14
бірдей формаға келтіру.
Берілгендерді сұрыптау — берілгендерді, ыңғайлы қолдану
мақсатында
белгілі
көрсеткішке
негізделе
отырып
жиақтау;
берілгендерді сұрыптау ақпараттың қолжетімділігін арттырады.
Берілгендерді сүзгілеу —шешім қабылдауға қажеті жоқ, артық
берілгендерді алып тастау; бірақ олай бола тұра, берілгендердің
шынайылығы мен адекваттілігі өсуі қажет.
Берілгендерді архивтеу —берілгендерді сақтауда, кішігірім,
сығылған
формада
ұйымдастырылуы;
берілгендерді
архивтеу
ақпараттық үрдістің жалпы қауіпсіздігін арттырады жəне берілгендерді
сақтауға арналған шығындарды төмендету үшін қолданылады.
Берілгендерді қорғау — берілгендердің өзгертілуін, жойылуын
болдырмауға бағытталған шаралар кешені.
Берілгендердің түрлендірілуі — берілгендердің бір формадан екінші
формаған ауысуы; берілгендерді түрлендіру, тасымалдауыш құралдар
типінің жиі ауысуына байланысты болады.
Берілгендерді қабылдау және жіберу — ақпараттық үрдіс
қатысушыларының арасында болатын үрдістер; əдетте, информатикада
берілгендердің көзі болып серверді, ал тұтынушыны – клиент деп
атайды.
Берілгендердің
тасымалдауыштары.
Берілгендердің
тасымалдауышы ретінде соншалықты үнемді болмаса да, ең кең тараған
түрі қағаз болып табылады. Қағаздағы берілгендер оның бетінің
оптикалық сипаттарының өзгеру жолдарымен тіркеледі. Компьютерлік
берілгендерді сақтау үшін кодталған ақпарат сақталған арнайы
тасымалдауыштар қолданылады.
Компьютерде ақпаратты сақтау үшін жады қолданылады. ақпаратты
өңдеу үрдісіне ғана қатысатын - негізгі жады (энергияға тəуелді) жəне
сыртқы жады (энергияға тəуелсіз) болып бөлінеді.
Сыртқы жады тасымалдауыш сипатына қарай бірнеше типке
бөлінеді:
•
магниттік тасымалдауыштағы жады – иілгіш жəне қатты магниттік
дискілер (винчестерлер), ziv-дискілер жəне магниттік ленталар;
•
оптикалық тасымалдауыштардағы жады –бір рет жəне көп рет
жазылалатын компакт - дискілер;
•
энергияға тəуелді электрондық жады – флеш – жады.
Сыртқы жады ақпаратты өңдеу үрдісінде, берілгендерді архивтік
сақтауда жəне ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге
тасымалдауда бастапқы, аралық жəне соңғы берілгендерді сақтау
қызметін атқарады. Осы жағдайлардың əрқайсысында өзінің сыртқы
жады түрлері қолданылады.
Шындығында, сыртқы жадының ақпаратты өңдеу үрдісіндегі жалғыз
типі қатқыл магниттік дискілердегі жинақтауыштар болады. Олардың
негізгі сипаты ақпараттың сиымдылығының көлемі болады.
1
5
Қызықты мәліметтер
Алғашқы қатқыл дискіні IBM компаниясы 1956 жылы шығарды. Ол
RAMAC деп аталды, жады көлемі 5 Мбайттік болды, елу 24-дюймолық
пластиналардан құрастырылды. Ол кезде ешқандай дербес қолдану
туралы айтылмайтын. Берілгендерді архивтік сақтау мақсатында ұзақ
уақыт бойы магниттік ленталар мен иілгіш магниттік дискілер
(дискеталар) қолданылды.
Соңғы жылдары дискеталар шағын көлемді болғандықтан (1,44
Мбайт), бірте-бірте архивтік сақтау қызметін жоғалтып келеді, бірақ
тасымалдаушының құны төмен болғандықтан əлі де қолданылады.
Оптикалық дискілердің құны қазіргі кезде күрт төмендеп кеткен, олар
архивтік сақтауға неғұрлым көп қолданылады. Берілгендерді
тасымалдау құралдары əр түрімен ерекшеленеді. Дискеталар көлемі
шағын ақпараттарды тасымалдау ыңғайлылығымен өз мəнін əлі де
жоғалтқан жоқ.
Компьютердегі қосымша аппараттық немесе бағдарламалық
мүмкіндіктерді
талап
ететін
басқа
тасымалдау
құралдардан
айырмашылығы - оларды кез келген компьютерде қолдануға
болатындығымен байланысты.
Ақпаратты тасымалдауға ыңғайлы жəне арзан құралдар -жазылатын
жəне қайта жазылатын оптикалық дискілер болып табылады, бірақ олар
жазатын оптикалық дискжетекті жəне сəйкес бағдарламалық
қамтамасыз етуді қажет етеді.
Ақпаратты тасымалдауға - интерфейсі бар флеш – жадылар (USB-
брелоктар) жəне USB – адаптері бар флеш – жадылардың карталары
бұдан да гөрі ыңғайлы құрал болып табылады. Алайда олардың құны əлі
де жоғары. Ондық гигабайттармен өлшенетін үлкен көлемді
ақпараттарды тасымалдау үшін сыртқы қосқыштар арқылы
компьютерге қосылуға арналған жабдықталған құралдармен қатқыл
магнитті дискі (портативті винчестерлер жəне ziv-дискілер) түріндегі
сыртқы тасымалдауыштар қолданылады.
Көбінесе, ақпараттың
– толықтығы, қолжетімділігі жəне
шынайылығы сияқты қасиеттері тасымалдауыштардың ерекшеліктеріне
тəуелді
болады.
Тасымалдауыштарды
ауыстыру
мақсатымен
берілгендерді түрлендіру информатиканың негізгі міндеттерінің бірі
болып табылады.
Қайта өңделген ақпарат əртүрлі материалдық тасымалдауыштармен
байланысты, дегенмен, ақпараттық технологияларда басты рөлді
тасымалдауыштың өзі емес, онымен байланысты ақпарат атқарады.
1.3.
Ақпарат түрлері және оны кодтау.
Ақпарат түрлері.
Әдетте, табиғаты бір обьектілерді жіктеу үшін жекелеген сипаттар
немесе обьектілер сипаттарының жинағы алынады. Бізді қызықтыратын
16
- негізгі ақпараттық үрдістердің автоматтандырылу жағдайында
ақпараттың жіктелуі.
Әу баста, есептеуіш машиналар тек сандық ақпаратты өңдеуге
арналған, алайда, аз уақытта олардың мүмкіндіктері тек сандармен
жұмыс жасаумен ғана шектелмейтініне көз жеткізілді.
Бізді қоршаған ортаның ақпараты түгелімен компьютер арқылы
өңделуі мүмкін емес, əзірге өнер туындыларын сезінетін жəне лəззат
алатын компьютер ойлап табылған жоқ. Сондықтан, ақпарат туралы
айтылғанда, компьютер қабылдайтын жəне адамға өзінің ресурстарын
өңдеуге, сақтауға жəне жіберуге болатын ақпарат түрлерін ажырату
қажет.
Компьютер мəтіндік, сандық, кестелік, графикалық ақпараттармен,
сонымен қатар дыбыстық, анимациялық жəне бейне ақпараттармен
жұмыс істей алады. Компьютер арнайы екілік ақпаратты да
қабылдайды.
Қазіргі уақытта барлық компьютерлік технологиялар жоғарыда
айтылған ақпарат түрлерін өңдеумен шектеледі. Компьютерлік
техниканың дамуымен, қайта өңделетін ақпараттың көлемі де артып
отыр. Қазіргі компьютерлер өте көп жұмыс атқара алса да, олардың
мүмкіндіктері шектеусіз емес. Компьютер жұмысының тиімділігі оның
қай жерде қолданылуына байланысты ақталады.
Кодтау туралы ұғым. Ақпаратты кодтау – бұл бір тізбектелген
сигналдарды басқаға түрлендіру. Берілгендердің кодтау түсінігі деп бір
типті берілгендердің екінші типті берілгендер арқылы көрінісін атайды.
Әр түрлі типтерге жататын берілгендермен жұмысты автоматтандыру
үшін олардың көрсетілу формасын біріктіру өте маңызды, сондықтан да
əдетте кодтау тəсілі қолданылады.
Адам тілі – бұл сөйлеу арқылы ойыңды жеткізу үшін ұғымдарды
кодтау жүйесі. Әліпби – тіл компоненттерін графикалық символдардың
көмегімен кодтау жүйесі.
Есептеуіш техниканың да өз жүйесі бар. Ол екілік кодтау деп
аталады жəне небəрі екі санның - 0 жəне 1 реттік орнымен берілгендерді
көрсетуге негізделген.
Дискретті ақпаратты ұсыну үшін компьютерде тіркелген соңғы
алфавит символдарын қолдануға негізделген алфавиттік тəсіл
қолданылады. Хабарламаларды құруға жəне жіберуге арналған табиғи
адам тілдерінің алфавиті, ондық сандардың жиынтығы, кез келген
белгілердің басқаша реттелуі алфавит мысалдары болып табылады.
Алфавит жиынындағы символдар әріптер деп аталады, ал кез келген
əріптердің мағыналық ретпен орналасуы сөз деп аталады. Осылай бола
тұра, сөздің міндетті түрде тілдік мағыналық сипаты болуы талап
етілмейді.
Ақпаратты түрлендіру үрдісі бір алфавиттің əріптерін басқа алфавит
құралдарымен (əріптерімен, сөздерімен) көрсетуді жиі талап етеді.
Осындай үрдіс кодтау деп аталады. Ертерек орындалған кодтауға
Достарыңызбен бөлісу: |