Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
емес. Сондықтан да математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамыуымен
байланысты болуы керек.
Бұл ойлаудың түрі негізі жалпы ойлаудың үш формасын меңгеру шарты -мен ғана дамиды: көрнекі
әсерлік, көрнекі мүсіндік және логикалық.
Алғашқыда 3-4 жаста көрнекі әсерлік ойлау күш алады.Бала перамидка жинағысы келеді,одан соң
оны түзетіп қалауға тырысады.
5-6 жаста көрнекі-мүсіндік ойлау дамиды,бұл көріп тұрған заттардан керектісін таңдай білуді, бұл
заттардың бір-бірімен, бөлшектерінің өзара байланысын,қатынасын анықтауға көмектеседі бала
мектеп, дүкен ойындарын ойнайды, суреттерді үлкен қызығушылықпен қарастырады.
Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады.Бала талдауға, талқылауға,
қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.
Оқушыларды логикалық ойлауға қалай үйретуге болады? Бастауыш сынып оқушыларын логикалық
ойлауға үйретуге бола ма? Балаларға жас ерекшелігіне байланысты қандай қиындықтағы
тапсырмалар беру керек?
Міне, осындай сұрақтар көптеген мұғалімдері мазалайды.Мұғалімнің басшылығымен балалар түрлі
есептер мен тапсырмалар орындай отыра логикалық тәсілдері қолдануды үйренеді.Сабақта әр түрлі
әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілеті дамып, білімдері бекіп,ізденуге, өз
жұмыстарының ойларын ортаға салуға дағдыланады да, сөз қорлары молаяды.Олар басқа пәнге
қарағанда математика ойлау, есте сақтауын қажет етеді,қызығушылығы оянып, ой-өрісі дамып, алған
білімдерін анықтайды. Оқыту процесінің басты компоненті – оқытудың мақсаты мен міндеті.
Логикалық жаттығулар:
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың
қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)
2. Үш ағайынды.
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші
емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?
(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)
3. Қай ауылдың балалары?
Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –
Қосқұдықтан, екіншісі -Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.
Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде
болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -үштөбеден.)
Қызықты әзіл-есептер.
1. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
3.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?
Дидактикалық ойындар.
Математикалық телефон
Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды ауызша қосуға және азайтуға жаттықтыру.
Керекті құралдар: Ойыншық телефоны, картон қағаздан дайындалған телефон тұтқасы.
Мазмұны: Бұл ойынды мұғалім мен класс толығымен болып, екі оқушы дара, немесе бір оқушымен
класс болып ойнайды. Күнделікті өз үйлеріндегі телефонмен сөйлескендері сияқты екі бала бір-
біріне математикалық тапсырмалар беріп, жауабын алады. Ойынға қатыспаған балалар олардың
жауаптарының дұрыс не бұрыстығын тексеріп отырады,Бір бала сұрақ қояды, ал екінші бала жауап
береді. Жауап бере алмаса орнына отырады да, ойынды басқа бала жалғастырады.Осылайша тездете
отырып, бүкіл кластың балаларын толық қамтуға болады.
Тапсырмаларды түрлендіріп, күрделендіріп жалғастырып ойнай беруге болады.Суреттегі
шаршылардың бос тор көздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген бағытта орналасқан
үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.
255
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикадан білім емес, күделікті
өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен
оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл - өте қиын, аса жауапты,
бірақ игілігі мол ардақты жұмыс. Ендеше логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін
логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Біз бұл ұғым және олармен байланысты мәселелер
бойынша психолошиялық, педагогикалық оқу әдістемелік әдебиеттерді және ғылыми зерттеу
жұмыстарын қарап шығып, логикалық ойлауды дамыту ұғымы ойлауды дамыту ұғымын қамтиды
деген пікірге келдік. «Ойлау - логиканың заңдылықтарымен формаларына бағынады. Көптеген
адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы
болып жатқанын білмейді» дейді В.Кириллова.
ІІ.2 Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық есептер арқылы дамыту.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалдары оқып
үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге
математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.
Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған ынтасы зор да
бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені
меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар
берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз
емес. Соның бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға,
деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан
бастап логикалық есептерді шығару керек. Ұлы ғалым Д.И, Менделеев мұғалімдердің ғылымының
сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымда мұғалім ғана оқушыларына терең
де мағыналы білім бере алады» деген. Оқу еңбегінің қаруы-ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік
талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс-әрекетінің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз
орнында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, оның сапасын қалай өсіру керектігін
ойластырғаны жөн. Қоғамның, ой-санасының өсі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің
егемендік алып, өркениетті елдерінің қатарына қосылуы- жаңа заманның жастарынан өзіндык
таланты мен табиғи қабіелтін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын, ізденістерін
ұштауын талап етеді. Бұл орайда математика, логика, информатика пәндері басты мәнге ие. Есептер
шығарғанда олардың ойларынан теориялық негізгі логикалық түсініктемелерге, әртүрлі
ситуацияларға негізделген ғылыми көріністер байқалады. Әрбір таным қанағаттанарлық сезімге бөлу
үшін адамның ғылыммен ішкі үндестігі және логикалық үндестігі біртұтас болғаны жақсы. Тек
осындай жағдайда ғана білімнің қыры-сыры ашылады, түсінбей жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау
әрекетті сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге құлшынысы артады.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру
керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал.
Оқушылардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады. 1.Қабылдау.
2.Түсіну.
3.Есте сақтау.
4.Қорыту және жүйелеу.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету» жолдары.
Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек.
Өркендету жолдары мыналар:
1. Баланың жанында дұрсы ашық суреттеулердің көп болуына жағдай қылу керек. Қанша дегенмен
адам суреттер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір пікір ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікір
айтудың қажеті жоқ, бала пікірді суреттің өзінен шығарып алсын.
2. Бала заттарды, көріністерді, ұқсас сандары бойынша топ -топқа бөлу сияқты, мысалы:
дыбыстарды, әріптерді бөлу өсімдікті, жануарды топ-топқа бөлу сияқты. Бірақ баланы заттарды,
көріністерді топ- топқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
3. Бала көріністерінің, ойлардың аралығындағы байламды, олардың қайсысы қайсысына себеп екені
256
Достарыңызбен бөлісу: |