Курс русской истории . Часть 1. с.119.
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) бес
томдық.1-том-Алматы: Атамұра, 2010-544 бет.
5. Землеведение П.Риттера. География страны Азии,
находящихся в непосредственных сношениях с Россиею.
Восточный или Китайский Туркестан. Издано императорским
русским географическим обществом. ... Выпуск второй-
дополнения отдел первый-историко-географический. - Спб.,
1873, С.525.
1920-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС
АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Муратказин М.М., т.ғ.к.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы қ.
muratkazin@bk.ru
Қазақстанның түсті металлургиясы орасан зор пайдалы
қазыналар қорларына негізделген өнеркәсіптің көне және
жетекші саласы болады. Бұл сала республиканың бүкіл
өнеркәсіп кешенінің қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Түсті
металлургия пайда болғанынан кейінгі жылдары Шығыс
Қазақстан аймағы қиын және күрделі кезеңдерді бастан
кешірді. 1917 жылға қарай түсті металлургияда жұмыс істеп
тұрған тоғыз кеніш және үш зауыт болды. Олар Спассмыс
балқыту,
Екібастұз
мырыш,
Қызылеспе
күміс-қорғасын
зауыттары еді.
Алдымен түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс
және Орталық Қазақстан болды, ал соңғы 20-30 жылдардың
ішінде бұл сала республиканың оңтүстік және солтүстігінде
орналаса
бастады.
Осының
нәтижесінде
Қазақстанның
жекелеген жерлерде экономикалық даму деңгейін белгілі
дәрежеде теңестіре бастады.
Қазақстанда жыл сайын жаңа кеншілер, шахталар,
заводтар қатарға қосылуда. Қазақстанның қазба байлығының
ішінде кенді Алтайдың орыны ерекше. Ол кен – қоймасы. Онда
мыс-қорғасын, алтын – күміс, қалайы, вольфрам, цинк кендері
мол. Алтайдың кен байлығын барынша зерттеп, кеңінен
меңгеруге партия мен үкімет үлкен назар аударады. Алтайда
Ленинагор
қорғасын
заводы,
Ертіс
мыс
заводы
осы
131
индустрияландыру жылдарында жұмыс жасаған. Бұл қос
заводқа Алтайдың үшінші заводы – Өскемен цинк заводы іске
қосылды.
Бұл заводтардың пайдаға қосылуы одан кейін өнім беруі
большевиктер партиясының индустрияландыру программасы
іске асып, алып зауыттар пайдаға беріліп, үздіксіз жұмыс істеуі
индустрияландыру саясатының жүргізілу барысы орталықтан
қадағалануының нәтижесі.
Одақ көлемінде ірі кен орындарының бірі орталығы
Өсемен қаласы болған Алтай өлкесі. Алтайды игеру XVIII
ғасырдан басталған еді. XX ғасыр басында Алтай қорғасын мен
күмістің мол кеніне айналды. Осындай ұзақ уақыттық игеру
барысында Алтай тау-кен ісі құлдырауды басынан өткізді.
Мұның себебі Алтай кен өндіру ісіндегі технологиялар мен
техникалардың ескіруі. Сонымен қатар көлік жолының дұрыс
жолға қойылмауы және әлемдік нарықта күміс құнының
төмендеуі Алтай кен өндірісінің дамуына кедергілер жасады.
1940 жылы Алтай түсті металл комбинатының орталығы
Өскеменнен Лининагорск қаласына ауыстырылды. Оның
көшірілу себебі комбинат өзінің өндірісінен алшақтағандықтан
және басқару жүйесі дұрыс болмағандықтан осылай көшіруіне
мәжбүр болды. Комбинат директоры Евсеев облыстық
комитеттен комбинатты қайта көшірілуін және Өскеменге
орналасуы жөнінде өтініш жасалынды. Бұл мәселе өтініш
талабы бойынша қанағаттандырылды [1: 50-51].
Ұлы
Отан
соғысы
жылдарында
көптеген
зауыт,
фабрикалар Қазақстанға көшірілген еді. Соның бірі 1942 жылы
Ресейдегі Ордженикидзе атындағы Электроцинк зауыты
Өскеменге көшірілген еді. 1942 жылы осы зауыт алғаш металл
құйма өнімдерін берді [2: 2].
Өскемен Цинк зауытының құрылысы Ұлы Отан Соғысы
жылдарында жүргізілді. Жұмыста қиыншылықтар да кездесіп
отырды. Оның бір мысалы: құрылыс материалдары да
жеткіліксіз болып тұрды. Маман жұмысшылар жетіспеді [3: 45].
Өскемен Цинк заводының пайдалануға берілуі, одан кейін өнім
беруі еліміздегі индустрияландыру бағдарламасының іске
асуының
жетістігі.
Сталиндік
жаңа
бесжылдық
қойған
міндеттерді орындауға металлургтер өздерінің ынта-жігерін,
білімін, тәжірибесін, іскерлігін бұрынғыдан да арттыра береді
[4: 2].
Осы жылдары Отанымыздың түсті металлургия өнеркәсіп
орындарының қатарына металлургия заводы – Алтай Цинк
заводы ашылып іске қосылды. Цинк заводын салуға, оны
132
тезінен
қатарға
қосуға
қатысқан
құрылысшылар
мен
металлургтар заводты салу, қатарға қосу жұмыстарында
қажымай еңбек ете отырып, еліміздің тарапында Қазақстан
Цинк заводын беру ең үлесін қосты. Сөйтіп олар
большевиктер партиясына, үкіметімізге, көп ұлтты пролетариат
халқының көсемі Сталинге соғыстан кейінгі Сталиндік жаңа
бесжылдықтың жеңісі Өскемен Цинк заводын салу, оны
пайдаға тапсыру Алтай металлургтары алдында ерекше
қойылды [5: 47].
Қазақстанның шығыс аймағындағы кен орындары мен
кәсіпорындарда жұмысшылардың жағдайы 1920 жылдары да
басқа өндіріс аймақтарындағыдай сипатта болды. Өскемендегі
жұмысшылардың жағдайын жұмысшылар комитетінің басшысы
Исембаев 1926 жылғы жағдайды былай деп сипаттайды: Казак
жұмысшылары 70 жанұя бір баракта өмір сүреді. Жергілікті
тұрғындар казак жұмысшыларына пәтер жалға бермейді.
Жұмысшылардың орта жалақысы – 30 сом, коммуналдық
төлемдерге 15 сомға дейін ақша ұстайды. Өтем ақылар да
төленіп тұрды [6: 49].
1931 ж. Рубцовка-Риддер темір жолы салына бастады.
1939 ж. бұл темір жол Кенді Алтайды Транс Сібірмен Орта
Азия магистральдарымен жалғастырды. 1940 ж. Өскеменді
оның
оңтүстік
шығыс
аудандарымен
жалғастыратын
«Восточное кольцо» жолы салынды. Бұл жол XIX ғ. аяғында
Яровский деген қалаушының басшылығымен салынған еді. [7:
16]. «Восточное кольцо» жолы салынған кезде комсомолдар
ұйымы үлкен жауапкершілік танытты.
1934 жылы Рубцовка-Риддер жолының құрылысы жүзеге
асты. Ол 1938 жылы аяқталды. Бұл жол Өскемендегі Транс-
Сібірмен және Орта Азия магистральдарымен жалғастырды [8:
54].
Түсті металдар орталығының ең ірілерінің бірі бұл - Алтай
өңіріндегі тау-кен комбинаты Риддер кеніші. Алтай өңіріндегі
полиметалл кеніштері Кеңес Одағындағы полиметалл түрінің
бір бөлігіне айналды. Атап айтқанда Риддер, тау-кен
комбинаты т.б тау кен комбинаты Өскемен қаласынан 80
шақырым жерде орналасқан еді. Кеңес Одағы бойынша
Риддер кеніші іске қосылғаннан кейін қорғасын өндіруге деген
сұраныс бес есеге ұлғайды. Аталған қалалық аймақтағы метал
мен кен қорлары мынандай көрсеткіште анықталған. Риддер
және Сокольный кеніштерінде: мырыш 450 мың тонна,
қорғасын 250 мың тонна, мыс 25 ьың тонна, алтын 55 тонна
және күміс 250 тонна [9: 3].
133
Достарыңызбен бөлісу: |