28
басқару, сандық байланыс, Интернет желісі болады. Соңғы
онжылдықта
ақпараттық
технологиялар
көңіл
көтеру
индустриясында белсенді қолданыла бастады: сандық фотосурет,
компьютерлік ойындар, компьютерлік мультфильмдер, сонымен
қатар, кино өндірісінде компьютерлік технологиялар қолданылады.
Қызықты мәлімет
01.01.2008
жылғы
статистикалық
мəлімет
бойынша
ресейліктердің 15% -ы күнделікті дербес компьютерлерді
пайдаланады, 8%-ы аптасына тек 1 рет, 3%-ы айына 2-3 рет, 1%-ы
одан да сирек, 73% -ы ешқашан компьютер қолданбаған.
1.7.
Қоғамды ақпараттандыру, есептеуіш
техникасының дамуы
Есептеудің қарапайым құралдары. «compute» ағылшын сөзі
(Funk & Wagnalls Standard College Dictionar сөздігі бойынша)
төмендегіні білдіреді: «есептеу немесе ойластырудың көмегімен
мөлшерін немесе санын анықтау». Сондықтан 2500 жыл бұрын
Қытайда ойлап шығарылған жəне қазірге дейін қолданыстан
шықпаған кəдімгі шоттарды толық жатқызуға болады.
Шоттар немесе абак – қарапайым есептеулерге арналған
құралдар. Ол туралы б.з.б. 500 жылдар шамасында алғаш рет
айтылған. Қытайлықтар оның көмегімен қосу, азайту, бөлу жəне
көбейтуді орындаған. Шоттар тек азия континентінде ғана
кездеспеген, археологиялық қазбалар кезінде 1000 жылдар бұрын
мұндай құрылғылармен ацтектер де пайдаланғаны анықталды.
Механикалық есептеу құрылғылары. Лондонда 1822 жəне
1871 жылдар арасында Чарльз Бэббидж ойлап тапқан жəне жартылай
құрастырған аналитикалық машина бірінші механикалық компьютер
болды. Бұл машина перфокарттардағы нұсқауларды оқуға, жады
банкінің көмегімен есептеулер жүргізуге жəне шешімін қағазға
басуға тиіс болды. С.Бэббидж бұл машинаға өз қалтасынан 6000
доллар шамасында көлемді қаржы жəне Ұлыбританияның
мемлекеттік қазынасынан 17000 доллар жұмсады. Бірақ мыңдаған
қозғалатын бөлшектерді құруға қажет жоғары ток өндірісі ол кезде
мүмкін болмады. Ч.Бэббидждің тамаша идеясын өмірде жүзеге
асыру екіталай еді, бірақ олай болғанда оның аналитикалық
машинасы алғашқы электрондық компьютерлер орындайтын
функцияларды атқарған болар еді.
Берілгендерді
өңдеудің
электрлік
құрылғылары.
Берілгендерді өңдеуге арналған арнайы жасалған тұңғыш
2
9
компьютерді Нью - Йорктың тұрғыны Герман Холлерит 1889 жылы
8 қаңтарда патенттеді. Ол 1890 жылы америкалық санақ бюросына,
халық санағының нəтижесін есептеу үшін қолданылған тұңғыш
электрлік табулятор құрастырды.
Анкеталардағы ақпарат эдектрлік импульстарға негізделе
отырып,
перфокарталарға
аударылды,
олардың
реті
перфокарталардағы тесіктермен айқындалды. Одан кейін машина
тез кестелер құрастырып, өңделген мəліметтерді қағаз лентаға басты.
1986 жылы Г.Холлерит санақ бюросынан кетіп, Tabulation Machine
корпорациясын құрды, ол жабдықтар шығарумен жəне сатумен
айналысты. Нəтижесінде, компания IBM-ге айналды, ал 80-бағандық
перфокартаны əлі де кей кездері Холлерит картасы деп атайды.
Электрондық есептеуіш машиналар. Тұңғыш электрондық
сандық компьютер 1939— 1942 жж. АҚШ-тың Айова штаты
университетінің жертөлесінде, Джон Атанасовтың жетекшілігімен
жəне соңғы курс студентінің қатысуымен құрастырылды. ABC
(Atanasoff-Berry Computer — компьютер Атанасова-Берри) деп
аталған компьютерде алғаш рет екілік арифметика, параллель
есептеулер, қайта қолданылатын жады жəне есептеціш функциялар
енгізілді. 750 фунттық салмақпен ол 3000 бит ақпарат көлемін сақтай
алды.
ABC компьютерінің технологиясын Джон Моучли мұрагерлік
етті. 1945 жылы Пенсильван университетінің Мур атындағы
электроинженерлік мектебінде құпия əскери жоба аясында алғашқы
үлкен сандық электрондық компьютер ENIAC (Electronic Numerical
Integrator and Computer — электронды сандық интегратор жəне
компьютер) құрды. Ол АҚШ - тың əскеріне арналған жəне 30 бөлек
блоктан тұрды. Қуат көзі құрылғыларын жəне қуатты ауамен
суытатын құрылғыларды санамағанда, ENIAC-тың салмағы 30 т
болды. Онда 19000 электрондық вакуумдық шамдар, 1500 реле жəне
жүзмыңдаған резисторлар, конденсаторлар жəне катушкалар
қолданылды. Оның жұмыс істеуіне 200 кВт қуат қажет болды.
ENIAC – та бағдарламалау күрделі болды жəне кабельдерді
қолмен ауыстыру керек еді. 1949 жылдан 1952 жылдар арасында
компьютер əр түрлі ғылыми есептерді шығаруда жақсы
«еңбектенді». ENIAC көптеген қазіргі компьютерлердің арғы негізі
болып табылады.
Есептеуіш техника тарихында маңызды рөль атқарған басқа
бірінші буынның «Колосс-1» сандық электрондық компьютері
Британия үкіметінің құпия мекемесінде профессор Макс Ньюменнің
жетекшілігімен құрастырылды. «Колосс-1» сандық электрондық
компьютерінің құрастырылуы бір ғана міндет – криптографиялық
талдауды,
яғни
кодтарды
шешуге
арналған
болатын.
Перфоленталардағы ақпаратты оқи отыра, ол секундына 5000
символды қарап талдау жасаған. «Колосс-1» 1943 жылы жұмыс істей
30
бастады жəне Ұлыбритания əскеріне немістердің «Enigma» кодын
оқуға мүмкіндік беріп, Екінші дүниежүзілік соғыста маңызды рөл
атқарды.
XX ғасырдың 60-70 жж. үлкен есептеуіш машиналардың кезеңі
деп есептеуге болады. Ол кездері компьютерлік индустрияны үлкен
компьютерлер жəне оларды шығаратын, ABC, ENIAC жəне
«Колосса-1» технологияларды мұрагерлік еткен компаниялар
танымал болды.
Компьютерлік
техниканың
даму
хронологиясы.
Компьютерлердің даму тарихындағы маңызды оқиғалардың
хронологиясын қарастырайық.
1971 жылы – Intel компаниясы бірінші 2 000 транзистордан жəне
1 МГц-ке дейінгі тактілік жиілікке ие 4-разрядты 4004
микропроцессор құрастырады.
1972 жылы – бірінші 8-разрядты 8008 микропроцессоры
шығарылды.
1975 – жылы Digital Research компаниясы 8080 процессорына
арналған СР/М операциялық жүйесін шығарады. Бағдарламалық
қамтамасыз ету комбинациясы жəне жабдықтар стандартты
компьютердің негізі болды.
1976 жылы – Zilog компаниясы арзан Z80 микропроцессорын
(8080 аналогы) шығарады. Apple I компьютері құрастырылған, бірақ
оның танымалдылығы əзірге төмен болды.
1977 жылы - Z80 технологиясын қолданатын Apple II жəне
Commodore PET компьютерлері пайда болды, бұлар үй
компьютерлерінің «арғы аталары». Apple-дың танымалдылығы өсті.
1980 жылы – Apple жəне Atari компьютерлерінің дамуына
маңызды 68000 16-разрядты процессор шығарып, Motorola
компаниясы Apple-ге арналған процессорларды өндіруші болып
танылды.
1981 жылы – IBM дербес компьютерінің құрастырылған жылы.
Оның компоненттері: 4,7 МГц тактілік жиіліктегі 8088 процессоры,
64 Кбайт жедел жадысы жəне MS-DOS 1.0 операциялық жүйесі (үш
жүйелік файл жəне кейбір қызметтік бағдарламалар).
1983 жылы – IBM көлемі 10 Мбайты қатты дискісі бар XT
компьютерін
шығарды.
Файлдық
жүйенің
бұтақ
тəріздес
құрылымымен MS-DOS 2.0 пайда бола бастады.
1984 жылы - 6 МГц жиіліктегі 80286 процессорымен бірінші IBM
AT компьютері сатылды.
1986 жылы – Intel 32- разрядты көпміндетті 80386 процессорын
шығарды, ал Compaq компаниясы оның негізінде компьютер
шығаруды қолға алады.
1988
жылы – IBM, IBM дербес компьютерлеріне арналған
жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдамайтын PS/2 –
өздік типті компьютерлерді ұсынады. Microsoft (IBM-нің көмегімен)
Достарыңызбен бөлісу: |