57
əріптерінің орналасуы ағылшынның жазу машинкасындағыдай, ал
кириллицаның əріптері орысша жазу машинкаларындағыдай
орналасқан.
Дербес компьютердің пернетақталарының типтері айтарлықтай
өзгеше емес. Олардың модификациясы эргономикалық сапаларын
жақсарту
бағыты
бойынша
жəне
басқару
функцияларын
мультимедиялық жəне басқа да батырмаларды қосу арқылы
жүргізіледі.
Қызықты мәлімет
Егер Сіз өзіңіздің музыкалық қабілеттеріңізді сезсеңіз, сізге
стандартты
компьютерлік
пернетақтадан
басқа,
музыкалық
батырмалары бар музыкалық пернетақта қажет болады. Осылайша,
Сіздің
қолданысыңызда
Windows-пен
жұмысқа
арналған
батырмалардың толық жиынтығы жəне 37 фортепианалаық батырма
болады. Әдеттегі бағдарламалармен жұмыс кезінде, пернетақта
қолды қоюға ыңғайлы тұғырдың рөлін атқаратын арнайы қақпақпен
жабылады.
Тышқан. Үстел компьютерлерінде ең көп қолданылатын
меңзегіш құрылғы тышқан - манипулятор. Тышқан - адам алақанына
оңай сиятын екі немесе үш батырмаларымен жабдықталған
кішкентай қорап. Тышқанда ақпаратты тез айналдыратын кішкентай
дөңгелегі болады.
Тышқанды үстелде немесе басқа да тегіс беттің үстінде
компьютердің экранында қозғау кезінде, тышқанның да көрсеткісі
сəйкесінше қозғалады (əдетте – көрсеткі (стрелка). Белгілі бір
əрекетті орындау үшін қолданушы тышқанның өзіне керекті
батырмасын басады.
Тышқан экранда графикалық обьектілермен өзара əрекеттесуді
қамтамасыз ете отырып, құрылымдық ақпараттың аздаған көлемін
енгізуді жүзеге асырып, тек монитормен бірге қызмет атқарады,
сонымен қатар, басқару қызметін де орындайды. Тышқандардың
көптеген түрі болғанына қарамастан, олардың негізгі қызметі
тышқанның батырмасын басуды бақылау жəне оның жылжуы болып
қалады.
Тышқаннан
тек
сенімділік
жəне
комплектіде
басқару
бағдарламасының (драйвер) болуы талап етіледі. Тышқан кез келген
бағдарламамен жұмыс істей алуы үшін, басқару бағдарламасы
қабылданған стандарттарға сəйкес болуы керек.
Тачпад. Ноутбуктарда тышқанның қызметін төртбұрышты
формадағы, саусаққа сезімтал сенсорлы панель – тачпад атқарады.
Тачпад ноутбуктың тікелей пернетақтасына орнатылады.
Қолданушы тышқанды қолданған сияқты тачпадтың бетімен
саусағын қозғай отырып, курсорды жылжыта алады. Тачпадтың
бетіне саусақпен басу тышқанның батырмасын басумен тең.
58
3.8.
Ақпаратты сақтау және тасымалдау құралдары
Ақпаратты сақтау жəне тасымалдау құралдары туралы айтқанда,
əдетте, ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға жəне тасымалдауға арналған
энергияға тəуелді сыртқы жады аталады. Тасымалдауышқа
байланысты оны бірнеше түрге болуге болады:
• магниттік тасымалдауыштардағы жады – қатқыл жəне иілгіш
магниттік дискілер жəне магниттік ленталар;
• оптикалық тасымалдауыштардағы жады – бір рет жəне көп рет
жазылатын компакт – дискілер;
• энергияға тəуелсіз электрондық жады – флеш – жады;
Сыртқы жадыны келесі мақсаттарға қолданады:
• ақпаратты сақтау үрдісінде бастапқы, аралық жəне соңғы
берілгендерді сақтау;
• берілгендерді архивтік сақтау;
• ақпаратты бір компьютерден екіншісіне тасымалдау.
Бұл жағдайлардың барлығында сыртқы жадының өзіндік типтері
қолданылады.
Қатқыл магниттік дискілердегі тасымалдауыштар. Сыртқы
жадының ақпаратты өңдеу үрдісінде қолданылатын бір ғана
тасымалдаушысы қатқыл магниттік дискілердегі – винчестерлергі
(HDD — Hard Disk Drive) жинақтауыштар болады. Винчестерлер
тұрақты ақпаратты – бағдарламалар мен берілгендерді сақтауға
қолданылады.
Винчестерлердің ақпарат тасымалдаушысы екі беті магниттік
материал 1,1 мкм қабатымен қапталған, дөңгелек аллюминий
пластиналар болып табылады. Пластиналардың жұмыс беттері
сақиналық концентрлік жолдарға, ал жолдар секторларға бөлінеді.
Қатқыл дискінің ақпаратты сақтау көлемі негізгі сипаты болып
табылады. Винчестерлер 40.. .100 Гбайт - қа дейінгі, өте үлкен
сиымдылыққа ие. Қатқыл дискілер бір – бірінен келесі сипаттарымен
ерекшеленеді:
• сиымдылығы, яғни дискіге сиятын ақпарат саны;
• тез əрекет етуі, яғни ақпаратқа қолжеткізу уақыты жəне
ақпаратты оқу жəне жазу жылдамдығы;
• интерфейс, яғни қатқыл дсик қосылуы тиіс бақылаушы типі;
Дербес компьютерлерде əдетте бір – екі винчестер болады.
Берілгендерді сақтау құрылғыларының ішінде (егер жедел жадыны
есептемегенде) қатқыл дискілер берілгендерге біршама тез қол
жеткізуді (əдетте 7.20 мс, берілгендерді оқуға жəне жазуға жоғары
жылдамдықты қамтамасыз етеді.
Иілгіш магниттік дискілердегі тасымалдауыштар. Иілгіш
диск немесе дискета (floppy disk) – иілгіш пластикалық диск -
қорғалған қабықтағы аз көлемді ақпаратты сақтауға арналған
құрылғы.
59
Дискета иілгіш магниттік дискілердің жинақтауышына (FDD —
Floppy Disk Drive) орнатылады. Ол онда автоматты түрде
белгіленеді, одан соң жинақтауыштың механизмі 360 мин
-1
жиілікке
дейін айналады. Жинақтауышта магниттік қабатпен жабылған
дискетаның өзі айналады; бұл жағдайда магниттік ұштары
қозғалыссыз қалады.
Дискіде ақпаратты сақтау мүмкін болу үшін, диск форматталған
болу керек, яғни дискінің физикалық жəне логикалық құрылымы
жасалған болу тиіс.
Жинақтаушы
иілгіш
дискілердің
бақылаушысы
арқылы
процессормен байланысқан.
Қазіргі кезде келесі сипаттағы дискеттер кең тарала бастады:
диаметр — 3,5 дюйм (89 мм), сиымдылық — 1,44 Мбайт, жолдар
саны — 80, жолдардағы секторлардың саны — 18.
Магниттік лентадағы жинақтауыштар (стримерлер). Стример
(tape streamer) – үлкен көлемдегі ақпараттарды резервтік көшіруге
арналған құрылғы. Стримерлер магниттік ленталы кішірек
кассеталарға үлкен көлемді ақпаратты жазуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты тасымалдаушы ретінде сиымдылығы 8...12 Гбайт жəне
одан да үлкен магниттік ленталы кассеталар қолданылады.
Сақталатын ақпараттың көлемін арттыру үшін, стримерге
орнатылған аппараттық сығу құралдары оны жазу алдында
ақпаратты автоматты түрде тығыздайды жəне оқып болғаннан кейін
оны қалпына келтіреді. Стримерлердің бір кемшілігіне олардың
ақпаратты жазу, іздеу жəне оқу жылдамдығының төмендігі жатады.
Үлкен көлемдегі ақпаратты тасымалдау үшін (ондаған жəне
жүздеген Гбайт) қатқыл магниттік дискілерде тасымалданатын
жинақтауыштарды қолдануға болады. Олар компьютерге сыртқы
қосқыштар арқылы қосылатын құрылғылармен жабдықталған.
Компакт – дискілердегі жинақтауыштар. Қазіргі кезде лазерлік
дискілердегі жинақтауыштар CD- ROM, CD-RW, DVD-ROM жоғары
танымалдылыққа ие болды.
Лазерлік дискілерден ақпаратты оқу принципі төмендегідей:
дискжетекте орнатылған лазер сəулесі айналып тұрған дискінің
бетіне түседі жəне одан шағылады. Лазерлік дискінің беті əр түрді
коэффиценттегі шағылу бөліктерінен құралған, сондықтан, шағылған
сəуле де өзінің интенсивтілігін өзгертеді.
Ақпарат тасымалдаушы CD-ROM (Compact Disk ReadOnly
Memory — тек оқуға арналған компакт-диск). CD-ROM диаметрі
12см жəне қалыңдығы 1,2 мм болатын мөлдір полимерлік диск, оның
бір жағына жарықты шағылыстыратын аллюминий қабаты себілген.
Ақпаратты тасымалдаудың ыңғайлы жəне арзан құралы жазатын
CD-R (Compact Disk Recordable) жəне қайта жазатын CD-RW
(Compact Disk Rewriter/Writer), оптикалық дискілері болады, бірақ
олар жазатын оптикалық дискжетектердің болуын жəне сəйкес
Достарыңызбен бөлісу: |