Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет7/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116

1

 
жазылады: 0 жəне 1, олар екілік сандар деп аталады (binary digit, 
немесе қысқаша bit).. 
Ақпарат  өлшемдері.  Бит  (bit)  –  компьютермен  танылатын 
ақпараттың  ең  кіші  бірлігі.  Бұл  қосылған  немесе  ажыратылған 
лампаға  ұқсас.  Ақпаратты  жіберу  барысында  биттер  бірсымдық 
телеграфтық жүйе бойынша қолданылады. 
 
Қызықты мәлімет 
1946 ж. Принстон университетінің математигі Джон Таки тұңғыш 
рет өзінің мақалаларының бірінде «bit» (бит) терминін қолданды. 
Бір битпен екі ұғым көрсетілуі мүмкін: 0 немесе1 (ия немесе жоқ, 
ақиқат  немесе  жалған,  ақ  немесе  қара  т.б.)  егер  биттер  санын  екіге 
дейін ұлғайтса, онда төрт əр түрлі ұғымды айтуға болады. Үш битпен 
сегіз əр түрлі мəндерді кодтауға болады. 
Ақпараттың  бір  символын  белгілейтін  сегіз  биттен  құралған 
топты байт  (byte) деп атайды. Пернетақтаның бір батырмасын басу 
компьютердің  орталық  процессорына  бір  байт  ақпарат  жіберілумен 
тең. Байт – бұл компьютердің жадысын өлшейтін стандартты бірлік. 
Әдетте, оның көлемі килобайттармен (Кбайт) немесе мегабайттармен 
(Мбайт) көрсетіледі. 
Компьютер жадысының бірліктері жəне олардың мəні: 

 
бит  –  ақпараттың  ең  кіші  бірлігі,  қысқартылғанда  binary  digit 
(екілік сан үшін) 

 
тетрада — 4 бит (байттың жартысы); 

 
байт — 8 бит (бір символ 8 битке тең); 

 сөз— 16 бит үлкен компьютерлерде  сөздің ұзындығы 64 битке 
жетеді); 

 
килобайт (Кбайт) — 1 024 байт. 
Неғұрлым  ірі  бірліктер  префикстерді  қосу  арқылы  белгіленеді 
мега  (М),  гига  (Г),  тера  (Т),  бірақ  əзірге  тəжірибеде  олардың 
қажеттілігі жоқ. 
1 Мбайт = 1 048 576 байт (шамамен миллион байт, немесе 1 024 
Кбайт, немесе 2
10 
Кбайт); 
1 Гбайт = 1 073 741 824 байт (шамамен миллиард байт, немесе 1 
024 Мбайт, немесе 2
10 
Мбайт); 
1 Тбайт = 1 024 Гбайт (немесе 2
10 
Гбайт). 
Екілік  код.  Жоғарыда  атап  өтілгендей  бит  екі  жағдайда  
кездеседі:  «қосылған»  немесе  «ажыратылған».  Байттарды  көрнекі 
елестету үшін сандар қолданылады: 1 – қосылған; 0 – ажыратылған. 
Әрі  қарай  барлық  сегіз  бит  нөлдік  мəнге  ие  бір  байт  ақпарат 
ұсынылған. Екілік санау жүйесінде бұл нөлге тең. 
0   0   0   0   0   0   0   0 
Екілік  санау  жүйесі  біз  күнделікті  өмірде  қолданатын  ондық 


20 
 
санау  жүйесіне  (decimal)  ұқсас.  «dec»  алдағы  қосымшасы  10-ды 
білдіреді,  яғни  бұл  санау  жүйесі  10  санында  негізделген.  Екілік 
(binary)  2-ге  негізделген  2  («bi»  2-ні  білдіреді,  «бинокль»  сөзіндегі 
сияқты). 
Байтта көрсетілген оң жақтағы алғашқы сан бұл бірліктер бағаны; 
бұл  бағанның  мəндері  1-ге  немесе  0-ге  тең.  Екінші  баған  екі  санын 
көрсетіп  1  немесе  0  мəндеріне  ие  болады.  Келесі  бағандар  4,  8,  16 
жəне  т.б  –ға  сəйкес  келеді.  Әр  бағанның  мəні  оң жақтағы  бағанның 
екі еселенген мəніне тең болады; 2-бұл екілік жүйенің негізі. 
Бір байтпен көрсетуге болатын максималды сан 256. 
Компьютерлер  –  бұл  машиналар,  сондықтан  оларға  байланыс 
орнату  үшін  машина  тілі  қажет.  Компьютер  тілі  екілік  (binary)  деп 
аталады; оның негізі болатын құрылымдық элементтер  екі жағдайда 
бола алады: «қосылған» жəне «ажыратылған». 
Компьютерлер  əр  түрлі  ақпаратпен  жұмыс  істеуге  тиісті, 
сондықтан оларға, адам тілін машина тіліне айналдыратын код керек. 
Мұндай  код  болып  ASCII  саналады.  (АҚШ-ның  ақпарат  алмасудың 
стандартты  коды  -  ASCII  American  Standard  Code  for  Information 
Interchange). 
 
 
1.5. 
Берілгендерді кодтау жүйесі 
 
Бүтін және нақты сандарды кодтау. 
Бүтін  сандар  қарапайым  түрде  екілік  кодпен  кодталады:  бүтін  бір 
санды алып оны соңғы сан бірге тең болғанша екіге қақ бөлеміз. оңнан 
солға қарай жазылған соңғы санды қоса алғандағы бөлу қалдықтарының 
жиынтығы ондық санның екілік аналогын құрайды. 
0-ден 255-ке дейінгі бүтін сандарды кодтау үшін екілік кодтың сегіз 
(8  бит)  разрядын  иемдену  керек.  16  бит  0-ден  65535  –ке  дейінгі  бүтін 
сандарды,  ал  24  бит  16,5  млн-ға  жуық  əр  түрлі  мəндерді  кодтауға 
мүмкіндік береді. 
Нақты  сандарды  кодтау  үшін  80-разрядтық  кодтау   қолданылады. 
Бұл жағдайда, санды алдын ала қалыпты формаға түрлендіреді: 
5,12345678 = 0,512345678 • 10
1

500 000 = 0,5 • 10
6

Большую часть из 80 бит отводят для хранения мантиссы (вместе со 
знаком)  и  некоторое  фиксированное  количество  разрядов  отводят  для 
хранения характеристики. 
Сандардың  бірінші бөлігі  –  мантисса, ал  екінші бөлігі  сипаты  деп 
аталады.  80  биттің  көп  бөлігін  мантиссаны  (белгісімен  бірге)  сақтауға 
жəне  сипатын  сақтау  үшін  біршама  нақты  мөлшердегі  разрядтарды 
бөледі. 


2

 
Кодтаудың әмбебап жүйесі (ASCII коды). 
Егер алфавит символының əрбіріне белгілі бүтін санды қойса, екілік 
кодтау  көмегімен  мəтіндік  ақпаратты  кодтауға  болады.  256  əр  түрлі 
символдарды кодтау үшін сегіз екілік разрядтар жеткілікті. Сегіз биттің 
əр  түрлі  комбинацияларымен  ағылшын  жəне  орыс  тілдерінің  барлық 
символдарын  -  кіші  əріптерін,  бас  əріптерін,  сонымен  қатар,  тыныс 
белгілерін, негізгі арифметикалық əрекеттің символдарын жəне жалпыға 
ортақ арнайы символдарды көрсетуге жеткілікті болады. 
Әлемде  бəрі  мəтіндік  берілгендерді  бірдей  кодтау  үшін  бірыңғай 
кодтау  кестесі  керек,  бірақ  бұл  əзірге  ұлттық  алфавиттер 
символдарының арасындағы қарама – қайшылыққа байланысты мүмкін 
болмай тұр. 
АҚШ-ның  стандарттау  институты  кодтаудың  –  базалық  жəне 
кеңейтілген  екі  кестесі  тіркелген  ASCII  кодтау  жүйесін  қолданысқа 
енгізді. Базалық кесте 0-ден 127-ге дейінгі кодтардың мəнін бекітеді, ал 
кеңейтілген  кесте  128-ден  255-ке  дейінгі  нөмірлері  бар  символдарға 
арналған. 
ASCII  жүйесінің  базалық  кестесі  128  кодты  құрайды.  Базалық 
кестенің  нөлден  басталған  бірінші  32  коды  аппаратық  құрылғыларды 
өндірушілерге  берілген.  Бұл  салада  тілдердің  ешқандай  символдары 
сəйкес келмейтін басқарушы кодтар орналасады. 32-ші код пен 127 код 
арасында  ағылшын  алфавитінің  символдарының,  тыныс  белгілерінің, 
арифметикалық  амалдардың  жəне  кейбір  көмекші  символдардың  коды 
орналасқан. 
Windows-1251  кодтау  түрінде  белгілі  орыс  тілі  символдарының 
кодталуын  Microsoft  компаниясы  енгізген.  Ресейде  бұл  компанияның 
операциялық  жүйелері  жəне  басқа  да  өнімдері  кең  таралып,  тереңдеп 
енді.  Орыс  тілі  символдарының  кодталуы  ASCII  жүйесінің  кеңейтілген 
кодтау кестесінде 192 мен 255-тің аралығында бекітілген. 
Жүйелердің  көпшілігі  256  кодты  -  символдардың  кеңейтілген 
жиынтығынан 128 стандартты жəне 128 қосымша кодты таниды. 
Бір  байтқа  бір  символ  сəйкес  келетіндіктен  4  символдан  тұратын 
жолды  ұсыну  үшін  4  байт  қажет.  Мысалы  əріптер  мен  сандардан 
құрылған  А12В  символдарының  тобы  ASCII  кодтауында  былай 
белгіленеді: 
 
А 


В 
01000001  00110001    00110010  01000010 
 
Ал алты символды «binary» сөзін екілік ұсыну мынадай: 

 





01000010  01001001   0100111001000001 01010010 01011001 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау