104
6.1. сур. «Жолсілтеуіш» файлдық менеджер
Обьект құрылымы бойынша бір деңгейге жоғары өту үшін,
Жолсілтеуіш батырмасын немесе [Backspace] басу керек. Егер,
Жолсілтеуіш терезесінде
батырмасы
көрінбесе, Көрініс/Құралдар панелі/Қарапайым батырмалар
командасын орындасаңыз, ол сол сəтте пайда болады.
Обьект бойынша қандай іс - əрекеттер жасауға болатынын көру
үшін, оны белгілеңіз жəне тышқанның оң батырмасымен басыңыз.
Командалар тізімі бар жанама мəзір пайда болады (6.2 - сурет).
Суреттен көретініміздей бума үшін Жолсілтеуіш жəне Ашу
командалары қолжетімді, екі команда да буманы қарауға ашады, тек
Ашу командасы оны бөлек терезеде орындайды.
Жанама мəзірді қолдана отырып, барлық қолжетімді файлдық
операцияларды орындауға, қарауға болады немесе обьектінің
қасиетін (белгіленген обьктінің Қасиеттер терезесін ашу үшін, [Alt]
+ [Enter] пернелер комбинациясымен шығаруға болады) өзгертуге
болады. Әр түрлі обьектілердің қасиеттер терезесі əр түрлі ақпаратты
көрсетуі жəне əр түрлі мүмкіндіктерді ұсынуы мүмкін. Мысалы,
файл немесе буманың қасиеттер терезесі əдетте, аты, өлшемі жəне
басқа атрибуттары туралы мəліметтерді көрсетеді.
105
Обьектінің атын ауыстыру үшін, тышқанның сол жақ
батырмасын бір рет шерту арқылы пиктограммадағы жазуды
белгілеу немесе [F2] пернесін басу жеткілікті. MS-DOS – тан
айырмашылығы файл аты орыс тілінде жəне 255 символға дейін
енгізіледі.
Ағымдық буманың ішінде жаңа бума құру үшін, Файл/Құру/Бума
командасын орындау немесе тышқанның оң батырмасымен
шығарылатын жанама мəзірінен шығару қажет. Жаңа буманы
құрғаннан кейін, бірден оның атын көрсетуге болады.
Буманы немесе файлды [Del] пернесін немесе оның белгісін,
əрдайым Windows жұмыс үстелінде орналасатын Қоржын
пиктограммасына апарып өшіруге болады.
Кейде бірден, бірнеше обьектілер бойынша командалар (мысалы,
өшіру) орындауға болады. Ол үшін, келесі іс – əрекеттерді
орындаңыз. Бірнеше файлдарды жəне (немесе) бумаларды белгілеп
алу үшін [Ctrl] пернесін басыңыз жəне оны жібермей барлық керекті
обьектілерді белгілеңіз. Ашық терезеде файлдар (бумалар) тобын
белгілеп алу үшін, Түзету мəзірінде Барлығын белгілеу (немесе [Ctrl]
+ [A] пернелер комбинациясын басыңыз) командасын таңдаңыз.
Терезеде жақын орналасқан обьектілерді белгілеу үшін, тышқанды
пайдалануға болады.
6.2. сур. «Жолсілтеуіш» бағдарламада буманың жанама мəзір
106
Файлдардың барлығы пайда болған пунктирлі рамка ішінде орналасуы
үшін, тышқан батырмасын басып тұрып, оны жылжыту жеткілікті. Қандай
да бір обьектінің белгіленуін алып тастау үшін, топтың қалған бөлігінің
белгіленуін алмай, оның үстінен [Ctrl] пернесін басып тұрып тышқан
батырмасымен шерту керек. Барлық топтан белгілеуді тез алу үшін,
буманың кез келген жерінде тышқанмен шертіңіз.
Егер компьютерде архиватор орнатылған болса, жанама мəзірді
пайдалана отырып файлдарды оңай архивтеуге болады.
Total Commander файлдық менеджері. Windows-тың файлдарды
басқаруға арналған стандартты құралдары үнемі ыңғайлы бола бермейді, ал
кейбір іс – əрекеттерді ұйымдастыруын интуитивті түсінікті деп атау
мүлдем қиын.
Файлдық құрылымды біршама көрнекі көрсететін жəне өзгертудің
үлкен мүмкіндіктері бар файлдық менеджерлердің үлкен класы бар. Total
Commander, сондай менеджерлердің бірі болып табылады (6.3 - сурет).
Total Commander бағдарламасы кеңейтілген көшіру, орын алмастыру,
атын өзгерту жəне каталогтарды өшіру, бірнеше дискілердегі кез келген
файлдарды толық мəтіндік іздеумен, файлдарды кеңейтілген іздеуді жүргізу
сияқты барлық негізгі файлдық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, FTP – серверімен қосылуға мүмкіндік бар.
Бағдарламаның алтыншы нұсқасынан бастап, FTP-клиент кез келген үзілген
жүктеулерді қайта қалпына келтіре алады.
6.3. - сурет Total Commander файлдық менеджері
107
6.4. 4 . -сурет WinNavigator файлдық менеджері
Бағдарламаның алтыншы нұсқасында, файлдар мен бумаларды фондық
көшіру режимі ең көп өзгерістерге ұшырады. Егер ол сізге өте жоғары
болып көрінбесе, бағдарламаның опцияларын түзетуге болады. Көшіру
параметрлері анықтау үшін, бөлек бөлім арналған.
Total Commander бағдарламасы жұмыстың екі режимін қолдайды:
біршама баяу, бірақ, сенімді жəне үлкен файлдарға арналған арнайы режим.
Total Commander бағдарламасы файлдарды архивтеуге жəне архивтен
шығаруға мүмкіндік береді; бұл жағдайда сəйкес архивтеу бағдарламасы
автоматты түрде шақырылады.
WinNavigator файлдық менеджері. WinNavigator – бұл жақсы əрі
ыңғайлы файлдық менеджер (6.4. - сурет). Бағдарлама орыс
бағдарламашыларымен құрылған, келесі файлдар типін қабылдайтын, ішіне
орнатылған аудиоойнатқышы бар: Mp3, Cd-audio, wav, midi, rmi, avi, mpg,
Mp2 жəне т.б. Аталған бағдарлама Mp3 файлдарын wav файлдарына
түрлендіре алады.
Бағдарламада алмасу буфері, калькулятор жəне символдар кестесі бар:
ресурстарды қарап шығуға мүмкіндік береді, мысалы, dll кітапханалары.
Сонымен қатар, WinNavigator бағдарламасында ыңғайлы бапталатын мəзір
бар; көзді қуантатын əр түрлі түстер сызбалары, көптеген тілдерді, сонымен
қатар, орыс тілін де қолдау; тез қарап шығу (quick view); ұзын файлдар атын
толық қолдау функциялары орналасқан. Бұл бағдарлама өте тез жұмыс
істейді, bmp, jpg, ico, pcx, gif графикасын жəне т.б. көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |