тұрғындарының тарихын, олардың шаруашылықтары, салт-
дәстүрлері,
мәдениеті,
өлкенің
табиғатына
арналған
шығармалар дайындала бастады. Олардың басым көпшілігі
сол мерзімдегі белгілі ғылыми-көпшілік “Сибирский Вестник”
және тағыда басқа журналдарда жарияланды.
Атап айтқанда, жоғарыдағы аталған журналдың 1824
жылғы санының үшінші бөлімінде Бенгал қоғамының
Президенті Сира Вильям Джонестің аталған ұйымның
салтанатты жиынында татарлар туралы сөйлеген сөзі беріліп,
[1] біздің заманымызға дейінгі кезеңдегі бүкіл Еуразия аңғарын
қоныс етіп, өз кезіндегі шаруашылығы, мәдениеті дамып,
қуатты қоғам негіздей білген сақтар туралы жан-жақты
тарихына
талдау
жасалған.
Атап
айтқанда
онда
көрсетілгеніндей: “... “Скифия” сөзі ертедегі еуропалықтарға
жеті кеңістік арқылы белгілі болған барша елге қойылған
жалпы атауы болуы мүмкін. Плинидің тұжырымы бойынша
аталған ұғымның қандай сөзден шыққанына, соның ішінде бұл
халықтың атауының гректер мен парсыларға белгілі “Сақ”
(Cacae); Брианның (Bryan) тұжырымынша суда жүзудің
бағыттарына арналған белгілердің (tеrmes) мағынасы “Куон”
деген
сөзден;
Полковник
Валансеяның
(VaIIancey)
айқындауынша немесе грек сөзінің түбірінен алынатын “ашу”
және “өшпенділікті” деген мағынаны білдіруіне қарамастан
Скифия мен Татария атаулары осы жерлерді қазіргі мекендеп
отырған халықтардың Үнді, Қытай, Парсы, Япония сөздері
сияқты біз иеленіп отырған елдердің қазіргі есімдері емес.
Шындығында
парсылар
Скифияның
оңтүстік-шығысын
“Татарстан” деп атайды және де жекелеген жазушылар “татар”
сөзі (аталған халықтың - Ғ.Қ.) “ерекше буыны”, келесілері бір
кіші өзеннің атауы деп есептейді, осылармен қатар “Иранға”
қарама-қарсы “Тұран” сөзі ерте Оксус өзенінің оңтүстігі мен
шығысындағы Афрасиаб патшалығы туралы ұғым береді.
... Міне осылай, Плинийдің тұжырымынша, Татарияны
әр кезеңдерде Азия мен Еуропаның қалған бөліктерін
бағындырған әр уақыттағы әр түрлі: ұлы солтүстік халықтары;
жеңілмейтін
салтаттылар
қолы;
немесе
адамзатты
негіздеушілер деп аталған көпсанды халықтар қоныстанды.
Жазушы Бальи (Bailly), ... оны бірінші рет біздің рудың
бастаушысы деп атады. Ол ерте дүние ғылымның жаңалығын
Скифтердің қиыр солтүстік бөлегінен, атап айтқанда Енисей
жағалауларынан немесе Гиперборей елінен алды деген
айқындама жасайды. Ол (Бальи,-Ғ.Қ.) ертедегі Греция, Италия,
Персия және Индияның дүниетанымдық ойы солтүстіктен
126
келген деп көрсетеді және де өзінің осы тұжырымын үлкен
сенімі және білімділігі арқылы дәлелдейді.
... Татарлар туралы менің өзім көрген барлық кітаптар
арқылы бізге жеткен барлық нақты тарихи деректер ... үнділік
сияқты Оғыздардан бастау алады. Олар өздерінің халқының
негізін салушыны және оның патшалық құруын 1164 жылы
туған Шыңғысханға дейінгі 4000 жылдан бастайды. Бальи сөз
тіркестеріне назар аудара отыра Огигейді Оғыздан және
Атласты Алтайдан немесе Татариядағы Алтын таудан (Алта
татарша алтын) таратпайтындығы таң қалдыруы мүмкін емес
деп есептейді..
Ол екі сөзден де гректік аяқталуды тауып, әріптердің
қарапайым ауыстырылуы сөйлемнің мазмұнының ашылуына
қиындық келтірмейтіндігін айтады.
.... Қытай деректерін шеберлікпен пайдалана отыра
Дегин, Висдел (BisdeIou), Майла (МаіIIа) және Гобиля (GаudіI),
татарлардың ерте дәуірден бергі тарихын жеткізеді. Көне
қытай тарихшылары ... өз заманындағы оқиғалардың
барлығына жекөрініштікпен, тіпті әдейі кері баға берумен
қарады. Егерде олар олар айтқандары шын болса, көне
баяндаулар ... татарлардың көптеген адам өлтірулер, бүлік,
қырғын, тағыда басқаларды іске асырғандығын жеткізеді. ...
мен мұндай маңыздылықтар туралы айтпас едім, алайда мен
Висделудың
тұжырымы
негізіндегі
Хіумb-ну
немесе
Гунндардың (Нuns) біріншісі билеушісі өзімнің бұрынғы
сөздерімде анықтаған мерзімнен кейінгі 3560 жылға жуық
уақыт бұрын үнділіктер мен арабтарды өздеріне тиесілі
елдерінен ығыстыра отыра патшалық ете бастады” деген
ескертулерге қанағаттанамын”. [1.166,167,172,173]
Сира Вильям Джонестің баяндамасындағы: “Татарстанда
немесе Скифияның батысында Зайсан көлі маңайындағы
құрылыс қалдықтары сияқты пирамидалар мен жерлеу
орындары табылған деген сөздер бар”[2.192] деген
деректерден сақтардың өз кезіндегі өркендеген материалдық
мәдениетінің болғандығын айқындай түссе, осы баяндаудағы:
“Каспий теңізі маңайынан табылған қолжазбаларға бір жақты
айқындама жасауға болмайды, алайда айтулар бойынша
олардың арасындағы көгілдір жібек матаға еврейлердікіне
ұқсас алтын және әріптермен жазылған жазу Ертістің жоғары
ағысындағы (Зайсан көліне құятын Қара Ертіс аңғары мен
Шілікті жазығы,-Ғ.Қ.) табылғандармен бір сапалы (мазмұнды,-
Ғ.Қ.) тибеттік болуы мүмкін,” [2.194]- деген оның сөзінен
сақтардың сол дәуірдегі басқа халықтардан өзіндік айырықша
127