Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет8/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116

22 
 
Жазу  машинкасында  басылған  мəтіннен  компьютерлік  мəтіннің 
айырмашылығы «бос  орын» - басқа кез келген символ сияқты бұл мəні 
бар  символ,  ол  сəйкесінше  екілік  көрініске  ие  болады.  Ақпаратты 
автоматтық  өңдеуде  бос  орынның  бар  -  жоғы  маңызды  рөл  атқарады,  
кей кезде жаңа қолданушыларды шатастырып, қателесуге соқтырады. 
Регистрлердің жоғарғы жəне төменгі əріптеріне ASCII жүйесінің əр 
түрлі коды сəйкес келеді. Мысалы, D бас əрпіне 68 код сəйкес, ал d кіші 
əрпіне 100 сəйкес келеді. 
Тəжірибеде  орыс  алфавиті  əріптерін  кодтау  үшін  Windows-1251 
кодтауы пайдаланылады, бірақ кодтаудың басқа да жүйелері бар. ААК-8 
кодтауы  кең  таралған  болып  табылады  (ақпарат  алмасу  коды 
сегізтаңбалы).  Оның  пайда  болуы  Шығыс    Еуропа    мемлекеттерінің 
өзара экономикалық көмек Кеңесінің жұмыс атқарған кезеңіне жатады. 
Бүгінде  ААК-8  кодтауы  Ресей  аумағындағы  компьютерлік    желілерде 
кең таралған. 
Орыс  тілі  символдарын  кодтауы  қарастырылған  халықаралық 
стандарт  ISO  (International  Standard  Organization  –  Халықаралық 
стандарттау  институты)  деп  аталады.  Тəжірибеде  бұл  кодтау  сирек 
қолданылады. 
Компьютердің  тек  машина  екендігін  əрдайым  еске  сақтау  керек, 
олар  бірліктер  мен  нөлдерді  түсінбейді,  бірақ  олар  электр  кернеуін 
түсіндіруге  қабілетті:  егер  ол  бар  болса  1  деп,  ал  жоқ  болса  0  деп 
қабылдайды.  Бұл  технология  компьютерлерге  ақпаратты  өңдеуге 
мүмкіндік береді. 
Графикалық  берілгендерді  кодтау.  Қағазға  басылған  қара  – ақ 
графикалық  сурет  ұсақ  нүктелер  –  пиксельдерден  тұрады  (picture 
element — сурет элементі). Олар - растр деп аталады. 
Графикалық  берілгендерді  ұсыну  үшін  растрлық  кодтау  екілік 
кодты қолдануға мүмкіндік береді. Себебі, əрбір нүктенің сызықтық 
координаттарын  жəне  жеке  қасиеттерін  (жарығы)  бүтін  сандар 
көмегімен  көрсетуге  болады.  Бүгінгі  күні  қара  -    ақ 
иллюстрацияларды 
256 
градациялы 
сұр 
түс 
нүктелерінің 
комбинациясы  түрінде  көрсету  жалпы  қабылданған  деп  саналады. 
Ендеше, кез келген нүктенің жарығын кодтау үшін 8 разрядты екілік 
сан жеткілікті болады. 
Түрлі  -  түсті  суреттер  əр  нүктенің  бейнежадысында  сақталған 
екілік  кодының  түріне  сəйкес  қалыптасады.  Түрлі  -  түсті  суреттер 
түстің  əр  түрлі  тереңдігіне  ие  бола  алады.  Түстің  тереңдігі  нүкте 
түсін  кодтау  үшін  берілетін  бит  санымен  беріледі.  Осылайша,  8 
түсінің  тереңдігі  үшін  бейнелейтін  түрлердің  саны  2

=  256-ны 
құрайды. 


2

 
16-разрядты  екілік  сандармен  түрлі  -  түсті  графиканы  кодтау  
High Color режимі деп аталады. 
24  екілік  разрядтарды  қолдану  арқылы  түрлі  -  түсті  графиканы 
ұсынатын режим толықтүсті (True Color). деп аталады. 
Түрлі  -  түсті  графикалық  суреттерді  кодтауда  негізгі  құрамдас 
бөліктері  негізінде  еркін  түстерді  декомпозициялау  принципі 
қолданылады. Адам көзімен көрінетін кез келген түсті осы үш негізгі 
түстер  -  қызылды  (Red),  жасылды  (Green)  жəне  көкті  (Blue) 
механикалық  жолмен  араластыру  арқылы  алуға  болады    деп 
саналады. Мүндай кодтау жүйесі RGB деген атауға ие болды (негізгі 
түстердің алғашқы əріптері бойынша) 
Түстерді ұсынған RGB-моделі 1.1 – кестесінде көрсетілген. 
Негізгі түстердің əрқайсысына сəйкес келетін - яғни негізгі түсті 
ақ  түске  дейін  толықтыратын  қосымша  түс  қоюға    болады.    Кез 
келген  негізгі  түске  қосымша  түс  болып  қалған  екі  түстің 
жұптасуынан пайда болған түс болады. 
1.1 - кестесінен көретініміздей, қалған негізгі түстердің жұбының 
қосындысынан  пайда  болған  түс  кез  келген  негізгі  түстің  қосымша 
түсі  болады.  Сəйкесінше,  көгілдір  (Cyan),  күлгін  (Magenta)    жəне 
сары (Yellow) түстер қосымша түстер болып табылады. . 
Құрамдас  компоненттеріне  еркін  түсті  декомпозициялау 
принципін тек қана негізгі түстерге ғана емес, қосымша түстерге де 
қолдануға  болады,  яғни  кез  келген  түсті  көгілдір,  күлгін  жəне  сары 
түстер құрамдасының қосындысы түрінде елестетуге болады. 
 
1.1. - 
кесте Түстерді көрсетудің 
RGB-моделі 
 
 
Түс 
Интенсивтілігі 
Қызыл 
Жасыл 
Көк 
Қара 
00000000 
00000000 
00000000 
Қызыл 
11111111 
00000000 
00000000 
Жасыл 
00000000 
11111111 
00000000 
Көк 
00000000 
00000000 
11111111 
Көгілдір 
00000000 
11111111 
11111111 
Күлгін 
11111111 
00000000 
11111111 
Сары 
11111111 
11111111 
00000000 
Ақ 
11111111 
11111111 
11111111 


24 
 
Түстерді  кодтаудың  мұндай  əдісі  полиграфияда  қолданылады,  бірақ 
полиграфияда  тағы  да  төртінші  түс  –  қара  түс  қолданылады(Black). 
Сондықтан  да  кодтаудың  мұндай  жүйесі  төрт  əріппен  CMYK 
белгіленеді. (қара түс түстің соңғы əрпімен – К белгіленеді, себебі В 
əрпі  көк  түсті  білдіреді). Түрлі-  түсті  графиканы  бейнелеу  үшін  бұл 
жүйеде 32 екілік разрядқа ие болу керек. Бұл жүйе де толық түсті деп 
аталады. 
Егер  əрбір  нүкте  түсін  кодтауға  қолданылатын  екілік 
разрядтардың  санын  азайтса,  онда  берілгендердің  көлемін  азайтуға 
болады,  бірақ  бұл  жағдайда  кодталған  түстердің    диапазоны 
мейлінше қысқарады. 
Суреттің 
сапасы 
монитордың 
кеңейткіш 
мүмкіндігімен 
анықталады,  яғни  жолдағы  жəне  растр  жолындағы  нүктелердің 
санына  байланысты.  Әдетте  мониторларда  экранның 800  х  600,  1 
024  х  768  или  1  280  х  960  кеңейткіш  мүмкіндігін  қолданады.  Бір 
графикалық режимнің бейнежадысының қажетті көлемін, мысалы, 1 
024  х  768  кеңейткішімен  жəне  нүктеге  32  бит  түс жіберу  сапасымен 
есептейік. Қажетті бейнежады көлемі мынадай болады: 
32х 1 024х 768 = 25 165 824 бит = 3 145 728 байт = 3 072 Кбайт = 
= 3 Мбайт. 
 
Дыбыстық  ақпаратты  кодтау.  Дыбыстық  ақпаратпен 
жұмыс əдістері мен тəсілдері есептегіш техникаға басқалардан 
кейін келді. Сандық, мəтіндік жəне графикалық берілгендермен 
салыстырғанда  дыбыс  жазуда  ұзақ  жəне  тексерілген  кодтау 
тарихы  болған  жоқ.  Сондықтан,  дыбыстық  ақпаратты  екілік 
кодпен  кодтау  əдістері  стандарттаудан  алыс.  Көптеген 
компаниялар  өзінің  корпоративтік  стандарттарын  жасады,  
бірақ  олардың  ішінен  екі  негізгі  бағытты  бөліп  алуға  болады: 
гармоникалық сигналдарға ыдырау əдісі (жиілік модуляциясы) 
жəне кестелік - толқындық синтез əдісі. 
Жиілік  модуляция  әдісі  (FM  —  Frequency  Modulation)  кез 
келген  күрделі  дыбысты  əр  түрлі  жиіліктегі  қарапайым 
гармоникалық  сигналдардың  қатарына  орнатуға  болады, 
олардың əрқайсысы өзі дұрыс синусоидтарды құрайды, ендеше 
сандық параметрлермен, яғни кодпен сипаттауға болады. 
Табиғатта  дыбыс  сигналдары  үздіксіз  спектрге  ие  болып, 
яғни,  аналогтік  болады.  Олардың  гармоникалық  қатарларға 
орнатылуын  жəне  дискреттік  сандық  сигналдар  түрінде 
көрсетілуін  арнайы  құрылғылар  –  аналогтік  –  сандық  қайта 
өңдеуіштер  орындайды.  Сандық  кодпен  кодталған  дыбысты 
шығару  үшін  қайта  түрлендіруді  сандық  –    аналогтік 
өңдегіштер орындайды. 
Мұндай   түрлендіру   кезінде   кодтау   əдісіне  байланысты 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау