Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сергіт
у сәті
similarities and differences.
Оқушылар әр түрлі физикалық
жаттығулар жасайды.
Thames.
Оқушылар Вен диаграммасын толтырады. Әр топ
өздеріне берілген қала туралы жазады. Топ болып
қорғайды және ортақ нәрселерді табады.
Талда
у
Comprehension check.
What are the popular buildings?
What is the name of its river?
Оқушылар бір- біріне сұрақ қояды.
P1: London is famous for its historic buildings St.
Paul’s Cathedral, the Houses of Parliament and Big
Ben.
P2: Astana is famous for its modern buildings.
Жина
қтау
Writing (Work with interactive
board).
Ex 12. Complete the sentences with the
words from the texts.
Оқушылар жаттығулар орындайды.
There is no underground in Astana. The main
transport is buses.
I don’t want to live in the centre because it is noisy
and crowded.
Бағала
у
Cinquain :”Astana”,” London”
Оқушылар бес жолды өлең жазады
London
Old, famous
To visit, to show, be famous for
London is the capital of England.
Capital
Astana
Modern, young
To visit, be famous for, prosper
Astana is the capital of Kazakhstan.
Capital
Үйге тапсырма: Eх 13. Write about your village
at home (1 минут).
Бағалау. Оқушылар екі жұлдыз, бір тілек жазады.
(2 минут).
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҮЙРЕТУ
Елеусинова У.М. №126 орта мектебінің II санатты
математика пәнінің мұғалімі
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050
стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты мазмұны терең, бағдары айқын,
стратегиялық маңызы ерекше Жолдауын жариялады. Президенттің өзі айтқандай, мықты мемлекеттің
жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамуымен және экономиялық өсуімен ерекшеленетінін
ескерсек, бұл жолдаудың мән маңызы, берері арта түседі.
Елбасы Жолдауында жаңа саяси бағыттарға орын беріп, жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы
Қазақстанның жаңа келбетін жасады. Қуатты да табысты мемлекеттің қай жағынан алғанда да өресі
биік, мәртебесі үстем болатындығын айғақтады.
Елбасы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің санатына қосылып, өзіндік жетістіктеріміз
бен қазақстандық даму үлгісін ұсынды. Елбасы жолдауындағы тағы бір маңызды көтерілген тақырып,
ол – білім мәселесі. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп
жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді
қалыптастыру.
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың
белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты. Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің негізгі
мақсаты – сабақ сапасын көтеру, сабақ түрін жетілдіру, ақпарат және техникалық құралдарды
108
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын
қалыптастыру.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі
обьект- субектілі педагокикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде,
өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда
педагокикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен оқушының
тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім пардигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын,
білім алу арқылы дамуын қойып отыр.\МОТ оқушыны дамыту құралы ретінде, 4-бет\
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда,оқу бар
бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы
ойлануға да қабілетті.. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды да тану
да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау,
кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға
болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
-
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
-
жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
-
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
-
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі. \МАН,32-бет\
Сабақтың негізгі мақсатында балалардың өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы
мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқара алатын, өзін өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын
зерттеу. Нәтижесінде біз танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйреніп, өзін - өзі
реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделеу.
Менің зерттеу барысында байқағаным, кез - келген оқушыға сенім артып, өзіне өзі сенетіндей жағдай
жасаса, ол қандай жағдай болмасын күресіп, жеңіп шығады. Ол үшін, балалар оқу мен оқытудың
маңыздылығын айқындап, өз пікірлерін жеткізгеннен кейін өзін – өзі реттеуге күш жұмсайтыны
байқалады.
Білім жүйесі өмірімдегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал оқу
процесіндегі дәстүрлі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтыны түсінікті жайт. Бүгінгі
уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми
жетістіктерді еңгізуді талап етеді.
Математика мұғалімдерінің педагокикалық жұмыстарына қойылатын талаптарының басқа пәндер
мұғалімдерінің жұмысына қойылатын талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының
мақсаттылығын күшейтіп, сабаққа және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды
ұйымдастыруна мүмкіндік туғызады.
Тәрбие процесін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет
істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз
ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы
жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Үздіксіз іздену – бүгінде
мұғалімдерге қойылып отырған талаптардың бірі.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер
мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын
арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Зертеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарыммен бірігіп жүргізілген
жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.\МАН-39
бет\
Осы курсты оқымай тұрып дәстүрлі сабақ беру жүйесі туралы мен көп ойланатынмын, мұғалім емес
ендігі жерде оқушыларды қозғалысқа, ойлануға түсіретін қандай да бір әдістің керектігін. Мен сабақ
беру барысында оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты пайдалананып, бірақ оны бір әдіс деп
қабылдаған жоқпын. Әрі үлкен маңызы бар екенін ескермеппін. Мен математикадан бергендіктен,
көбірек есептер шығартуға көңіл бөлетінмін. Сондықтан енді мүмкіндігінше көбірек диалогты
пайдалануға тырысамын.
109
Достарыңызбен бөлісу: |