Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет22/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   116

63 
 
қарағанда,  дыбысталудың  неғұрлым  жоғары  сапасын  қамтамасыз 
етеді,  алайда,  дыбысталудың  сапасына  жоғары  талаптар  қойылмаса, 
қазіргі  компьютер  оның  барлық  функцияларын  толық  орындай 
алады. 
Мультимедиа  құралдары.  «мультимедиа»  (латынша  media  –  орта 
немесе  ақпаратты  тасымалдаушы)  кəдімгі  компьютерлердегідей  тек 
сандық  түрде  емес,  ақпаратпен  əр  түрде  жұмыс  істеу  мүмкіндігін 
білдіреді. Бұл жерде ең əуелі дыбыстық ақпарат пен бейне ақпаратты 
білдіреді. 
Мультимедиа -  компьютерлер шығара білуі тиіс: 
•  музыканы, сөйлеуді жəне басқа да дыбыстық ақпаратты; 
•  анимациялық фильмдерді жəне басқа бейне ақпаратты; 
Мультимедиа 

компьютерлері 
– 
мультимедиа 
– 
бағдарламаларын орындауға қабілетті, дыбыстық жəне анимациялық 
құралдарды  қолданатын  компьютерлер.  Бұл  үшін    компьютер 
компакт  –  дискілерге  арналған  дискжетекпен,  дыбыстық  картамен 
жəне 
акустикалық 
жүйелермен 
(колонкалармен) 
немесе 
құлақаспаптармен жабдықталуы тиіс деп саналады. Тез  əрекет етуге 
жəне жедел жады көлеміне қойылатын талаптар да бар, бірақ қазіргі 
компьютерлердің көпшілігі оларды қанағаттандырады. 
Сканер.  Сканерлер  қағаздағы  графикалық  бейнелерді  немесе 
мəтіндерді  компьютерге  енгізуге  қолданылады.  Сканерлерге  тəн 
ерекшелік  -  олардың  жұмыс  жасауына  күрделі  бағдарламалық 
қамтамасыз  ету  қажет:  бейнелерді  өңдеуге  графикалық  редактор  
жəне  бейнені  мəтіндік  айналдыру  үшін  мəтінді  тану  бағдарламасы. 
Сканердің негізгі сипаттамасы дюймге нүктелермен өлшенетін (300, 
600, 1 200, 2 400 жəне т.б.) мүмкіндік қабілеті болып табылады. Егер, 
стандартты  құжаттарды  енгізуге  300  нүкте/дюйм  мүмкіндік  қабілеті 
жеткілікті  болса,  онда  35  миллиметрлік  фотопленканың  негативін 
енгізу үшін тек 2 400 нүкте/дюйм мүмкіндік қабілеті жеткілікті болу 
керек. 
Соңғы уақытта графикалық бейнелерді дайындау  құралы ретінде 
сканерлерді  қолдану  аясы  мейлінше  тарыла  бастады.  Сандық 
фотоаппараттар  мен  бейнекамералар  көп  қолданысқа  ие  бола 
бастады. Соған қарамастан, сканерлер мəтіндік құжаттарды (əсіресе, 
толтырылған  блактарды)  енгізу  құралы  ретінде  əрдайым  қажет 
болады. 
Сандық  камералар.  Сандық  камералар  (бейнекамералар  мен 
фотоаппараттар)  сандық  (компьютерлік)  форматта  жоғары  сапалы 
бейне суреттер мен фотосуреттер алуға мүмкіндік береді. Суреттерді 
сақтау  үшін,  арнайы  жады  модулі  немесе  өте  кішкентай  өлшемдегі 
қатқыл  дискілер  қолданылады.  Винчестерге  суреттерді  жазу 
компьютердің  USB-портына  камераны  қосу  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Сандық  бейнекамералар  тұрақты  түрде  компьютерге 
қосылған   болуы   мүмкін   жəне   бейнесуреттерді   қатқыл   дискіге 


64 
 
жазуды немесе компьютерлік желілер арқылы жіберуді қамтамасыз 
ете алады. 
Модем.  Интернет  желісінің  қарқынды  дамуына  байланысты, 
компьютерді  телефон  желісі  арқылы  компьютер  желісіне  қосуға 
мүмкіндік  беретін  модемдер  маңызды  рөл  атқара  бастады.  Бұған 
қоса,  бір  -  бірінен  бағасы  жəне  қызмет  көрсету  көлемі  бойынша 
айырмашылығы бар қосылудың үш типі қолданылады. 
•  пошталық, 
кез 
келген 
Интернет 
қолданушымен 
тек  
электрондық  пошта  арқылы  хабар  алмасуға  мүмкіндік  беретін(ең 
арзан); 
•  on-line режиміндегі сеанстық (тура желіде) жұмысты диалогтық 
режимде  қамтамасыз  ететін  жəне  сеанс  уақытында  желінің  бүкіл 
мүмкіндіктерін жүзеге асыратын; 
•  тіке  (жеке),  кез  келген  уақытта  бүкіл  мүмкіндіктерді  жүзеге 
асыратын (ең қымбат); 
Сеанстық 
режимдегі 
жұмыс 
барысында 
Интернетке 
қолжетімділік, əдетте, провайдерлерден (ағылшын ргоvide — ұсыну, 
қамтамасыз ету) сатып алынады. Провайдерлер - Интернеттің кейбір 
бөліктеріне қолжетімділікті ұсынатын жəне оның қолданушыларына 
əр түрлі қызмет ұсынатын фирмалар. 
Ұзақ  уақыт  бойы  модемнің  маңызды  сипаттамаларының  бірі  - 
оның  өткізгіш  қабілеттілігі  (бит/с)  болатын,  алайда  қазіргі  кезде 
модемдер  33  600  бит/с-ке  тең  теоретикалық  максимумға  жетті. 
(көрсетілген  максимум  тек  қарапайым  аналогтік  коммутаторлық 
телефон  сымдарына  қатысты,  ал  байланыс  каналдарының  басқа 
түріне  берілгендермен  алмасу  жылдамдығы  айтарлықтай  өсуі  
мүмкін.  Шынында,  мұндай  каналдарға  басқа  модемдер  де  қажет). 
Қазір модемнің басты сипаттамалары - байланыс сенімділігі, бағасы, 
модемнің қосымша функциялары - бірінші орында тұрады. 
Дербес компьютерге қосыла алатын құрылғылардың жалпы саны, 
компьютерді  балаға  арналған  конструктор  ретінде  жинауға  
мүмкіндік 
беретін, 
компоненттік 
архитектурасының 
сəтті 
құрастырылуына  байланысты  шектелмеген.  Егер  электрондық 
құрылғыға  арналған  қосылу  сызбасы  құрастырылса,  іс  жүзінде,  кез 
келген электрондық құрылғыны дербес компьютерге қосуға болады. 
Қосымша  құрылғылардың  дайындалу  түрі.  Компьютердің 
қосымша  құрылғылары  ішкі  (құрылғы  кеңейту  тақшасында  толық 
орнатылған  кезде)  жəне  сыртқы  түрде  дайындалады.  Ішкі  қосымша 
құрылғылар мысалы, желілік адаптерлер жəне модемдер болады. 
Ішкі  құрылғылардың  қосымша  артықшылығы  -  құрылғы  мен 
компьютердің 
арасында 
берілгендерді 
жіберудің 
жоғары 
жылдамдығы  болып  табылады,  ал  кемшіліктері  –  диагностика 
мүмкіндіктерінің  төмендеуі  жəне  мұндай  құрылғыларды  электр 
қуатымен  қамтамасыз  ету  үшін  компьютердің  қосымша  қуат  көзін 
тұтынуы. 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау