108
Терезенің төменгі жағында кішкентай жəне ыңғайлы музыка
ойнағышы орналасқан. HTML - файлдарын қарап шығу Internet
Explorer браузерін қолдану арқылы жүргізіледі. Сіз белгілі бір
пернелерді басқанда, сізге қажетті бума ашылады, нəтижесінде, тез
қолжеткізу жүзеге асырылатын «ыстық бумалар» (hot keys)
өзгертулерімен қызықты функциясы бар. Бағдарламаның
кемшілігіне ftp-клиентінің жоқтығын жатқызуға болады.
WinNavigator – да буманы құру, файлдарды іздеу, көшіру, орнын
ауыстыру, атын ауыстыру сияқты, негізгі файлдық операциялар
Файл мəзірінің командаларымен орындалады.
WinNavigator v.1.96 нұсқасында жаңа функциялар қосылған:
бағдарлама Windows XP ОЖ-ін қолдайды жəне визуалдық стильдері
бар интерфейсті қолданады, бумалар мен файлдардың өлшемін
есептейді, кез келген уақытта [Esc] пернесін баса отырып, үлкен
файлдарды көшіру/орнын ауыстыруды болдырмауға мүмкіндік
береді.
6.5. - сурет Far файлдық менеджері
109
Far файлдық менеджері. Far файлдық менеджері ресей фирмасының
өнімі болып табылады. Бұл бағдарлама Norton Commander (DOS)
қабықшасына өте ұқсас, бірақ Windows – қа бейімделген (6.5 - сурет)
Барлық файлдық менеджерлер сияқты, бұл бағдарлама бумалармен
жəне файлдармен толықтай жұмыс жасауға арналған. Far файлдық
менеджерінде бумалардың жəне жолдардың тарихын қарап шығуға болады,
сонымен қатар, WinNavigator – ғы сияқты бумалар үшін hot keys бар.
Қолданушы бағдарламаны өз қалауынша баптай алады.
Бағдарлама файлдар жəне бумалармен барлық негізгі операцияларды
жүзеге асыруға мүмкінді береді. Сонымен қатар, RAR, ZIP, ARJ, HA, CAB.
сияқты архивтерді құруға, қарап шығуға, өзгертуге болады.
6.2.
Архиваторлар
Берілгендерді архивтеу – қолданушы ақпаратты кейіннен, сол
архивтік файлдан шығарып алу үшін, арнайы сығылған файлда сақтауы.
Архивтеу үшін көптеген арнайы бағдарламалар бар – файлдардың
архиваторлары:
WinZip,
WinRAR,
PowerArchiver
жəне
т.б.
Архиваторлар жиі файлдық менеджерлерге енгізілген.
Архиватор – бағдарламалардың негізгі сипаттамалары: бастапқы
файлдың өлшемінің жиналған файлдың өлшеміне қатысының сығу
деңгейі, архиватор жұмысының жылдамдығы жəне функциялардың
қызметтік түрлерінің жинағы.
Архиваторлардың жұмыс принциптерінің ортақ жақтары көп,
сондықтан, архиваторлармен жұмыстың негізгі тəсілдерін архивтерді
құрудың жəне оларды басқарудың біршама танымал құралының бірі
WinRAR бағдарламасы мысалында қарастырамыз.
WinRAR архиваторы толық орыс тіліне аударылған бағдарлама,
олардың нұсқалары əр түрлі операциялық жүйелер үшін бар: MS-DOS,
Windows, Linux..
WinRAR екі түрлі форматтағы (RAR и ZIP) архивтерді құра алады,
берілгендерді сығу үшін тиімділігі жоғары алгоритм қолданады,
көптомды жəне өздігінен шығарылатын архивтерді құрады жəне басқа
да кейбір операцияларды орындайды.
ZIP жəне RAR архивтерінің артықшылықтарын қарастырайық.
ZIP архивтері. ZIP форматының негізгі артықшылығы – оның
танымалдығы. Осылайша, Интернеттегі барлық архивтердің көбі ZIP
форматымен болады. Егер, сіз біреуге архивті жібергіңіз келсе, бірақ,
адресатта WinRAR архивтен шығару бағдарламасының бар жоғына
сенімді болмасаңыз, онда ZIP форматын қолдану дұрыс. Бұл жағдайда
сіз өздігінен шығарылатын (SFX) архивті де жіберуіңізге болады.
Мұндай архивтер қарапайым архивтерден шамалы үлкен, бірақ олардың
архивтен шығарылуына арнайы бағдарлама талап етілмейді. ZIP
архивтерінің басқа артықшылығы – жылдамдығы. Әдетте, ZIP архивтері
RAR архивтерінен тезірек құрылады.
110
RAR архивтері. Көп жағдайда RAR форматы ZIP форматына
қарағанда, айтарлықтай жақсы сығуды қамтамасыз етеді, əсіресе,
үздіксіз архивтерді құру режимінде.
RAR архивінің басқа мүмкіндігі – көптомды архивтерді қолдауы.
Олар диск бойынша (span disks) бөлінген ZIP архивтеріне қарағанда,
қолдануда əлдеқайда ыңғайлы əрі қарапайым. WinRAR мұндай ZIP
архивтерін қолдамайды, көптомды архивтерді тек RAR форматында
құруға болады.
Сонымен қатар, RAR форматында бірнеше маңызды
функциялары бар, мысалы, физикалық бүлінген файлды қайта
қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, ақпаратты қайта қалпына
келтіру функциясының қосылуы жəне кездейсоқ модификацияны
болдырмас үшін архивтердің блокировкасы, əсіресе бағалы
берілгендердің.
RAR форматтары шексіз өлшемді файлдарды өңдеуге мүмкіндік
береді, ал ZIP архивіндегі бір файлдың өлшемі 2 Гбайт – тан аспауы
керек. Ескі файлдық жүйелер 4 Гбайт – тан артық өлшемді
файлдарды қолдамайды, сондықтан, мұндай файлдармен жұмыс
кезінде NTFS файлдық жүйесін қолдану керек.
Архивтерді құру тәсілдері. WinRAR бағдарламасы Windows –
тың стандартты құрамына кірмейді, сондықтан, архивті қоладну
үшін оны орнату керек. Орнату кезінде WinRAR жəне Windows
бағдарламаларының интеграциясы орындалады, сондықтан, жанама
мəзірге WinRAR бағдарламсының белгілері бар қосымша
командалар қосылады.
Жаңа архивті екі тəсілмен құруға болады: WinRAR
бағдарламасын жүктеумен жəне архиваторды алдын ала жүктеуінсіз
жанама мəзірді қолдану. Оларды толығырақ қарастырайық.
1. WinRAR – дағы архивтік операциялар. Бəрінен бұрын
WinRAR бағдарламасын жүктеу керек. Бұл үшін, тышқанды екі рет
шертіңіз немесе WinRAR белгісінде [Enter] пернесін басыңыз.
Сонымен қатар Бастау мəзірінен Бастау /Барлық бағдарламалар/
WinRAR архиваторды жүктеуге болады. Сонан соң, WinRAR пунктін
таңдаңыз (6.6 - сурет).
WinRAR жүктелгенде, өзінің терезесінде ағымдық бумадағы
файлдар мен бумалардың тізімін көрсетеді. Сізге файлдары бар
архивтеуге арналған бумаға көшу керек. Сіз қажетті файлдары бар
бумаға кіргеннен соң, архивтелуге тиісті файлдар мен бумаларды
белгілеңіз. Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алып,
Архивтеу параметрлерін беру үшін
Добавить
Қосу батырмасын басыңыз
[Alt] + [A] пернелерінің комбинациясын басқанда немесе
Командалар/Файлдарды архивке қосу командаларын таңдағанда да,
сол əрекет қайталанады. Ашылған сұхбаттық терезеге архивтің атын
енгізіңіз немесе үнсіз келісім бойынша ұсынылған атын растаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |