180
9.7. –сурет Google іздеу жүйесі
Егер браузердің адрестік жолына Web-беттің адресін енгізсе,
онда аз уақыттан соң экранға басқа беттерге сілтемелермен табылған
бет шығарылады. Сілтемелер арқылы өту, сілтемеге тышқанның
шертуі арқылы жүргізіледі. Осылайша, жер шарының кез келген
нүктесінде орналасқан, байланысқан беттердің гипермəтіндік жүйесі
іске асырылады.
Желіде ақпаратты іздеу үшін, арнайы іздеу қызметтері
қолданылады. Әдетте, іздеу қызметі өз сервері бар компания. Бұл
серверде қандай да бір іздеу жүйесі жұмыс атқарады. Іздеу
қызметтерінің көбінің қызметтері тегін. Іздеу сұранысын енгізген
кезде бағдарлама сұранысты қанағаттандыратын басқа беттерге
сілтемелер тізімін шығарады. Rambler, Yandex, Google (рис. 9.7),
AltaVista, Yahoo жəне т.б. ең танымал іздеу жүйелері болып
табылады.
Электрондық пошта. Интернеттің ең көп қолданылатын
сервистерінің бірі - электрондық пошта болып табылады. E-mail
(Electronic Mail — электрондық пошта) көрсетілмеген «визитканы»
сирек кездестіресіз. Қолдану ыңғайлылығы жəне хабарды жеткізу
жылдамдығы – бұл сервистің «қағаздық поштаны» жеңуіне əкелген
басты екі себебі болып табылады.
E-mail көмегімен хабарламалар жіберуге; хабарламаларды өзінің
пошта жəшігіне алуға; алған хаттардың негізінде олардың адрестерін
181
қолдана отырып, корреспондеттердің хаттарына автоматты түрде
жауап беруге; сіздің хатыңыздың көшірмелерін бірден бірнеше
адрестерге жіберуге; алған хатты басқа адреске қайта жіберуге;
корреспонденцияның əр түрлеріне пошта жəшігінің бірнеше
бөлімдерін құруға; хаттарға мəтіндік файлдарды қосуға; «сіздің
корреспонденттер тобымен пікірталас жүргізуге, «поштаны
шағылыстырғыштар» жүйесін пайдалануға жəне т.б. болады.
Жіберушіден адресатқа өтудің жоғары жылдамдығының
арқасында, электронды пошта маңызды мəселелерді тез арада
шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде, E-mail – ды тіпті ұялы
телефон арқылы да жіберуге болады.
Қызықты мәлімет
1971 жылы Рэй Томлинс SENDMSG электрондық поштасымен
жұмысқа арналған бірінші бағдарлама құрастырды, бұл оқиға е-mail
– дың пайда болуына əкелді. Ең бірінші пошталық хабарлама
«QWERTYUIOP» стандартты пернетақтасының жоғарғы қатарына
сəйкес, небəрі 10 символдан тұрды. 1972 жылы Томлинс қолданысқа
«@» (жиі айқұлақ деп аталатын) символын енгізді жəне нақты
хабарламаның адресатын көрсетуге мүмкіндік беретін
«user@computer» түріндегі пошта адрестерін ұйымдастыру жүйесін
ұсынды.
Электрондық хат, хат авторы, қабылдаушы, желі арқылы өту
жолдары жəне хат мазмұны туралы қызметтік ақпарат құрайтын
тақырыпшалардан тұрады. Сіз электрондық хатқа мысалы,
фотографиялар файлын немесе тіпті музыкалық файлдарды
салуыңызға болады.
Электрондық
пошталық
жіберулер
үшін,
Интернетке
қолжетімділікті қамтамасыз ететін өзіңіздің жеке «пошталық
адресіңізді» алу қажет. Әрбір қолданушы электрондық пошта
жəшігін, қандай да бір Web-бетінің пошталық серверіне кіріп, ондаіы
ұсынылған анкетаны толтырып, тіркей алады.
Әрбір электрондық пошта жəшігіне пошта адресі сəйкес келеді,
ол латын əріптерімен жəне цифрлармен жазылады, əдетте мынадай
түрде болады: <«логин»> @<пошталық сервердің домендік аты>
(мысалы, obraz@mtu-net).
«Логин» əдетте, Интернетке хабарласу барысында енгізілетін,
тіркелу кезінде ойлап табылған немесе провайдер дайын күйінде
ұсынатын қандай да бір сөз. Ең дұрысы, ол атқа, фамилияға немесе
олардың тіркесіне ұқсас болуы, бірақ үнемі бұлай бола бермейді,
себебі, сізге келетін «логиндер» басқа біреуде қолданыста болуы
мүмкін. Логиннен кейін «@» символы жазылады, ол ағылшын
тілінде, «коммерциялық эт» деп аталады, ал қолданушылар, əдетте,
оны «айқұлақ» деп атайды. Пошталық сервердің домендік аты WWW
триадасыз тек Web- ке арналған түрде болады.
182
9.8. –сурет. MS Outlook Express пошталық бағдарламасы
Поштаны қолдану үшін, компьютерді арнайы пошталық
бағдарламамен жабдықтау қажет. Қазіргі кезде ең кең таралғандар -
MS Outlook Express (9.8 - сурет), Microsoft Internet Mail, Microsoft
Outlook, The BAT!, Eudora жəне Netscape Communicator пакетінен
Netscape Messenger пошталық бағдарламасы.
FTP қызметі. Бұл - FTP-серверден күнделікті компьютерлік
өмірде қажетті əр түрлі тегін жəне шартты – тегін бағдарламаларды,
неше түрлі пачтарды, апдейдтерді жəне басқа да қызметтерді
көшіруге арналған Интернет қызметі.
FTP (File Transfer Protocol) хаттамасы – файлдарды жіберу
хаттамасы - сол кезде əлі ARPANET деп аталаған желінің пайда
болуымен бір мезгілде пайда болды. Ол тек қана файлдарды А
компьютерінен В компьютеріне жіберуге арналған. Оның əлі күнге
дейінгі басты артықшылығы - бұл хаттамаға файлды қай
платформадан қай платформаға жіберуіне, сонымен қатар, жіберуге
қай желі – жергілікті немесе əлдеқайда ауқымды желі -
қолданылатынына немқұрайлы қарайды.
FTP – мен жұмыс істеу үшін, сіз өзіңізге файлдарды жүктеп
алғыңыз келген қашықтықтағы машинаға қолжетімді, яғни, кіру аты
жəне сəйкес паролі болу керек. Қолжеткізу минимум dial-up
(шақырумен) типінде болуы тиіс. Сонымен
қатар, FTP
қашықтықтағы машинада файлды іздеуді жүзеге асыруды (бір
дерикторийден екіншісіне өту, бұл дерикторийлердің, файлдардың
мазмұнын қарау), файлдарды жəне олардың топтарын, сонымен
қатар, директорийлерді түгелімен жіберуге мүмкіндік береді. FTP
файлдардағы берілгендерді екілік ақпарат немесе ASCII мəтіні
Достарыңызбен бөлісу: |