Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тірек-сызба нұсқалармен жұмыс
•
Тірек -сызба нұсқалармен жүйелі түрде жұмыс оқушының пәнге қызығушылығын, оқу
белсенділігін арттырады.
•
Білімін терең және берік меңгерілуін қамтамасыз етеді.
•
Оқушылардың ойлау қабілетін, жады мен сөйлеу мәдениетін дамытады.
•
Оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі.
•
Оқушы топпен және өзара бірлесіп жұмыс істеуді үйренеді.
•
Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі, өзін-өзі бағалауды үйренеді
Қорыта айтарым, оқушы оқу үдерісіне белсенде қатысқанда ғана берілген материалды терең меңгере
алады, мағынасын ажырата алады, өз- өздерін тексеруге және өзгені бағалауға қабілетті болады. Бұл
кезекте сындарлы оқыту теориясының маңызы өте зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші басылым) 2012ж
2.
Биология анықтамалығы (2012ж №4)
3. М.М.Жанпейісова «Модульді оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» 2006ж
4. С.С.Мирсейітова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» 2011ж
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖАРҚЫН ІСПЕН КҮЛЛІ ӘЛЕМДІ ТАҢ ҚЫЛЫП,
ЖАСАЙ БЕРСІН ЕЛДІГІМІЗ МӘҢГІЛІК!
№114 орта мектептің математика
пәні мұғалімі А.Акимова
17 қаңтар — қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Елбасы Қазақстан халқына жаңа
«Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жолдады. Жолдаудағы
Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір сөзі жүрекке жылылық ұялатып қана қоймай, біздің болашаққа деген
сенімімізді еселей түсті.
«Қазақстан 2050 стратегиясы» болашақта бізге жол көрсетер бағытымыз екенін барлық жастар
біледі. Жолдауда айтылған барлық бағдарлама біз үшін өте қымбат. Көздеген мақсатқа жету үшін
қандай қадамдар жасайтынымыз бізді қатты ойландырады. Жастардың қосар үлесі мол. Бізді
қуантатын жағдай ол – халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығы, ол Елбасымыздың
халық жағдайын бірінші орынға қойғандығы. Қазір өрлеу жолында болғандықтан, дамыған 30 елдің
қатарына кіру бәсекелесі — басты мақсат.
Жаңа Қазақстанның болашағы — біздің қолымызда! Біздің бойымыздағы патриоттық рух Отанға
деген құрмет сезімімізді оятып, әр жастың бойына жігер береді. Біз Болашақ жастары осы
міндеттерімізді атқаруды бір сәтте естен шығарған емеспіз. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» қатарынан
Қазақстанның өшпес орнын табу Елбасымыздың дұрыс саяси бағытына байланысты. Елдігіміз бен
бірлігіміз шыңдалған бұл шақта Қазақстанды мәңгілік ел болып қалуына өз үлесімізді қосамыз.
Сонымен қатар дамушы елдер қатарынан инновациялық технологияларды қолдана алатын жаңа
Қазақстан құрамыз. Бұл жолдау біз үшін жүрегімізде үміт отын жандырды.Елбасы өз Жолдауында
студенттердің шәкіртақысы және білім қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі жайлы айтты. Яғни,
білім және ғылымға аса зор көңіл бөлді.
ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін
біз не істеуіміз керек?
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай
Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар
ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
білуге тиіс», деп атап көрсетті.
104
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға
тура келеді. Ең алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек.
Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау
қалыптасуда. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі құрылып, әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге үлкен қадамдар жасалуда. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
анағұрлым танымал білім беру әдістері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл
кең тарап отыр.
Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа сыныптағы
түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара
әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделіп отыр.
XXI ғасырдың өзінде ақ білім берудің мақсаттары мен міндеттері түбегейлі өзгеруде, себебі
ақпараттың көптігі, оқушылардың жүктемесінің артуы, осы тұрғыда педагогтің міндеті білімді
қосындылау емес, оқушыларды осы білімді өздігінен игеретіндей қабілеттерді меңгерту болып
табылады. Жаһандану заманында сындарлы оқытудың тәсілдерін ұтымды қолдана білу оң нәтиже
бермек.
Сындарлы көзқарас қалыптастыру арқылы ақпараттарды өңдеу, сұрыптау, жіктеу, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын, маңыздылығы мен құндылығын негіздеу, факторлар мен аспектілердің негізгі
тұжырымдарын анықтауды меңгердік.
Оқыту үдерісінің табысты болуы оқушылардың оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім
дағдылары аясында жүзеге асады. Әр сабақ барысында жеті модуль қамтылып отыруы қажет. Оқыту
барысында өздігінен білім алуға , білімдерін қолдануға , ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуға
оқушының өзі іс-әрекет жасауына, ұмтылуына бағыт бағдар беру көзделеді. Сабақ бойы
оқушылардың барлығы дерлік іс-әрекет үстінде, жұмыс жасап, іздену үстінде болады. Сабақты
жоспарлағанда оқушының өз бетімен білім алуға жетелеу көзделеді.
Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға болмақ. Оқушының сандық
сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық-
коммуникациялық технологияны жиі қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттырды және
интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыланды.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін,
оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады.
Әр сабақта ғаламтор, электронды почта, электронды оқулық , ғаламдық ақпарат жүйесін пайдаланған
тиімді. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарды сабақ кезеңдерінде
пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
2. Танымдық қабілетін қалыптастырады;
3. Этнопедагогикалық тәрбие береді;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді;
6. Оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді;
Математика-барлық ғылымдардың логикалық негізі-күре тамыры ретінде қарастырылады.
Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі
мәселелерінің бірі. Көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін
дамыту үшін сабақта әр түрлі , жан-жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы
үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс .
Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып құру-бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі
бағалаулары үшін де тиімді болмақ.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл
бөлемін. Топта жұмыс жасауда оқушылар бір-бірінің ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында
жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды.бір-бірінің жұмыын мұқият тыңдауға үйренді.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болатынына
сенемін.
105
Достарыңызбен бөлісу: |