтар Дарийға немесе оның алдындағы билеушіге
бағынған, алайда Геродоттан бұл туралы тура анықтама ала
алмаймыз, бірақта Лидия патшалығы мен Вавилонды
бағындырған мерзім аралығында оларды (сақтарды,-Ғ.Қ.) Кир
өзіне қосқан деуге негіз бар. Алайда “Бихустан тасқа қашалған
жазулары” бойынша Дарийдың кезінде олар оған қарсы
шықты, алайда наразылық басылды, және де Сакук деп
129
аталатын жетекшілердің біреуі тұтқынға алынды. Аталған
жазуда келтірілген көздері жойылған тоғыз бүлікшімен бірге
Дарийдің бейнесі жасалған барельефте Сакук Геродот
тұжырымдаған Ксеркс әскерлеріндегі сақтар киген биік және
сүйір қалпақпен бейнеленген.
Парсылармен бірге гректерге қарсы соғыса отыра сақтар
Платея және Фермопиль, сонымен бірге Марафондағы
шайқастарда ерекше жауынгерліктерімен ерекшеленді. Бұл
туралы Геродоттан (ҮІ,113 және ІХ, 70), сонымен бірге
Диодордан (ХІ,7) оқимыз. “Бихустан жазбасы” куә болатын
Дарийдың Сақтарға қарсы шабуылы туралы баяндаған
классикалық жазушылардан неғұрлым кейінгі Полиэн ғана
(кітап. ҮІІ, тарау ХІ, параграф 6,8) еске алады. Оның жазуынша
Сақтардың сол мерзімде үш билеушісі болған және өзінің
барлық әскерлерімен осы жорықта күйреуден әрең аман
қалған. Осы жазушының деректері бойынша (кітап.ҮІІІ тарау
26) Сақтар Алдыңғы Азияда Семирамиды кезінен белгілі
болған, себебі олар туралы аталған патша-әйелдің жарлығы
бойынша өзінің ісі мен ерлігі баяндалған осы айтулы жазбада
сипатталған. Ақыр соңында Страбоннан (сақтардың,-Ғ.Қ.)
өздерінің негізгі мекені Яксарттың арғы жағынан шыға отыра
Бактриядағы гректердің билігін талқандап, осы елді өздеріне
қаратқандығын білеміз.. (Кітап ХІ, тарау.8, параграф 4)” [5.7,8].
Яғни, осы сараланған деректерден Еуразия кеңістігінің,
соның ішінде Батыс Сібір, Алтай өңірінің негізгі көне
тұрғындары, қазіргі бүкіл түркілердің, соның ішіндегі қазақ
халқының тікелей арғы ата-бабалары – сақтардың аталған
аумақтағы
өркендеу
мен
ықпалдылық
жағдайындағы
жауынгерлік тарихы айқындала түседі.
Әдебиеттер:
1. Сибирский Вестник, издаваемый Григорьем Спасским.
1824 год, Часть третья.- “О татарах (Речь Президента
Бенгальского Общества Сира Вильяма Джонеса,
произнесенная в торжественном собрании онаго Общества 21
февраля 1788 г.) ... С.161-190.
2. Сибирский Вестник, издаваемый Григорьем Спасским.
1824 год, Часть четвертое.- “О татарах (Речь Президента
Бенгальского Общества Сира Вильяма Джонеса,
произнесенная в торжественном собрании онаго Общества 21
февраля 1788 г.) Продолжение..сс.192,194.
3. Ключевский В.О. Сочинения в девяти томах. Том 1.
130
Достарыңызбен бөлісу: |