183
түрінде жіберуге мүмкіндік береді. Жіберу кезінде, берілгендерді
сығуға жəне одан соң оларды бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік
бар.
Аталған хаттама ерте пайда болғанмен, ол əлі де кең танымал,
себебі, əлі күнге дейін мүндай қарапайым, сенімді жəне ыңғайлы
басқа ештеңе ойлап табылған жоқ.
Қашықтықтан
қолжеткізу
(Telnet).
Remote
Login
(Қашықтықтан
қолжеткізу)
–
бұл
сіздің
компьютеріңіз
қашықтықтағы компьютердің терминалын қайта шығару
режиміндегі қашықтықтағы компьютердегі жұмыс, яғни, сіз ол
машинаның қарапайым терминалынан өзіңізге қажет жұмысты
орындай аласыз.
Telnet – UNIX-тегі бағдарлама, жұмыстың осы сеанстарына
қызмет көрсетеді. Telnet бұл бағдарламаны (байланыс сеансымен),
оның параметрлерін, жаңаларды ашуды жəне жабуды басқаратын
өзінің жеке командалар жиынтығына ие.
Сеанс
қашықтықтағы
жəне
сіздің
компьютеріңіздің
бағдарламалық қамтамасыз етудің бірлескен жұмысымен
қамтамасыз етіледі. Мысалы, Мəскеуде компьютерде отырып,
компьютер қасыңызда тұрған сияқты, Нью – Йоркте ДК-де жұмыс
істеуге болады.
Хабарландыру тақталары (USENET news). USENET – бұл
желілік жаңалықтар немесе пікірталас клубтары. Олар қоғамдық
(ашық) пікірталас топтарына хабарламаларды жіберуге жəне оқуға
мүмкіндік береді. USENET хабарландыру тақтасының желілік
нұсқасы болып табылады (BBS — Bulletin Board System).
Жаңалықтар жеке адресатқа емес, көпшілікке адрестелген
хабарлардан тұрады. Бұл хабарлар əр түрлі сипатта болу мүмкін:
жаңа ғана болған ұлы оқиғадан бастап, жұмыс іздеу мəселелеріне
дейінгі хабарламалар болуы мүмкін. Жаңалықтар жүйесіне қызмет
етумен айналысатын желі түйіндері жаңалықтар пакетін алысымен,
егер, олар мұндай жаңалықты əлі алмаған жағдайда, оны өзінің
көршілеріне жібереді. Барлық желілер бойынша жаңалық
хабарларды тез таратуды қамтамасыз ететін, көшкін тəрізді кең
тарату болады.
Мұндай қызметті қолдану үшін, дұрысы, Интернетке қолжетімді
болу керек. Желілік жұмыс машиналарында жұмыс сеанстарын
өткізуге мүмкіндік береді.
Сіздің компьютеріңізде клиент – бағдарламасын орнатқаннан
кейін, сіз қатысқыңыз келген жəне кімнің хабарландыруларын
(бюллетендерді) тұрақты алып тұратын пікірталас үйірмелерінің
тізімін, сонымен қатар, сізге қажетсіз топтардың, олардың ішікі
топтарымен бірге сүзгі – тізімін жəне т.б. құрасыз.
Интернеттің басқа сервистері. Web –те сөйлесудің кең таралған
тəсілі IRC (Internet Relay Chat) болып табылады. Бұл əңгімелесуге
184
немесе чатқа арналған заманауи бөлменің «ағасы». IRC интернет
арқылы нақты уақытта əңгімелесуге мүмкіндік береді. Бұл сөйлесу
телефон арқылы əңгімелесуге ұқсас, тек сіз трубканы көтермейсіз,
пернетақтада мəтінді тересіз де, компьютер экранына шығарып сол
сəтте жауап аласыз.
IRC пернетақтаның көмегімен əр түрлі тақырыптық каналдарды
пайдалана отырып, жер шарындағы барлық адамдармен қарым –
қатынаста болуға мүмкіндік береді. Өзіңізге бүркеншік (псевдоним)
ат алуға немесе өзіңіздің атыңызбен кез келген каналға қосылуға.
Қазір IRC орнына Web-чат келді.
Қазіргі чаттың «кіші сіңілісі» Mirabilis фирмасы құрастырған ICQ
болады. Ресейде оны əдетте, аська деп атайды.
IP-телефония – нақты уақыт режимінде ұйымдастыру құралдары
ретінде, телефонмен сөйлесуді жүргізуде жəне факстерді жіберуде
Интернет немесе кез келген басқа IP-желісін қолдануға мүмкіндік
беретін технология. Қолданыстағы техникалық мүмкіндіктер
дыбысты немесе факсимильді хабарламаларды санға айналдыруға
жəне олар да сандық берілгендерді жіберетін тəсілмен жіберіледі.
9.2.4.
Интернетте ақпарат іздеу
Қазіргі кезде Бүкіл дүниежүзілік желі Интернет Web-құжаттар,
файлдық архивтер, телеконференциялар архивтері жəн т.б. сияқты
миллиардқа жуық ақпараттық обьектілерді сақтайды. Мұндай
күрделіліктегі ақпараттық ресурсты қолданудың тиімділігі үшін,
желі қолданушыдан ұйымдастыру саласында жəне Интернетте
ақпаратты іздеуді жүргізуге белгілі білім, білік жəне дағды қажет
етіледі.
Инетрнетте ақпарат іздеу үрдісі қалай түсінеміз? Әдетте, келесі
кезеңдерді бөліп көрсетеді:
1) қолданушы өзіне ақпараттық қажеттілікті айқындау, мысалы,
тақырыптық аймақтың негізгі ұғымдарының тізімін жасау жолымен
жəне олардың арасындағы мағыналық (семантикалық) байланысты
анықтау;
2) Интернеттің іздеу жүргізілетін (іздеу кеңістігін) - ақпараттық
ресурсын таңдау;
3) іздеу жүргізілетін ақпараттық іздеу жүйесін таңдау;
4) айқындалған ақпараттық қажеттілігі негізінде сұранысты құру
– ақпараттық іздеу жүйесінің сұраныстары тілінде өрнектеу;
5) іздеу жүргізу (ақпараттық – іздеу жүйесіне сұранысты енгізу,
іздеу жүйесімен жүзеге асырылатын құжаттарды немесе басқа
обьектілерді таңдап алу, сонымен, қолданушыға нəтижесін
қалыптастыру жəне шығару)
6) қолданушының алған материалдарының қайнар көздерін
185
талдау;
Интернетте ақпаратты іздеу кезеңдерін толығырақ қарастырайық.
1 кезең. Ақпараттық қажеттілікті айқындау. Іздеу қызметіне нені
табу керектігін түсіндіру үшін, қолданушы өзінің ақпараттық
қажеттілігін белгілі бір түрде айқындауға мəжбүр. Айқындаудың ең
анық тəсілі – ақпараттық қажеттілікті сипаттайтын ұғымдар мен
терминдердің жиынтығын анықтап теру;
Дегенмен, тақырыптық саланың қарапайым ұғымдарының тізімін
алумен бұл кезеңде атқарылуға тиісті жұмыстың бəрі бітпейді.
Сонымен қатар, таңдап алынған терминдерге талдау жүргізу қажет,
себебі, бір жағынан, олар тым кең мағынада болуы мүмкін, екінші
жағынан, тілдің кез келген сөзі сияқты əр түрлі ұғымдарды білдіруі
мүмкін.
Ендеше, біріншіден, əрбір негізгі ұғыммен нақтыланатын
ақпаратты байланыстыру
қажет; екіншіден,
əрбір ұғымға
төмендегідей лексикалық құбылыс тұрғысынан талдау жасалу керек:
көп мағыналылығы жəне аталған термин үшін жазылуы жəне
дыбысталуы бойынша онымен сəйкесетін сөздердің, сонымен қатар,
жазылуы бойынша сəйкесетін, бірақ дыбысталуы бойынша
ажыратылатын сөздердің болуы. Сонымен қатар, алынатын
берілгендердің көлемін кеңейту үшін, əрбір ұғымның синонимдерін
көрсету қажет.
2 кезең. Интернеттің ақпараттық ресурсын таңдау. Бұл
кезеңде қолданушы ақпараттық ресурсты жəне бұл ресурспен жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін қызметті (сервисті) таңдап алуы тиіс.
Бұл кезең өте маңызды, себебі, ол алдағы іздеу технологиясын
анықтайды. Алайда, білім беру бағдарламаларының басым көпшілігі
əдетте WWW (World Wide Web). сервисімен жұмыс істейді.
WWW — бұл сервис, оның ең маңызды концепцияларының бірі -
жан – жақты оқылу концепциясы (Universal readership). Бұл
Дүниежүзілік өрмектің көмегімен көптеген, əр түрлі ақпараттық
обьектілерге қолжеткізуді жүзеге асыруға болатынын білдіреді: Web-
құжаттарға, графикалық бейнелер файлдарына, аудио жəне
видеороликтерге, Microsoft Office немесе PDF-құжаттарына,
компьютерлік анимацияларға жəне т.б. Әрине, іздеу үрдісінде, əр
түрлі себептермен, сонымен қатар, техникалық себептермен, барлық
обьектілер табыла бермейді. Сондықтан, таңдаған ресурстың
көмегімен материалдың қандай түрі табылуы жəне олардың қайсысы
іздеу мақсаттары тұрғысынан қызығушылық туғызуы мүмкін
екендігіне нақты бағытталу керек, яғни, не іздеу керек.
Қазіргі кезде WWW кеңістігінде төмендегідей обьектілерді
іздеуді жүзеге асыру біршама оңай:
• Web-құжаттар (HTML форматындағы файлдар);
• мəтіндік файлдар;
• бейнелер файлдары (GIF, JPEG PNG форматтарында);
Достарыңызбен бөлісу: |