Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет45/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   156

выводу о том, что генетическая связь между ними непрерывно 

продолжалась в течение трех тысяч лет. Это свидетельствуете 

том, что южно  сибирская или туранская раса, в состав которой 

входит казахский народ, является автохтонной.



Литература:

1.  Назарбаев  Н.А.  «Путь  к  независимости».  Алматы, 

Атамура, 2003. с.3-6.

2.  М.Н.Тихомировов  «археология  и  этнография  основы 

нароодов ». – Москва, 1995 с.146.

3. Шер Я.А. Каменные изваяния Семиречья. М., 1966. с.73.

4.  История  Казахстана  с  древнейших  времен  до  наших 

дней. В 4-х т. Т.1.,              Алматы, 1996 с.243.

5. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. – Астана: Азимут, 

1999. - с. 142.

6.  Асфендияров  С.  История  Казахстана-А.:  Атамура-

Казахстан, 1993. с.273.

7.  Кузембайулы  А.,  Абиль  Е.  История  Республики 

Казахстан. Астана, 1999 с.179.

8.  О.Исмагулов  и  К.Сихымбаева  «История  Казахстана 

древнейших  времен  до  наших  дней».- Алматы/  Алматы  китап; 

2009 год, с.183.

КЕРЕЙ ТАЙПАЛАР ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Күзембайұлы Аманжол, тарих ғылымдарының докторы, 

профессор,

Еркін Әбіл, тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Тамара Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Қостанай мемлекеттік педагогика институты

Соңғы  жылдары  қазақ  халқының  құрамына  кірген  ру-

тайпалардың 

тари-хына 

жұртшылық 

тарапынан 

зор 


қызығушылық  байқалуда.  Оның  дәлелі  жер-жерде  әртүрлі 

форматта,  әртүрлі  мазмұнда,  әр  түрлі  ғылыми  деңгейде  том-

том болы жарияланып жатқан шежірелер.

Біздің  бүгінгі  әңгімеміздің  арқауы  тарихы  тереңде  жатқан 

керейлер  тайпасы.  Тарих  ғылымында  аса  мән  берілмеген  бұл 

тақырып 


өз 

зерттеушісін 

табар 

уақыты 


жетті 

деп 


ойлаймыз.Олар  туралы  алғашқы  деректі  араб  ғалымы  Абул 

116



Фарадж еңбегінен кездестіреміз. Керей елінің ханы 1007 жылы 

қазіргі  Түрікменстан  жеріндегі  Мерв  қаласының  метрополиті 

Ебед-Иещуге келіп, өзін 200 000 халқыменбірге христиан дініне 

қабылдауын  сұрап,  өтініш  білдірген  екен  [1].  Жалпы  керейлер 

туралы  толық  мәліметті,  олардың  көрші  тайпалармен  қарым-

қатынасы жайында 1240 жылғы «Құпия шежіре»[2] атты монғол 

жылнамасынан 

таба 


аламыз. 

Онда 


керейлер 

найман, 


меркіттер 

сияқты 


монғолтілділерге 

жататынындығы 

көрсетіледі..

Керей  туралы  деректерді  XIV  ғасыр  басындағы  парсы 

тарихшысы Рашид-ад-диннің «Жылнама жинағы»[3], онан кейін 

«Алтын Тобчи» [4], «Шара Туджи» [5], «Эрденйн Тобчи» Саган 

Сэцэна  [6]  жылнамалары,  ХVІІ  ғасырдың  аяғы  мен    ХІХ 

ғасырдың 

басындағы[7] 

ойрат 


және 

қалмақ 


т.б. 

жылнамаларынан  кездестіреміз.  Керейлер  туралы  мағлұмат 

бере  алатын  қытай  деректері    «Илэтхэл  шастир»[8],  П.С. 

Поповтың  аудармасындағы  «Мән-гу-ю-муцзи»[9],    және  Н.С. 

Бичуриннің тәржімалық еңбектерін атауға болады[10].

Ертедегі  керейлер  туралы  зерттеудің  өзекті 

мәселесі-олардың  қай  тілді  падаланғандығы  жөнінде.  Осы 

тақырыпқа  қалам  тартқан  зерттеушілер  Рашид-ад-диннің 

қарама-қайшылыққа  толы  еңбегіне  сүйенеді.  Кейде  ол  өзінің 

жазған «Түркі тайпасы туралы» бөлімінде керейлердің түркіден 

шыққанын  жоққа  шығарады  да,  «монғолдан  тараған»-деп 

жазады[11].    Ол  керейлер  туралы:  «в  настоящее  время 



называют  монголами,  однако  вначале  их  название  не  было 

таковым…,  не  столь  давно  получили  имя  монголов»-деп 

түсіндіреді[12].  Тіпті  ол  монғол  туралы  «в  древнее  время 



монголы 

былинародом, 

принадлежащим 

к 

тюркским 

племенам» [13]-деп жазады. 

Сірә  Рашид-ад-дин  үшін  «түркі»  термині  этникалық  та, 

лингвистикалық та емес, әлеуметтік-саяси жағынан «көшпенді» 

сөзінің баламасы сияқты. Сондықтан да ол түркі тайпаларының 

құрамына  тек  түркі  ғана  емес,  сонымен  қатар  монғол,  таңғұт, 

түнгус-манжур тайпаларын да жатқызады.

Керейді 

монғолтілділер 

қатарына 

жатқызушылар 

«кереит»  (кэрэит,  кэрээд  т.б.)  термині  монғол  тіліндегі  сөз 

және  ойрат  (батыс-монғол),  қалмақ  тілінде  «қарға»  деген 

мағынаны  білдіреді  дейді.Бұл  термин  яғни  «кэрэ»  сөзі  ойрат-

қалмақ  тіліндегі  «қарға»  сөзі,  ол  көпше    түрде  қолданылатын 

кэраат  (халха-монғолша-хэрэит)  болып  шығады[14].  Кереит 

этнонимінің  монғол  тілінде  оңай  түсіндірілетінін  ескерсек, 

жоғарыдағы  авторлардың  яғни  керейлерді  түркіден  шықты 

117



деген пікірінің қате екенін мойындауға тура келеді[15].

Әбілғазы  «кереит»  сөзін  «қара  қой»  деп  аударып,  

олардың түркі тілдес екендігін айтады[16]. Түркітанушылардың 

басым  көпшілігі  бұл  пікірді  қолдайды  [17].Керейді  атақты 

шығыстанушы  Н.А.  Аристов  та түркілерге жатқызады. Мысалы 

ол      жоңғар  аймағында  «кериет»,  «абагас»  керей  және  абақ 

керей  сөздерінен  айнымайтынын,  сонымен  қатар  «эркэтын» 

түркі тайпасындағы арғын болуы мүмкін екендігін жазады [18]. 

Орыс 

тарихшылар 



Грумм-Гржимайло, 

Санжеев 


Г,. 

Владимерцев  Г.,  Киселев  С.  және  басқа  да  ғалымдардың  

керейді  монғол  тілділер  қатарына  жатқызуы  сын  көтермейді 

[19]. 


Керей  мен  қаңлының  туыстығы жөніндеде деректер бар. 

Бұл  туралы  белгілі  қазақ  зерттеушісі  А.  Қадырбаевтың  қытай 

дерегінен  алынған  мағлұматтарына  сүйене  отырып,  жасаған 

тұжырымын  мысалға  келтіруге  болады:  «…  В  китайском 



источнике  «Мэнуэр-шицзы»  говорится:  Кереиты  были 

предками  канглы.  Западные  племена  именовались  канглы, 

восточные  –кереями…»  [20].  Зертеуші  Р.  Храпачевский  өз 

еңбегінде  керейлердің  түрік  екендігін,  олар  түріктің  қаңлы  мен 

оғыздан шыққандығын және тілі түрік болғандығын еске салады 

[21].


П. 

Ратчневский 

керейлердің 

ішіндегі 

монғолдық 

элементтердің  болуын  қидандардың  бір  бөлігінің  керейлерге 

сіңіп  кетуімен  түсіндіреді.  [22].  В.И.  Рассадин  монғолдың 

«Құпия  шежіресінің»  тіліндегі  түркизмге  талдау  жасай  отырып, 

керей  мен  наймандардағы  кісі  есімдерінің  құрамында  түрік 

элементтері  көбірек  кездесетіндігі  ертедегі  түрік  мәдениетінің 

зор  ықпалы  болғандығын  көрсетеді  деген  қорытындыға  келеді 

[23].Р.Г.  Кузеев  ХІХ ғасырдың басындағы керейлерді кейбірінің 

түркіден,  енді  бірінің  монғолдан  шыққан  дейді  [24]..  Н.  А. 

Аристов.  Г.И.  Грумм-Груммжимайло,  В.В.  Бартольд,  Х.Ховорс 

және  басқалар  бастаған  пікірталастың  соңғы  нүктесі  әлі 

қойылған  жоқ,  бірақ  соған  қарамастан  керейлерді  түркіденен 

шыққан  деген  идеяны  айтушылар  қатары  көбейе  түсуде  

[25].Сонымен  қатар  бұл  авторлар  найман  мен  керейлер  тек 

қана  түркітілді  емес  қыпшақ  тілінде  сөйлеген  деп  те  есептейді

[26].


Қорыта  айтқанда,  қалай  дегенмен  көне  керей  тайпалары 

өзінің  геосаяси  жағыдайына  байланысты  қос  тілді  меңгеріп, 

этникалық жағынанда әрқилы болуы мүмкін.

Керейлер  тарихының  келесі  бір  аз  зерттелген 

поблеммасы  оның  тайпалық  құрамының  қалыптасуы.  ІХ 

118



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау