102
6
Т а р а у
ФАЙЛДЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕР МЕН АРХИВАТОРЛАР
Файлдармен жəне бумалармен түрлі операциялар (көшіру, орын
ауыстыру, өшіру, атын ауыстыру жəне басқалар) жүргізу үшін, арнайы
қосымшалар – файлдық менеджерлер қолданылады.
Дербес компьютерлерге арналған қызметтік бағдарламалардың
ішінен əдетте бағдарлама - қабықшаларын бөліп қарастырады. Олар
операциялық жүйенің қабықшасына қарағанда, компьютермен қарым –
қатынас (интерфейс) жасауда, біршама ыңғайлы жəне көрнекі тəсілді
қамтамасыз етеді. Бұлай болмаған жағдайда оларды қолданудың қажеті
жоқ. Осылайша, MS-DOS үшін көп жылдар бойы Symantec фирмасының
Norton Commander бағдарлама – қабықшасы өте кең танымал болды.
Файлдарды ұзақ уақыт сақтау немесе компьютерлік желілер арқылы
жіберілуі үшін, файлдар арнайы файлдық менеджерлер жəне арнайы
қосымшалар – архиваторлардың көмегімен архивтеледі (сығылады).
Файлдарды сығу деңгейімен, орындау жылдамдығымен жəне басқа
параметрлермен ерекшеленетін файлдарды архивтеудің əр түрлі əдістері
(ZIP, RAR, ARJ жəне т.б.) бар. Бəрінен де мəтіндік жəне графикалық
файлдар жақсы сығылады, ал архивтік файлдар мүлдем сығылмайды.
6.1. Файлдық менеджерлермен жұмыс
Microsoft операциялық жүйелерінің стандартты құралдарын
алмастыратын файлдық қабықшалар қашан да қолданушылар арасында
танымал болатын. Windows 9x үшін, мұндай бағдарламалардың
көпшілігі екі негізгі түрдің біреуіне жатады: біріншісі стандартты
«Жолсілтеуіш»
(«Проводник»),
бағдарламасының
жақсартылған
нұсқаларын біріктіреді, екіншісі DOS жүйесіне арналып құрылған
Norton Commander қабықшасының тəсілін жалғастырады.
Windows – та «Жолсілтеуіш» терезе интерфейсін жəне тышқан
көмегімен жүргізілетін жұмыс технологиясын жүзеге асыратын
стандартты файлдық менеджер болып табылады. Файлдарды көрсететін
екі панель қолданатын, Norton Commander файлдық менеджері кең
танымал.
DISCo фирмасы құрастырған DISCo Commander (DC) файлдық
менеджері файлдарды көшіруге жəне орындарын ауыстыруға (соның
ішінде, сүйрелеу көмегімен), каталогтарды салыстыруға, обьектілер
тізімін сүзуге, қолданушы мəзірін жəне файлдық типтерімен
бағдарламалар бірлестігін құруға, обьектілерді аты бойынша немесе
мазмұны бойынша іздеуге мүмкіндік береді.
Кейбір, қазіргі файлдық менеджерлер мысалы, бұрын Windows
Commander деген атпен белгілі болған Total Commander терезе
интерфейсін, файлдардың панельдік бейнеленуін қолданады жəне
103
тышқанның көмегімен жүргізілетін жұмыс технологиясын қолдайды.
Сонымен қатар, қолданушылар арасында WinNavigator v.1.96 и Far
файлдық менеджерлер кең танымалдыққа ие.
Кейбір файлдық менеджерлердің жұмысын қарастырайық.
«Жолсілтеуіш» бағдарламасымен жұмыс. Қолданушы жəне
Windows ОЖ-нің өзара əрекеттесуінде «Жолсілтеуіш» бағдарламасы
маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен қолданушы өзінің
компьютерінде орналасқан обьектілер туралы толық ақпарат ала алады,
кез келген бумада (MS-DOS терминдерінде каталог) немесе дискіде
сақталғандарды көрсету, көшіру немесе өшіру операцияларын
орындауға, керекті бағдарламаға немесе жүйенің құрылғысына өтуге
(принтерге, модемге жəне т.б.) жəне т.б. болады.
Жолсілтеуіш бағдарламасы Windows –тың стандартты файлдық
менеджері болып табылады. Ол барлық негізгі файлдық операцияларды
– белгілеу, атын өзгерту, орын ауыстыру, көшіру жəне каталогтарды
өшіру, сонымен қатар, бірнеше дискілерде кез келген файлдарды толық
мəтіндік іздеумен файлдарды кеңейтілген іздеуді жүзеге асырады.
Жолсілтеуіш терезесін ашу үшін, Бастау батырмасын басыңыз жəне
Барлық
бағдарламалар/Стандартты/Жолсілтеуіш
командаларын
таңдаңыз. Бастау батырмасына тышқанның оң жақ батырмасын
шертумен шығарылатын, Бастау батырмасының анама мəзірінен
Жолсілтеуіш терезесін ашуға болады.
Windows Жолсілтеуіші компьютерде файлдардың, бумалардың жəне
дискілердің иерархиялақ құрылымын көрсетеді (6.1 – сурет). Сонымен
қатар, онда қосылған желілік дискілер көрсетіледі.
Жолсілтеуіш терезесі екі бөлікке бөлінген: сол жағында жүйе
обьектілерінің құрылымы (бумалардың, құрылғылардың, басқару
панелінің), ал оң жағында белгіленген обьектінің ішкі құраушылары
көрсетіледі.
Жолсілтеуіш
терезесінде
барлық
обьектілер
пикторгаммалар түрінде көрсетіледі, əр обьектіге өз пиктограммасы
сəйкес келеді. Жолсілтеуіш терезесінде обьектілерді бейнелеу
форматын қолданушы өз таңдауымен өзгерте алады: бұл белгілер, тізім
болуы мүмкін. Таңдау Жолсілтеуіш мəзірінде Көрініс командасымен
іске асырылады.
Буманы ашу үшін (жалпы кез келген обьектінің ), оның белгісіне
тышқанмен екі шерту қажет немесе [Enter] пернесін басу керек. Осы іс –
əрекеттер, бірақ бағдарламалық файл үшін (.EXE, .COM, .BAT
кеңейткіштері бар) оны орындауға жүктейді, ал басқа файлдар үшін
(мысалы, Excel кестесі үшін), онымен байланысқан қосымшаны
жүктейді.
Көрініс/Жауаңарту командасы немесе [F5] пернесін басу буманың
ішкі сақталғандарын оқып шығады. Бұл дискжетекпен жұмыс кезінде,
жаңа дискетаны салып, оның мазмұнын ашқыңыз келсе, сізге қажет
болады. Көрініс/Белгілерді реттеу мəзірі көмегімен обьектілерді əр
түрлі көрсеткіштер бойынша сұрыптауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |