өңдейтін зауыттар пайда болды. Жергілікті тері өңдеудің
жетілмегендігінен өңделген терілер ерекшеленбеді, сонымен
қатар
Екатеринбург
пен
Қазан
қалаларынан
келген
тауарлармен өзара бәсекеге шыдай алмады. Сол себепті
көпестер Ресей нарығына өңделмеген шикі терілерді жеткізу
арқылы мол табысқа кенелуді жөн көрді.
ХХ ғасыр басында қалада жылына өндіргіштігі 3500
сомды құрайтын 2 ішек-қарын тазалайтын зауыт болды.
Аталған зауыттардың өнім көлемі өсіп отырды: 1914 жылы 9
жұмысшысы бар 2 зауыт 7 мың сомның тауарын өндіре
бастады [6]. Қаладағы
ерекше ірі және жан-жақты
жабдықталған кәсіпорынның бірі
- ХХ ғасырдың басында
пайда болған А. Кубриннің сыра-бал қайнататын зауыты
болды. Оның өндіргіштігі жылына әр жылдары 15-тен 35,5 мың
сомға дейін жеткен. Жұмысшылар саны 8-18 адам аралығында
болды [7: 78]. Азық – түлік өндірісі кәсіпорындарының ішінде
өзінің өндірісін біртіндеп өсірген жеміс сулары зауытын атауға
болады. Өндірілетін өнімнің кішігірім көлемі қыш жасайтын
шеберханалар мен қаланың май өндіретін орындардын
ерекшелендірген.
1893 жылы Ақмола қаласында алғашқы бу диірмені
жұмыс істей бастады, ал 1914 жылы 2 бу диірменінің 15
жұмысшысы 25 мың сомның өнімін өндіре бастады. ХІХ ғасыр
аяғында қалада өндіргіштігі жылына 150 мың сомды құраған 65
жел диірмен мен су бір диірмені жұмыс атқарды [8: 16].
Жекелеген жылдардағы ұстаханалардың саны 20, кейде
одан да көп болып, олар ұсынған қызмет көлемі 0,5-тен 20
мың
сомға
дейінгі
сомаға
бағаланды.
Тұрақты
және
динамикалық даму сипатына кірпіш өндірісі ие болды, оған
деген сұраныстың артуы ХХ ғасыр басында әртүрлі қалалық
объектілердің құрылысы басталған кезде күшейді. 1914 жылы 9
кірпіш зауытында 50 жұмысшы 150 мың сомның өнімін
өндірген болатын [9]. Ақмола уезінің территориясында мыс,
алтын, көмір өндіріліп, тау-кен өндірісі қарыштап дамыды.
Спасск мыс балқыту зауытында 1912 жылы 1 514 030 пұт мыс
рудасы қорытылып, 271 421 пұт таза мыс алынды. Мыс
рудасын зауыт Успенск кенішінен алса, тас көмір Қарағанды
көмір алабынан жеткізілді.
Әдебиеттер:
50
1. Обзор Акмолинской области за 1914 год. Омск, 1915.
С.33.
2. ОО ММ 366-қор. 1-тізбе. 454-іс. 18 б.
3. Обзор Акмолинской области за 1911 год. Омск, 1912.
Приложение. Ведомость о ремесленников.
4. Антонова И.В. К вопросу о складывании структуры
обрабатывающей
промышленности
в
г.
Акмолинске //
Социально – политическая история Приишимья. Целиноград,
1990. С.78.
5. Обзор Акмолинской области за 1914 год. Омск, 1915.
Ведомость о промышленности.
6. Сонда.
7. Антонова И.В. Аталған шығарма 78 б.
8. ОО ММ 366-қор. 1-тізбе. 454-іс. 16 б.
9. Обзор Акмолинской области за 1914 год. Омск, 1915.
Ведомость о промышленности.
ОТАНДЫҚ ТАРИХТАҒЫ ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ
ШИЕЛЕНІСУІ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ «АҚТАҢДАҚТЫ» МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алдаберген М.Н., Жолдасов С.Ж.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институты
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласында: Іс
жүзінде бүкіл оқу-тәрбие үдерісі ескірген әдістемелерге
негізделгені, оқу-тәрбие үдерісінің тарихы білім сынды
маңызды ісі жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуы
міндеттерін шешуге атымен бейімделмегені жөнінде айта келіп,
“Нақтылық мынада, оқушылар Қазақстан тарихы пәнін
“зеріктірерлік”, “қызықсыз”, “бытысқан” пән деп санайды. 2012
жылы “Алтын белгі” медалін алуға үміткерлердің талайы нақ
осы
отандық
тарих
жөніндегі
“өкінішті”
сұрақтардан
“омақасқаны” көп жайды аңғартады” [1],- деп көрсеткен еді.
Бұл шындық. Міне осыған байланысты, негізгі мәселе,
кейбіріміздің қайта-қайта айтып жүргеніндей тездетіп тарихты
қайтадан жазу емес, оны тарихты шындық тұрғыдан жазуды
күн тәртібінде тұрған жауапты мәселе деп қарауымыздың
керектігі.
Біз
бірден
Н.Ә.Назарбаевтің
өте
шындықты
51
айтқанынан бастайық. Қазақ-жоңғар қатынасын зерттеу және
оқырмандарға ұсынған жайларда қандай қателіктер орын алып
отырғаннан баяндайықшы. Басқа басқа, келешекте жарық
көретін
кітаптардың
басшылыққа
алатын,
қазіргі
күні
пайдаланып отырған Қазақстан тарихының бес томдық
кітабының 2010 жылы жарық көрген үшінші томындағы қазақ-
жоңғар қатынасының аса бір айтулы кезіндегі материалдан
бастайықшы. Онда: “1726 жылдың күзінде Бадам – өзенінің
маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкілқазақ
съезі өткізілді. Съезде Әбілхайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік,
Жолбарыс хандар, сұлтандар, Төле би Әлібекұлы, Қаз дауысты
Қазыбек би, Әйтеке би бастаған түрлі әр рудың билері, даңқы
шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды” [2] делінген
бес қатарда алты дүдәмал, тіпті дұрыс емес жайлар жазылып
отырса ол басшылыққа алатын қандай материал болмақ.
Бірінші – біз осы кезге дейін Ордабасыдағы кездесуді
1726 жылдың күзінде емес, көктемінде өтті деп жүр емеспіз бе.
Екінші, бұл арнайы делегаттар сайланып, тиісті адамдардың
келіп қатысқан съезд емес, үшіншісі, съезде Әбілхайыр,
Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, сұлтандар
қатысыпты. Сонда, ол кезде Қазақ хандығының басында
отырған ханның аты кім еді, ол келмеген бе, неге аты жоқ. Бұл
кезде Қазақ ханы Тәукенің үлкен ұлы Болат хан емес пе. Оның
аты бірінші болып аталмақ түгіл, тіпті не себепті айтылмай
қалғаны белгісіз. Төртіншісі, Төле би Әлібекұлы, Қаз дауысты
Қазыбек би, Әйтеке би бастаған деп, алғашқысы Төле бидің
кімнің баласы екенін айтып, Қаз дауысты Қазыбектің
Келдібектің баласы екені, Әйтеке бидің Байбектің баласы
екенін неге айтпаған. Бесіншісі, 1726 жылғы Ордабасыдағы
жиында біреулердің айтып жүргеніндей 1700 жылы, енді
біреулердің айтқанындай 1722 жылы қайтыс болған Әйтеке би
қатысқан жоқ емес пе. Алтыншысы, әр рудың билері, даңқы
шыққан қолбасшылар мен батырлар ғана емес, ең бастысы
жоңғар әскерлеріне қарсы шайқасатын қазақ жасақтары
шақырылған жоқ па. Сонда басшылыққа алатын бес томдық
кітабымыздың бірі – үшінші томдағы бар-жоғы бес қатардан
алты дүдәмал жай, немесе қате шығып жатса, біз оны
студенттерге оқуға қалай ұсынбақпыз. Бұл бір ғана мысал. Бес
қатардан тұратын бар-жоғы екі сөйлемге осынша пікір
айтылатын болса қатты ойланатын жай. Олай болса,
Президентіміздің айтқанына неге көңіл бөлмеске.
Осы жерде, К.Маркстің “Фейербах туралы тезистер” деген
еңбегінен бір сөзін айтсақ деп отырмыз. Онда: “Философтар
52