Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған


Windows – тың негізгі файлдық операциялары



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет34/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   116

99 
 
5.3. – кесте  Windows – тың негізгі файлдық операциялары 
 
Файлдық операциялар 
Команда 
Бума құру (файл) 
Файл/Құру 
Бастапқы сақтау 
Файл/Сақтау 
Қайта сақтау 
Файл/Қалай сақтау 
Құжатты жабу (файлды/буманы) 
Файл/Жабу 
Бума қасиетін анықтау (файлдың) 
Файл/Қасиеттер, [Alt] + [Enter] 
Буманың атын өзгерту (файлдың) 
Файл/Атын өзгерту, [F2] 
Барлық тізімді белгілеу 
Түзету/Бәрін белгілеу, [Ctrl] + [A] 
Бумаларды көшіру (файлдарды) 
Түзету /Көшіру, [Ctrl] + [Insert]; 
Түзету /Қою, [Shift] + [Insert] 
Бумалардың орнын ауыстыру 
(файлдардың) 
Түзету /Кесіп алу, [Shift] + [Del]; 
Түзету /Қою, [Shift] + [Insert] 
Бумаларды қоржынға өшіру (файлдарды)  Файл/Өшіру, [Delete] 
Бумаларды қоржынсыз өшіру 
(файлдарды) 
[Shift] + [Delete] 
Бумаларды қайта қалпына келтіру 
(файлдарды) 
Файл/Қалпына келту 
Терезені, құжатты жабу 
Файл/Жабу, [Alt] + [F4] 
 
Алмасу  буфері  Windows  XP-дан  бастап  түрлі  форматтағы  24 
обьектіні сақтай алады. Word 2003 бағдарламасында алмасу буферін 
ашу  үшін,  тапсырмалар  аймағында  Түзету/Office  алмасу  Буфері 
командасын қолдануға болады. 
Microsoft  Office  2003  пакетінде  обьектілермен  орындалатын 
операцияларды жүйелік тапсырмалардан алуға болады. 
Обьектілердің  орнын  ауыстыру  оларды  тышқан  көмегімен 
жылжыту  арқылы  жүзеге  асады.  Обьектіні  орналастыру  орны 
экранда   көрсетіліп  тұрғанына   көз  жеткізу  керек.   Мысалы,   егер, 
«Менің  құжаттарым»  бумасындағы  файлды  жұмыс  үстеліне  қою 
керек  болса,  онда  терезенің  өлшемін  жұмыс  үстелінің  бір  бөлігі 
көрінетіндей өзгерту қажет болуы мүмкін. 
Файлды  тышқанның  оң  батырмасын  басып,  оның  орнын 
ауыстыру  ыңғайлы.  Бұл  үш  операцияның  біреуін  таңдап  алуға 
мүмкіндік  береді:  жаңа  орында  файлдың  жарлығының  орнын 
ауыстыру,  көшіру  немесе  құру.  Элемент  орын  ауыстырғанда  тек 
орнын  ауыстырылу  ғана  емес,  көшірілу  үшін  [Ctrl]  пернесін  басу 
арқылы ауыстыру керек. 
Windows  негізгі  файлдық  операциялары  5.3  кестесінде 
көрсетілген. 


100 
 
Windows  ОЖ-де  жұмыс  барысында  пайда  болатын 
сұрақтар 
Қолданушылардың  тарапынан  көп  қойылатын  сұрақтарға 
мамандардың жауабын ұсынамыз. 
Сұрақ  1.  FAT,  FAT32  жəне  NTFS  файлдық  жүйелерінің 
айырмашылығы неде? 
Жауап.  FAT  файлдық  жүйесі  файлдарды  реттеу  үшін  жəне 
оларды басқару үшін MS-DOS жəне Windows ОЖ-дің нұсқаларымен 
қолданылады. FAT (File  Allocation Table  — файлдарды орналастыру 
кестесі)  FAT  немесе  FAT32  файлдық  жүйелері  үшін  Windows-пен 
құрылатын  томды  форматтау  кезінде  берілгендердің  құрылымын 
көрсету.  Windows  файлдарды  орналастыру  кестесінде  қажет 
болғанда,  керек  файлды  алып  шығу  үшін,  əрбір  файл  туралы 
мəліметтерді  сақтайды.  FAT32  файлдық  жүйесі  FAT  жүйесінен 
туындаған.  Ол  аз  өлшемді  кластерлерді  қолдайды,  осыдан  келіп, 
дискілік кеңістікті тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 
NTFS  –  файлдық  жүйесі  –  жақсартылған  файлдық  жүйе.  Тез 
əрекет  ету  жəне  қауіпсіздік  деңгейін,  сонымен  қатар,  FAT  файлдық 
жүйесінің  бірде  -  бір  нұсқасында  қолжетімсіз  қосымша 
мүмкіндіктерді  қамтамасыз  етеді.  Мысалы,  NTFS    файлдық 
жүйесінде  берілген  томының  тұтастығын  қамтамасыз  ету  үшін, 
жазудың  жəне  транзакцияларды  қалпына  келтірудің  стандартты 
технологиялары  қолданылады.  Компьютерде  ақаулықтар  пайда 
болған  кезде,  файлдық жүйенің  тұтастығы  NTFS файл  журналының 
жəне  бақылау  нүктелері  туралы  берілгендердің  көмегімен  қалпына 
келтіріледі.  Windows  2000  жəне  Windows  XP  операциялық 
жүйелерінде  NTFS  файлдық  жүйесі  файлдар  мен  бумалар  үшін 
мүмкіндіктер, шифрлау, дискілік квоттар жəне сығу сиқты қосымша 
мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. 
Сұрақ  2.  Windows  XP  ОЖ-не  кіру  үшін  парольды  жоғалтқан 
жағдайда  не  істеуге  болалы?  Мұндай  қателіктен  қалай  сақтануға 
болады? 
Жауап.  Егер  сізде  ОЖ-нің  Windows  XP  –ден  бұрынғы 
нұсқаларының  бірі  орнатылған  болса,  онда  жүйеге  парольсіз  кіруге 
болады.  Бірақ,  Windows  XP  орнатылған  жағдайда  бұл  мүмкін  емес. 
Қолданушыларды  келеңсіз  жағдайлардан  қорғау  үшін    арнайы 
дискета  құратын  жəне  пароль  ұмытылған  (жоғалған)    жағдайда 
жүйеге  кіруге  мүмкіндік  беретін  Password  reset  disk  қызметі 
құрастырылған.  Оны  құру  үшін  Басқару  панеліне  кіріп,  «User 
Accounts» тарауын таңдаңыз. Онда қажетті қолданушыны көрсетіңіз 
Related  Tasks  панелінде  Prevent  a  forgotten  password  басыңыз.  Әрі 
қарай  шебердің  нұсқаулығын  басшылыққа  алыңыз.  Мұндай 
дискетаның  көмегімен  жүйеге  кез  келген  адам  кіре  алатындықтан, 
оны сенімді жерде сақтаған дұрыс. 


101 
 
Егер,  сіз  парольды  ұмытсаңыз,  Windows  жүйесіне  кіргенде 
,құрылған  жүктеуіш  дискінің  көмегімен  оны  қалпына  келтіруді  
ұсынады.  Бұл  үшін,  шебердің  парольды  қалпына  келтіру  нұсқаулығын 
басшылыққа алыңыз. 
Сұрақ 3. Файлдың толық ерекшелігі дегеніміз не? 
Жауап.  Компьютер  құрамына  бірнеше  түрлі  дискілік  құрылғылар 
кіреді,  сондықтан,  файлды  анықтау  үшін  оның  қай  құрылғыда 
орналасқанын  көрсету  қажет.  Файл  сақталатын  дискілік  құрылғының 
атын  енгізу  арқылы  мұны  орындауға  болады.  Құрылғының  атын  файл 
жолының алдында орналастыру қабылданған. Құрылғы аты, файл жолы 
жəне  файлдың  толық  аты  көрсетілген  файлға  көрсеткіші  файлдың  
толық ерекшелігі деп аталады. 
Сұрақ 4. Бір каталогта бірдей атпен екі файл орналасуы мүмкін бе? 
Жауап. Операциялық жүйе каталогта файлдың толық атымен іздеуді 
жүзеге  асырады.  Бұл  бір  каталогта  немесе  каталог  астында  əр  түрлі 
бірдей  толық  аты  бар  екі  файл  орналаса  алмайтынын  көрсетеді. 
Жоғарыда  көрсетілгендей  файлдың  толық  аты  оның  кеңейткіші  мен 
атынан  тұрады.  Сонымен  қатар,  бір  калатогта  немесе  каталог  астында 
атауы бірдей екі каталогтың болуы мүмкін емес. 
Екі  файлдың  толық  атаулары  сəйкес  келсе,  операциялық  жүйе 
берілгендерді  қай  файлға  жазу  немесе  оқу  керектігін  ажырата алмайды 
жəне оларды кездейсоқ таңдайтын болады. 
Бірақ,  əр  түрлі  каталогтар  мен  каталог  астыларда  файлдар  немесе 
еншілес каталог астылардың сəйкес келетін толық атауларының кездесуі 
мүмкін.  Бірақ,  қажетті  файлға  файлдың  тек  толық  атауын  көрсету 
жеткіліксіз  болады.  Бір  атаумен  аталған  файлдарды  бір  –  бірінен 
ажырата алу үшін, олар орналасқан каталог астыларын да көрсету керек. 
Жалпы  жағдайда  бір  каталог  астын  емес,  ізделінетін  файл  орналсқан 
түбірлі  каталогтан  каталогастына  дейін  өту  қажет  болатын,  каталог 
астының  барлық  тізбегін  көрсету,  қажетті  файлға  дейін  жету  жəне 
орналасқан орнын анықтау талап етіледі. 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  ОС Windows ОЖ-нің қандай нұсқаларын білесіз? 
2.  Windows интерфейсінің негізгі элементтерін атаңыз. 
3.  Терезе өлшемін қалай өзгертуге жəне жаңа орынға қоюға болады? 
4.  Windows XP қолданушы интерфейсін қалай өзгертуге болады? 
5.  Жарлықты құру үшін не істеу керек? 
6.  Файлдық жүйеге сипаттама беріңіз. 
7.  Қоржыннан файлдарды қайта қалпына келтіруге бола ма? 
8.  Файл дегеніміз не? 
9.  Файл атының шаблонында қандай символдар қолданылады? 
10.  Файл атының шаблонында қолданылатын «*» и «?» символдардың 
айырмашылығы неде? 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау