Ясауи indd


№1 (1)   қазан 2016 жыл «Ясауи мұрасы» газеті



жүктеу 338,87 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата26.05.2018
өлшемі338,87 Kb.
#17847
1   2   3   4

2

№1 (1)   қазан 2016 жыл



«Ясауи мұрасы» газеті

Шаһарды туризм орталығына 

айналдырудың бағыт­бағдары

Біреуге қайғы, 

біреуге бақ 

әкелген картина



Қайрат мұСАбАеВ,

археолог, ғылыми қызметкер

1936 ж. Кремльде Сталин Бурятиядан 

келген бір топ делегацияны қабылдайды. 

Сол кездегі КСРО­ның үкімет басындағы 

белді мүшелері Вячеслав Молотов, Михаил 

Калинин  сынды  т.б.  бірнеше  тұлғалар 

қонақтарды күтіп алады. Бурятияның жер 

жөніндегі халық комиссары Ардан Маркизов 

өзінің бес жасар қызын Ұлы көсеммен кез­

десуге ерте келеді. Жоспар бойынша кіп­

кішкентай қыз Сталинге гүл сыйлап, Бурят 

халқының балалары атынан рахмет айтуы 

көзделген  болатын.  Қаршадай  қыз  өзіне 

берілген  тапсырманы  бұлжытпай  орын­

дап, үстел үстіне шығып Сталиннің бетінен 

сүйеді.  Көсем  кішкентай  қызды  қолына 

алып өзінің балаға деген ыстық лебізін ай­

тып, сыйға не қалайтынын сұрайды. Геля 

сағат пен патефон беруін өтінеді. Сталин 

Молотовтың қолындағы қызыл қораптан ал­

тын сағат және алтын алқаны (браслет) алып 

береді. «Ұлы партия көсем» И.В.Сталиннен 

Геля Маркизоваға 27.01.1936 ж. деген жа­

зуы  бар  патефон  мен  дәл  осындай  жазу 

белгісі бар естелік медалін да  ұсынады. 

Осы сәтті байқап тұрған тілші­фотографтар 

бірінен  соң  бірі  шарт­шұрт  етіп  түсіріп 

үлгереді. Осыдан үлкен бір әке мен қыздың 

арасындағы  композициялық  қойылымды 

байқаған «Правда» газетінің редакторы Лев 

Мехлис бұдан біз «КСРО елі балаларының 

бақытты  символын  жасап  шығарайық» 

деген ой түйеді. Сол күннің ертесіне­ақ, 

«Правда»,  «Известия»,  «Огонек»  сынды 

газет­журналдардың  алғашқы  беттеріне 

«Спасибо товарищу Сталину за наше счаст­

ливое детство» деген тақырыппен суреттер 

басылып, мақалалар жарыса жазылды. 

СТАЛИН ЖӘНЕ

 ГЕЛЯ МҮСІНІ

Осы жылы Совет скульптуры Георгий 

Лавров бес метрлік Сталин мен Геляның 

(Жолдас Сталинге рахмет балалық шақтың 

бақыты үшін)  ескерткішін жасап шықты. 

Сталин мен Геляның картинасы балалар 

мейрамдарында, пионерлер лагерлерінде, 

мектептерде, бала­бақшаларда т.б. газет­

журнал беттерінде көп ілінді. Фотосурет 

плакат  түрінде  де  басылып,  открыт­

каларда  (суретхаттарда)  және  мақтау 

қағаздарында,  конфет  қорапшаларының 

сыртқы беттерінде басты жарнама ретінде 

жарияланды.  Әп­сәтте  жұлдызы  жанған 

кішкентай қызды бүкіл Бурят  халқы танып, 

аузынан тас тамай айтып жүрді. Тіпті, сол 

кездері КСРО балаларының шаш қою үлгісі 

де  «Сталин мен Геля»  картина бейнесінен 

алынды.  Бірақ  тым  ерте  оянған  бақыт 

құсының, тым ерте ұшарын да кішкентай 

қыз сезбеді. 

Ауыл шаруашылығында атқарған еңбегі 

үшін  «Қызыл  ту»  орденімен  көсемнің 

өзінің қолымен марапатталған әкесі Ардан 

Маркизов 1937 ж. 40 мың өлген малға жа­

уапты  ретінде  және  «Жапон  тыңшысы» 

деген  жалған  айыптар  тағылып,  қамауға 

алынды.


Т а л а с   О м а р б е к о в   а ғ а м ы з д ы ң 

«Қазақстан  тарихының  ХХ  ғ.  өзекті 

мәселелері»  атты  еңбегіндегі  дерекке 

сүйенсек:  «Жапон­герман  фашизмі  асы­

рандылары»  деген  сипаттама  алған  бұл 

сот  процестерінде  айыпталушылардың 

өздері  төмендегідей  қылмыстарды  мой­

ындапты. Олар саналы түрде колхоздарды 

таратқан, ал адамдарға қарсы қастандықтар 

ұйымдастырып,  оларды  тұтқындаған, 

ұрып­соққан.  Колхоздардың  мал  ферма­

ларын таратып, олардағы малдарды жеке­

шелерге үлестірген. Дамудың капиталистік 

жолына  түсуге  шақырған.  Егіншілікті 

күйреткен.  Әлі  піспеген  көк  бидайды 

жинауды  бұйырған.  Колхоз  малдарына 

жұқпалы  ауруларды  әдейі  жұқтырған. 

Мемлекетке  астық  тапсыруды  болдыр­

мау үшін жолдарды бүлдіріп, көпірлерді 

қиратқан.  Егістікке  әдейі  су  қаптатқан 

немесе су бермей оны күйдіріп жіберген. 

Жиналған  жемшөпті  қасақана  жаңбыр 

астына  қалдырып  шіріткен,  колхоздың 

қоңды  малына  жемшөпті  бергіздірмей 

қойған. Сонымен қатар, олар колхозшылар­

дан материалдық көмектер жинап, қасақана 

оларды  қанаған».  Осынау  ішкі  істер  ор­

гандары ойдан шығар ған «жан түшігерлік 

қылмыстар» сот процес  терінде «нақты де­

ректермен» бекітіл  ген діктен «халық жауы» 

атанып қамал ған дардың ақталып шығуы 

қиын болды. 

СТАЛИНГЕ ХАТ

Геля  шешесі  Доминиканың  айтуы­

мен Сталинге хат жазды. Оның алдында 

өзінің болғанын, әкесінің нағыз коммунист 

екенін,  елге  тигізген  еңбегі  үшін  өзінің 

(Сталин) тарапынан «Қызыл ту» орденімен 

марапатталғанын, жазықсыз айдалып кетіп 

бара  жатқанын  тілге  тиек  етті.    Алайда, 

өкініштісі  сол  кеткен  хатқа    ұшты­күйлі 

жауап болмады. Көп ұзамай­ақ, әкесі Ардан 

Маркизов бір топ Бурятия елінің басында 

жүрген мемлекет қайраткерлерімен қатар 

1938 ж. 14 маусым айында ату жазасына 

кесілді.  Құртақандай  кішкентай  қыздың 

тағдыры өзгеріп сала берді. Ұлы көсеммен 

түскен  фотосурет  «халық  жауының» 

қызымен  түскен  өрескел  қателік  деп  та­

нылып,  қоғамдық  жерлерге  қойылған 

мүсіндердегі, картиналардағы Геля есімі 

алдырылып  тасталып,  орнына  «Сталин 

және Мамлакат» деп ауыс тырылды және 

терең идеологиялық тұрғыда картинадағы 

қызды Мамлакат деп сендірілді. Мамлакат 

Нахангова тәжік қызы, мақташы, әрі стаха­

новшылар қозғалысының белсенді мүшесі 

1935  ж.  11  жасында  Сталинмен  фотосу­

ретке  түсіп  алғаш  пионерлер  арасында 

Ленин  орденімен  марапатталған,  жасы 

жағынан Гелядан 5­6 жас үлкен болатын. 

Антропологиялық  жағынан  түр­кескіні 

монғол  нәсілдес  болғандықтан  Геляға 

ұқсайтын.  Сондықтан  КСРО  халқының 

көбісі  қос  қызды  ажырата  алмайтын­ды. 

Әкесі Ардан Маркизов атылған соң артын­

ша шешесі Доминика да «халық жауының 

әйелі» ретінде қамауға алынды. Бірақ көп 

ұзамай  Геля  анасымен  қайта  қауышты. 

КСРО­ның  солшыл  саясатын  ұстанған 

белсенді  жендеттері  ақыры  жесір  мен 

жетімді кіші бауырымен қосып Оңтүстік 

Қазақстан облысы, Түркістан қаласына жер 

аударды. Оларды мұнда қазақтар, өзбектер, 

бұқарлық еврейлер күтіп алып көп көмек 

қолын  созды.  Геля  мұнда  (Түркістанға) 

өзімен  бірге  Сталин  сыйға  тартқан 

сағат пен патефонды ала келді. Кейін ол 

өзінің  тілшілерге  берген  естеліктерінің 

бірінде (1995 ж.) «Менің тағдырым кімді 

қызықтырғанын қайдам, сол кездегі анам 

екеуміздің  жер  аударылғанымыз  әйтеуір 

аман  қалуымыздың  жолы  болды»,  деп 

айтқан екен. 

БЕРИЯНЫҢ БҰЙРЫҒЫ: 

КӨЗІН ЖОЙЫҢДАР! 

Түркістан  қаласына  келген  соң  да 

олардың басына төнген қара бұлт сейілмеді. 

Мұнда НКВД­нің тергеу бөлімі (әлі күнге 

дейін  сақтаулы)  қайта­қайта  апта  сайын 

шешесі  Доминиканы  шақырып,  күйеуі 

Ардан  Маркизовтың  тағдыры  жайлы 

сұрақтардың  астына  алды,  ол  оларға 

күйеуінің «10 жылға тіркеусіз жер ауда­

рылып кеткен»деген жауабынан танбады. 

Себебі, «халық жауы» болып, атылып кетті» 

– деп айтудың өзі сол заманда қорқынышты 

болатын. Доминика Түркістанда «Қалалық 

жасөспірімдер емханасында» дәрігер бо­

лып  істеді.  Жер  аударылып  келгеннен 

кейін 2 жылдан соң  32 жасында емханада 

түнгі кезекшілік жұмысында жүрген сәтте 

кенеттен  қайтыс  болды.  Дерек  бойынша 

оның у ішіп өлгені жайында айтылса, енді 

бір болжам бойынша тамағын пышақпен 

орып  жіберген  деген  дәйек  келтіріледі. 

Қалай болғанда да, Түркістан НКВД­нің 

тергеу  бөлімі  қылмыстық  оқиғаға  бай­

ланысты  жұмыс  істемеген.  Мұны  Геля 

(Энгельсина) бертін келе Ресей федералдық 

қауіпсіздік  қызметі  мұрағатынан  біледі. 

Онда Түркістан аудандық НКВД басшы­

сы сол кездегі КСРО­ның ішкі істер халық 

комиссары Берияға хат жолдаған. Хатта, 

мұнда  Сталиннен  сыйлық  алған,  Ұлы 

көсеммен  бірнеше  мәрте  суретке  түсіп, 

Талай жазықсыз жанды итжеккенге айдатып, қаншама әйелді жесір, баланы жетім еткен Сталин 

жендеттерінің іс-әрекеті жиіркенішті еді. Мұндай ғазабат оқиғаларға Түркістан топырағы да куә болды. 

Алыс-жақын шетелдерден жер аударылып, пана іздеп келгендердің ақ-қарасын ажырату мүмкін болмады. 

Олардың арасында жалғыз басты аналар мен балалар да болды. Солардың бірі Сталинмен фотосуретке 

түсіп, КСРО мемлекеттеріне танылып, жарық жұлдыздай қайта ғайып болған Геля Маркизова еді.

оны  әлі  сақтап  келе  жатқан,  жер  ауда­

рылып келген қыз бен оның жесір анасы  

тұратыны жайлы ақпарат беріп астына «не 

істеу керек» деген  сұрақ белгісін қояды. 

Хаттың үстіңгі жағына қара қарандашпен 

«көзін  жойыңдар»  деп  жауап  жазылған 

екен. Осыған қарап Геля анасының өз­өзіне 

қол жұмсамағанын, оның қолдан қасақана 

өлтіріліп жібергенін анықтайды.

Анасы өлгеннен соң Геля інісі екеуі ба­

рар жер, басар тауы қалмай Түр кіс тандағы 

жетімдер үйін паналайды. Жа зу шы Сергей 

Цыркунның айтуынша Геля «НКВД­ның 

халық жауы балаларын қа был дайтын ар­

найы орталығына» түскен. 

ЖАҢА ЕСІМ, 

ЖАҢА ФАМИЛИЯ

1941  ж.  шешесінің  сіңлісі  келіп,  қос 

жетімді  Мәскеу  қаласына  алып  кетеді. 

Онда  асырап  алған  әпкесі  қыздың  аты­

жөнін Энгельсина Сергейқызы Дорбеева 

деп өзгертеді (әпкесінің күйеуінің фамили­

ясы). Жаңа есім, жаңа фамилиямен алғаш 

осында  (Мәскеу  қаласында)  Энгельсина 

(Геля) мектеп табалдырығын аттайды. Ол 

оқып жүрген кезде оқу орнынан әрдайым 

өзінің Сталинмен түскен картина, мүсінін 

көріп жүретін. Бірақ ол көпке дейін оны 

ешкімге  айтпай,  тіс  шығармай  жасырып 

келді.

Дорбеева  Мәскеу  мемлекеттік 



университетінің тарих факультетіне түсіп 

Шығыстану  мамандығы  бойынша  білім 

алды.  Бір  қызығы  ол  осында  Сталиннің 

Светлана  есімді  сүйікті  қызымен  қатар 

оқыды. Олар бір­бірін жақсы таныды, бірақ 

жақын араласуға әрекет жасамады. Себебі, 

олар  өздерін  кімдердің  қыздары  екенін 

жақсы  білді.    Энгельсина  университетті 

бітіріп мектепте және жоғары оқу орнын­

да мұғалім қызметін атқарды. Кейін, Кеңес 

өкіметінің шығыстанушысы, үндітанушы 

Эрик  Наумовұлы  Комаровқа  тұрмысқа 

шығады.  Одан  Лола  есімді  қыз  дүниеге 

келеді.  1960  ж.  Энгельсина  екінші  рет 

шығыстанушы  ғалым  Марат  Чешковқа 

тұрмысқа шығып, 40 жыл отасады. Бұдан 

Алексей  есімді  ұл  қалады.  Шығыстану 

институтында  жұмыс  істеп  жүріп  та­

рих  ғылымдарының  докторлығын  сәтті 

қорғап  шығады.  Ұзақ  жылдар  бойы  «та­

рих  қателігі»  болып  саналған  картина­

сын  қайта  қалпына  келтіруге  әрекет  жа­

сап Мамлакат Наханговаға хабарласады. 

Бірақ жас шамасы үлкен Мамлакат бұған 

назар  аудармайды.  Сол  баяғы  картина­

дан  соң  өмірі  түбегейлі  жақсы  жағына 

өзгерген тәжік қызы АҚШ­та оқып фило­

логия ғылымдарының кандидаты атағын 

алып,  Душанбеде  педагогикалық  инсти­

тутта шәкірттерге тәрбие береді. Бұрынғы 

Артек  балалар  лагері,  демалыс  орнында 

бірге болған құрбысы Гуля Корелева өзінің 

естеліктерінің бірінде «Мамлакаттың өмірі 

мәнді және оның жолы болғаны» жайында 

жазыпты. 

2004  ж.  Беларусь  кинорежиссері 

Анатолий  Алай  Энгельсина  Чешкованы 

(Геля  Маркизова)  тауып,  10  минуттық 

сұхбат  алып,  болашақта  көлемді  деректі 

фильм түсіру мәселесін қозғайды. 

Осыдан  соң  фильм  алдында  дема­

лып,  тынығуға  Түркияға  сапар  шек­

кен  Геля  Анталия  қаласында  саяхатта 

жүріп,  жүрек  талмасынан  дүние  салады. 

Осылайша,  ақиқатты  аңсап  өткен    үміт­

арманы  ақталмаған  қалпы  картинадағы 

тарихи шындықтың құпия сырын өзімен 

бірге ала кетеді.



бауыржан НЫШАНбеКОВ,

«Әзірет Сұлтан» қорық 

мұражайының 

кіші ғылыми қызметкері



Ж

а һ а н д а н у   з а м а н ы н д а 

экономикалық  сын  қатері  бой 

алып тұрған шақта өмір талабына 

сәйкес тұжырымдалған «100 нақты қадам» 

стратегиялық бағдарламасында көрсетілген 

86­87 қадамдағы өзекті мәселелер мен та­

лаптарда Қазақстанды әлемге таныту, ту­

ристерге елді жарнамалау сияқты дәлелді 

мәселелер,  тапсырмалар  қамтылған.  Ел 

Үкіметінің бұл жоспарларын жүзеге асыру­

да маңызды болып табылатын негізгі басым 

күш – «Ұлы Жібек жолы» тармақтарының 

Қазақстан территориясынан өткендігінде 

деп ойлаймыз. Б.з.д. І мың жылдықтарда­

ақ,  алыс­жақын,  шалғайдағы  елдермен 

сауда­саттық,  қарым­қатынас  жасап, 

мәдениеттің озық үлгісін қалдырған ата­ба­

баларымыздан көне қалалардың сақталып 

қалуының  өзі  туристер  қызыға  тамаша­

лайтын  мәні  бар  рухани  күш  десек  сон­

дай рухани ескерткіштердің шоғырланған 

ордасы,  тоғыз  жолдың  тоғысқан  то­

рабы,  ЮНЕСКО  мойындаған  іргелі 

Ескі  Түркістан  қаласының  айтарлықтай 

дамығандығының  арқасында  қаланың 

цитадел аталған бөлігінде Әзірет Сұлтан 

кесенесі салынды. Көз тартар әсем ғимарат 

сол  кездегі  Орталық  Азиядағы  теңдессіз 

кесене болды. Мұнда ат басын тіреп кел­

ген  өзге  ел  өкілдері,  шетелден  көптеген 

жиһанкез, саяхатшылар қаланың тұрмыс­

тіршілігі  жайлы  маңызды  мағлұматтар 

алып  кетіп  отырды.  Мәселен,  Тәуке  хан 

билік еткен заманда орыс елшісі В.Кобяков 

келіп қала маңындағы егістіктерді айтып 

өтсе,  ғалым  Д.Г.  Мессершмидт  қаланың 

құрылым  жоспарын  сыздырып  кетті. 

Қазақ хандығының астанасы болып белгілі 

қалаға  айналған  Түркістан  ертеден­ақ 

зиаратшылар  мен  саяхатшылар  келетін 

белді туризм қаласы болған. Бұл туралы 

П.И.Рычков, Н.А.Северцов, М.С. Бекчурин, 

суретші В.В.Верещагиндер тебірене жаз­

ды.  Ал  сол  заманның  (ХХ  ғ.  басы)  көзі 

ашық  азаматы  Садық  Сапабекұлы  бол­

са өзінің Түркістанға келіп, Қожа Ахмет 

Ясауи кесенесінен алған әсерімен бөлісіп 

«Түркістандағы тарихи зиярат» атты еңбек 

қалдырып, діни­рухани туризм жасаудың 

жолдарын былайша айтып кетті.

«Қазаққа аты шыққан, арғын ұрпағынан 

Қазыбек би, Жәнібек батыр, Керей, Шоң 

би  бұларға  зиярат  еткен  соң,  күмбездің 

асты үстінде қырық сегіз құжыра­үш жүз 

алпыс  дәрежелік,  барлығын  түгел  ара­

лап, алты мың алты жүз алпыс алты аят 

түгел жазылған күмбезді көріп болған соң 

сұлтанның зәмзім құдықтарынан су ішіп, 

бұдан ас қазандар тұрған үйге кіріп бұдан 

кейін алпыс үш жыл жерастында жатқан 

Хилуетханаға  кіріп,  зиярат  қылғаннан 

кейін,  тоқсан  тоғыз  машайықпен  Жахр 

зікірін салған Фам ғашыққа зиярат қылып, 

мұнан  соң  Хазіреттің  пірі  һәм  ұстазы 

Шайх Шихаб ад­дин Сарвар әулиеге зия­

рат  қылып,  бұдан  соң  сұлтанымыздың 

Гауһар атты қызын алған Әли Қожа атаға 

зиярат  қылып,  Наджим  ад­дин  әулиеге 

зиярат  еткеннен  кейін,  батыстағы  Баба 

Ғаріпке  барып  Жеті  атаға  зиярат  жасап, 

Үшбас атадан айналып Тақаниға жеткен 

адам,  Жеті  атаның  бір  үші  Сұлтанның 

Ибраһимінің шахид болған жерінен шығып, 

күн шығысында тоқсан тоғыз мың қашырға 

кітап артып, сексен сегіз мың әскермен кел­

ген Имам Марғұз­Көктонды атаның орны­

на зиярат қылу керек дейді». 

Садық Сапабекұлы жазып кеткен Қожа 

Ахмет Ясауи кесенесі қаншама өз еліміз 

бен  өзге  елдердің  адамдары  көріп  дұға 

ететін  қасиетті  орынға  айналып  отыр. 

Қазіргі  таңда  «Әзірет  Сұлтан»  қорық 

мұражайы рухани туризмнің діңгегі бола­

тын ескерткіштердің? – мемлекеттік тізімге 

алып,  оны  сақтап  ұрпаққа  аманат  етуде 

бірқатар жұмыстар істеп келеді. 

Мұражайдың  Археология  және  та­

рихи  ескерткіштерді  қорғау  бөлімінің 

қызметкерлері  Түркістан  өңірінде  ор­

наласқан Үкәшә ата, Ерқоян ата, Сауқым ата, 

Көктонды ата, Құрышхан ата сынды діни­

рухани  архитектуралық  ескерткіштерді 

есепке алып, ғылыми айналымға енгізуде. 

Ал,  бөлімнің  археолог  мамандары  Ескі 

Түркістан қаласының Жеті ата қақпасының 

түбіндегі Баба Араб (Ғаріп) кесенесі мен 

мешітіне, сондай­ақ, Үндемес ата кесенесі 

мен  Бабырат  ата  көпіріне  және  қаланың 

шаhарстанындағы Хан мешіті мен Жәудір 

ана  мешіт­медреселеріне  археологиялық 

зерттеулер жүргізді . Ендігі мақсат Жәудір 

ана,  Баба  Араб,  Үндемес  ата,  Бабыр­ата 

көпірі  ескерткіштерін  қайта  қалпына 

келтіру кезек күттірмейтін мәселе болып 

тұр. Дегенмен, Түркістан өңірінде әлі де 

болса, діни рухани туризмнің дұрыс жолға 

қойылмағанын байқаймыз. Қаламыздағы 

бір Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің өзі­ақ 

әлемде теңдесі жоқ, жеті кереметтің бірі – 

Египет пирамидаларымен салыстырғанда 

одан қалыса қоймады, исі алаштың барлық 

бетке  тұтар  тұлғалары  мен  қазақтың  игі 

жақсылары  осында  жерленген,  яғни, 

кесенені ұлттық пантеон деуге толық негіз 

бар.


Түркістан өңіріндегі рухани туризм са­

ласын дамытудың болашағы 2004 жылы­ақ, 

Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасын 

енгізгеннен бастау алған десек те болады. 

2004­2014 жж. 

Іске  асырылған  бұл  жоспар  Ескі 

Түркістан,  Сауран  секілді  қалалардың 

негізгі  құрылыс  кешендерін  аршып, 

зерттеу ге  зор  ықпалын  тигізді.  2009  ж. 

Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің 

Мәдениет комитеті аталған ескерткіштерді 

сақтау, қайта жаңғырту, консервациялау  мен 

айналысып  жүрген  «Қазқайтажаңғырту» 

мекемесіне  ұсыныс  жасайды.  Ол  ұсы­

ныстың  мақсаты  –  мемлекеттің  ежелгі 

астаналарының бірінің бай әрі құнды тари­

хын барынша толық және көрнекті таныту 

болды және Түркістан шаһарын мұражайға 

айналдырудың  бес  басым  бағыттары 

анықталды. 

1.  V­VІІІ  ғғ.  Ясы  қаласының  ерте 

кезеңдегі  мәдени  мұра  нысандарын 

мұражайға айналдыру (соңғы жылдардағы 

(2010­2012 жж.) археологиялық зерттеулер 

мұның  алғашқы  ғасырын  «І  ғасыр»  деп 

өзгертуге мүмкіндік беріп отыр);

2. Ежелгі қорымдарды және суфистік 

орталықтың  мәдени  мұра  нысандарын 

мұражайға  айналдыру  (бұған  Әулие 

Құмшық ата жерасты мешітін мұражайға 

айналдыру  мен  кесене  айналасындағы 

Қазақ хандығы тұсында қалыптасқан жер­

асты сағаналары мен хандар кесенелерін 

қайта жаңғырту жатты);

3.  ХVІ­ХVІІІ  ғғ.  Қазақ  хандығының 

саяси  орталығы  ретіндегі  кейінгі  орта 

ғасырлардағы  Түркістан  қаласының 

тарихи­мәдени,  рухани  мұра  нысанда­

рын  мұражайға  айналдыру  (бұған  қала 

қамал  қабырғаларын,  қақпаларын,  бас 

көшелерін, хан ордасын, хан мешітін, су 

қоймасын зерттеу және мұражайландыру 

жатты);

4.  ХІХ  ғ.  соңы  ХХ  ғ.  басындағы 



Түркістан қаласының мәдени мұра нысан­

дарын мұражайға айналдыру (бұған Қоқан 

билігі тұсындағы цитаделді, Ресей билігі 

тұсындағы әскери құрылыстар – Бас штаб, 

әскери  казарма,  әкімшілік  үйі,  шіркеу, 

дәріхана, кіріс үйі және т.б. ескерткіштерді 

қайта жаңғырту және мұражайға айналды­

ру жатты);

5. Кесененің солтүстік­батыс бөлігіндегі 

12  га  жердің  тұрғын  үй  жайын  қайта 

қалпына келтіру (регенерация) және онда 

туризм  инфрақұрылымын  қалыптастыру 

үшін  зергерлік,  ұсталық,  көзешілдік 

кәсіппен  шұғылданатын  шеберханалар, 

керуен сарай түріндегі мейманхана, шығыс 

моншасы  және  т.б.  құрылыс  кешендерін 

орналастыру (ортағасырлық қаланың бір 

бөлігін қайта қалпына келтіру).

Ендігі мақсат тек Ескі Түркістан қаласы 

ғана  емес  бүкіл  аудан  территориясына 

орналасқан  барлық  тарихи­мәдени,  ру­

хани және табиғи ескерткіштерді туризм 

инфрақұрылымына енгізу болып отыр. 

Жаһандану заманында ел экономикасының әл ауқатын көтерудің 

маңызды салаларының бірі – туризм бағыты екені әмбеге аян. Көптеген 

елдер бұл тұрғыда оңтайлы жұмыс істеп, озық тәжірибе үлгісін таны-

тып, ел дамуына серпінді үлес қосуда. Мәселен, Түркия өзінің Анталия 

қаласымен танымал болса, Египеттің де Гиза жазығының пирамида-

лары қаншама миллиондаған туристердің көз жанарын арбауда. 

Халықаралық сарапшылар пікірінше туризм әлемдік экономикадағы 

қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Елбасының өзі 

әлемде туризм саласын дұрыс бағытқа қойған бірнеше мемлекеттер-

ге іссапар шегіп, олармен тәжірибе алмасудың жолын қарастырып 

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін ЭКСПО-2017 көрмесін елімізде 

өткізудің қаншалықты зор екенін айқындап, ел экономикасының даму 

жолындағы тағы бір тың серпілісті анықтап берді.

Хатта, мұнда Сталиннен сыйлық алған, 

Ұлы көсеммен бірнеше мəрте суретке түсіп, оны 

əлі сақтап келе жатқан, жер аударылып келген қыз 

бен оның жесір анасы  тұратыны жайлы ақпарат 

беріп астына «не істеу керек» деген сұрақ белгісін 

қояды. Хаттың үстіңгі жағына қара қарандашпен 

«көзін жойыңдар» деп жауап жазылған екен.

facebook.com/azretsultan.kz

www.azretsultan.kz



жүктеу 338,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау