51
кішкентай көлемдегі өте тез еске сақтау құрылғысы (ЕСҚ) бар. Ол
процессор мен жедел жадының арасында берілгендерді алмасу
кезінде процессор жəне жедел жадының ақпаратты өңдеу
жылдамдығындағы айырмашылықты толықтыру үшін қолданылады.
Кэш-жады статикалық жады SRAM (Static RAM) DRAM – ға
қарағанда, қымбат жəне тез əрекет ететін микросхемаларында жүзеге
асырылады.
Тұрақты жады. Жадының бұл түрі əдетте, микропроцессормен
бағдарламаны орындау барысында өзгермеуге тиісті ақпаратты
сақтайды. Бұл жадының атауы - ROM (Read Only Memory) немесе
ТЕСҚ (тұрақты еске сақтау құрылғысы) – оның тек есептеу жəне
сақтау режимдерін қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Тұрақты
жадының артықшылығы қуат көзінен ажыратылғанда да, ақпаратты
сақтай алады. Бұл құрылғы энергияға тəуелсіз деген атқа ие болды.
Тұрақты жадының барлық микросхемалары оларға ақпаратты
енгізудің тəсіліне қарай үш түрге бөлінеді:
• маскалық (ROM), құрастырушымен бағдарламаланған;
• құрастырушымен бір рет бағдарламаланған (Programmable
ROM);
• құрастырушымен көп рет бағдарламаланған (Erasable PROM).
Соңғылары өз кезегінде электрлік өшірілетін жəне ультракүлгін
сəулесінің көмегімен өшірілетін болып бөлінеді. EPROM электрлік
өшірілетін ақпараттарға флеш – жады да жатады. Ол кəдімгі
EPROM-нан қолжетудің жоғары жылдамдығымен жəне жазылған
ақпаратты тез өшіру мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Сыртқы жады. Жадының бұл түрі ақпаратты компьютерден тыс
–
магниттік,
магниттік
–
оптикалы
жəне
оптикалық
тасымалдауыштарда ұзақ сақтауға арналған.
Жадының моделін төрт деңгейлі иерархия түрінде жиі ұсынады
(тез əсер етуі жəне бағасына байланысты):
• бірінші деңгейдегі кэш – жады (асқан жедел L1);
• екінші деңгейдегі кэш-жады (асқан жедел L2);
• негізгі (жедел) жады;
• сыртқы жады.
Қызықты мәлімет
Ғылым бір орында тұрмайды, ғалымдар жақын болашақта кəдімгі
пластмассаның негізінде жадының тез əсер ететін элементтері пайда
болатындығына уəде береді. Арзан мөлдір полимер материалының
(PEDOT) жаңа қасиеті анықталды. Оның арқасында берілгендерді
жазудың соншалықты тығыздығын алуға мүмкіндік беретін жəне
соның арқасында 1 мм
2
-қа 1 Мбайт сиымдылық үлесі бар
тасымалдаушы құруға болады (бұл полимердің 1 см
3
-і 1 Гбайт-қа
дейін берілгендерді сақтай алады). Бұл кезеңдегі жалғыз мəселе -
технологиялық үрдісті құрастыру.
52
3.5.
Электронды тақшалар, бақылаушылар және
шиналар
Компьютердің жұмысы кезінде жедел жады мен сыртқы
құрылғылар арасында ақпаратпен алмасу жүріп жатады; бірақ бұл
құрылғылар тікелей өзара əрекеттеспейді. Компьютерде əр сыртқы
құрылғы үшін оларды басқаратын бақылаушы немесе адаптер деп
аталатын электрондық сызба бар. Барлық бақылаушылар
микропроцессормен жəне жедел жадымен берілгендерді жіберетін
əдетте, шина деп атайтын жүйелік магистраль арқылы өзара
əрекеттеседі.
Шиналар. Шиналар тақшалар, шлейф - кəдімгі немесе тегіс
кабель түрінде орындалған болуы мүмкін, бірақ олардың атқаратын
қызметі біреу - компьютердің барлық компоненттеріне кодталған
ақпаратты жіберу үшін жалпы канал ұсыну. Сондықтан, шинамен
байланысқан
кез
келген
құрылғы
шинамен
байланысты
компьютердің басқа құрылғысымен ақпаратпен алмаса алады.
Қазіргі компьютерлерде шинаның бірнеше түрлері болады,
олардың негізгілері:
• төмен жылдамдықты құрылғылардың бақылаушыларына
арналған ISA шинасы (яғни берілгендерді алмасу үшін
пернетақтамен, тышқанмен, дискеттерге арналған дискжетектермен,
модеммен, дыбыстық картамен жəне т.б.);
• PCI шинасы (Peripheral Component Interconnect bus —қосымша
құрылғылардың өзара əрекеттесу шинасы) жоғары жылдамдықты
құрылғылармен берілгендерді алмастыру үшін (қатқыл дискілермен,
бейне бақылаушыларымен жəне т.б.)
• AGPшинасы (Accelerated Graphics Port —жылдамдатылған
графикалық порт) бейне тақшаларды іске қосу үшін.
AGP шинасы компьютердің графикалық астыңғы жүйесінің
өнімділігін арттыруға арналған. Егер сіз графикамен көп жұмыс
істемек болсаңыз, онда AGP порты бар жүйеге жəне оған қосылған
графикалық акселераторға шығындалуға тура келеді.
Компьютердің əр түрлі құрылғыларын бір-бірімен жалғау үшін,
оларда бірдей интерфейс (ағыл. тіл. inter — аралық + face —бет)
болу керек. Қосымша құрылғылардың интерфейстерінің келісімі
тікелей емес, шинаға өзінің бақылаушылары (адаптерлері) жəне
порттары арқылы қосылуға мүмкіндік береді. Құрылғылардың
порттары
компьютердің
қосымша
құрылғыларын
микропроцессордың сыртқы шиналарына жəне бір немесе бірнеше
енгізу - шығару регистрлері бар электрондық сызбаларды құрайды.
Ретімен орналасқан порттар (СОМ) ақпаратты машина
кодтарында əкелетін электр импульстарын рет – ретімен - бірінен
соң бірін жібереді. Реттелген порттарға əдетте тышқан мен модемді
қосады. Олар жүйелік блоктың артқы панеліне шығарылған
53
аппараттық 25 жəне 9 контакты қосқыштардың көмегімен жүзеге
асырылады,
Қатарласқан порт (LPT) ақпаратты жіберудің біршама жоғары
жылдамдығын жүзеге асырады жəне принтерді қосу үшін
қолданылады. Ол жүйелік блоктың артқы қабырғасында аппараттық
25 - контактілік қосқыш түрінде іске асырылады.
Соңғы жылдары USB (Universal Serial Bus —əмбебап реттелген
шина) порты кең танымалдылыққа ие болды. Ол компьютерге бірден
бірнеше жоғары жылдамдықтағы қосымша құрылғылардың
(сканерлер, сандық камералар жəне т.б.) қосылуын қамтамасыз етеді.
Компьютерге қосымша құрылғыларды қосу үшін, SCSI адаптерін
қолдануға болады. (Small Computer System Interface —кіші есептеу
жүйелерінің интерфейсі). Ол жүйелік тақшаның кеңейтілген слотына
орнатылады
жəне бірнеше
құрылғылардың (винчестерлер,
сканерлер, CD-ROM дискжетектер жəне т.б.) жоғары жылдамдықпен
қосылуын қамтамасыз етеді.
Ойындарды басқаруға арналған джойстиктерді қосуға əдетте,
дыбыс тақшасында орналасқан арнайы Game-порт (ойын порты)
қолданылады.
Бақылаушылар.
Компьютердің техникалық электрондық
толтырымы бірнеше модульдермен – электрондық тақшалармен
орындалады.
Әрбір
тақша
электрондық
компоненттер
(микросхемалар, конденсаторлар жəне т.б.) жəне əр түрлі
қосылғыштар бекітілген пластиктің тегіс бөлігінен тұрады.
Электрондық тақшаның ішінде, тақшада орнатылған компоненттерді
бір - бірімен жалғау үшін сымдар жүргізілген.
Жүйелік (аналық) тақша. Компьютердегі ең үлкен электрондық
тақша - жүйелік немесе аналық тақша болады. Әдетте, оның үстінде
негізгі микропроцессор, жедел жады, кэш-жады, шина (шиналар)
жəне BIOS орналасады. Сонымен қатар, онда компьютердің кейбір
құрылғыларын басқаратын бақылаушылар орналасады. Әдетте,
пернетақтаның бақылаушысы жүйелік тақшада орналасады, себебі,
бұл компьютерді құрастыруды жеңілдетеді. Кей кезде жүйелік
тақшада дискеттердің ішіне орнатылған бақылаушылары, енгізу –
шығару порттары, қатқыл дискілердің бақылаушылары, кейде
бейнебақылаушылар орналастырылады.
Аналық тақшада көптеген ішкі жəне сыртқы қосқыштар жəне əр
түрлі көмекші микросхемалар орналастырылады. Олардың арасында
чипсет (микросхемалардың жиынтығы) деп аталатын микросхемалар
жетекші рөл атқарады, олар процессор мен компьютердің басқа
құрылғыларының арасын байланыстыратын қызмет атқарады.
Әр бақылаушы қай шинаға арналса, сол шинаға ғана қосыла
алады, сондықтан да, түрлі шина қосқыштары оларды шатастырып
алмау үшін əр түрлі болып жасалған. Бақылаушыны сатып алған
жағдайда, сіздің компьютеріңізде қандай шиналардың қосқыштары
Достарыңызбен бөлісу: |