Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет116/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
біліп үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ерекше заң шығартқызып, үйрету сияқты істермен болады. 
 «Жаңа буын» математика оқулықтарында «Жасыл қоршаудағы стандартты емес тапсырмалар» 
берілген. Бұл материал қазіргі математиканың бастауыш буынның білім мазмұнындағы «Төртінші 
блок-мазмұндық логикалық есептер мен тапсырмалардың жүйесі...» және ол «... оқушы зейінін, 
қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағыттамасы». 
 Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл 
оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір 
есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, 
логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. 
 Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикалық білім емес, 
күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар 
негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл -өте қиын, аса 
жауапты, бірақ игілігі мол, ардақты жұмыс. 
 Логикалық есептер.
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып 
келеді.Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан 
үлкен.Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат 
ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның 
жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы 
нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
Логикалық есеп 
• Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? 
• Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше 
алма болды? 
• Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл 
емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? 
• Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды 
қалай қоюға болады? 
Ойлан, тап 
 Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.  
 (14 * 6)*10=10 
Математикалық тест
257


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
4 + 3    9,10,7   10 - 3   7,8,9 
6 + 3    9, 6, 4   9 - 2   5, 6,7 
ІІ.3 Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар 
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, 
педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік 
дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. 
Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде
ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ 
сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». 
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. 
  Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. 
Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра 
отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын 
ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, 
есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары 
қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. 
Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім
дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ 
материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен 
шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және 
жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде 
балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім 
игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі 
баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан 
үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі 
баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте 
көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол 
алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, 
айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін 
қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. 
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының 
қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, 
айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы 
болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, 
сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік 
қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. 
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен 
тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті.
Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім 
мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына 
сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай 
жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық 
байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, 
ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға 
жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім 
жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, 
ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы 
оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім 
көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, 
елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын 
қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу 
258


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау