Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет19/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116

54 
 
бар екендігін білу керек, əйтпесе, сатып алынған бақылаушы 
қажетсіз болып қалуы мүмкін. 
Жеке  тақшалар  түрінде  жасалған  бақылаушылар  мен  адаптерлер 
аналық тақшаның біріктірілген қосқыштарына (слотарына) орнатылады. 
Бұл  қосқыштар  арқылы  құрылғының  бақылаушылары  тікелей  шинаға 
жалғанады.  Шинаның  бос  қосқыштарының  болуы  компьютерге  жаңа 
құрылғыларды қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Кеңейту слоты. Кеңейту слоты (ұя) – қосымша құрылғыларды -ішкі 
модемін  немесе  сканер  қосуға  арналған  интерфейс  тақшасын  орнатуға 
қолданылатын  компьютердің  жүйелік  тақшасындағы  бос  қосқыш.  PCI 
жəне ISA ұялары біршама əмбебап, олар əр түрлі кеңейту тақшаларына 
жарамды.  PCI  стандарты  кейінірек  пайда  болды  жəне  берілгендерді 
жіберуде  үлкен  жылдамдықты  қамтамасыз  етеді.  Жалпы  алғанда, 
жүйеде  неғұрлым  PCI  бос  ұясы  көп  болса,  соғұрлым  жақсы.  Macintosh 
компьютерлерінде  кеңейту  ұялары  маңызды  рөл  атқармайды,  себебі, 
Apple  компаниясының  барлық  модельдері  тез  əрекет  ететін,  сыртқы 
қосымша құрылғылар қосылатын SCSI қосқыштарымен жабдықталған. 
Бақылаушыларды  ауыстыру.  Бір  құрылғыны  екіншісімен 
ауыстыру  үшін,  мысалы,  монитордың  ескірген  адаптерін  жаңаға 
ауыстыру үшін сəйкес тақшаны қосқыштан суырып алып, оның орнына 
жаңасын  қосу  керек.  Ал  аналық  тақшаның  өзін  ауыстыруды  жүзеге 
асыру күрделірек болады. 
Әр түрлі қолданушыларға компьютерде  бақылаушылардың əр түрлі 
жиынтығы керек, сондықтан компьютердің барлық бақылаушылары тек 
кейбір  арнайы  компьютерлердің  аналық  тақшасында  орнатылады. 
Компьютерлердің  көбінде  бақылаушылардың  көбі  бөлек  электрондық 
тақшада – бақылаушылар тақшасында орнатылады. 
Бақылаушы  тақшаларын  қосудың  жəне  ауыстырудың  арқасында, 
қолданушы  компьютердің  мүмкіндіктерін  кеңейте  отырып,  өз 
қажеттеріне  реттеп  түрлендіре  алады.    Мысалы,    қолданушы 
компьютерге  факс  –  модемды,  дыбыстық  картаны,  телехабарларды 
қабылдау тақшасын жəне т.б. қоса алады. 
 
3.6. 
Бейнежүйе 
Бейнежүйенің  құрамына  əдетте  графикалық  тақша  (бейнетақша, 
бейнекарта,  бейнебақылаушы,  бейнеадаптер)  жəне  бейне  монитор 
(дисплей) кіреді. 
Графикалық  тақша.  Монитор компьютердің ішінде орналасқан 
ерекше  тақша  арқылы  компьютерге  жалғанады.  Бұл  тақшаны 
бейнекарта немесе бейнебақылаушы деп атайды. Ол бейнесигналдың 
қалыптасуын  қамтамасыз  ете  отырып,  монитормен  көрсетілетін 
суретті  анықтайды.  Бейнебақылаушы  компьютердің  процессорынан 
суретті  қалыптастыру  командасын  алады,  бұл  суретті  өзінің 
қызметтік жадысында (бейнежадыда) құрастырады жəне бейне жады 
ішіндегі   ақпаратты   бір   уақытта   сигналға,   мониторға   берілетін 


55 
 
бейнесигналға айналдырады. 
Бейнекартада  бейнежады,  енгізу  –  шығару  регисторлары  жəне 
BIOS модулі бар. Бүгінгі күні ең танымал бейнекарта - SVGA (Super 
Video Graphics Array —супербейнеграфикалық массив) адаптері. Бұл 
адаптер  дисплей  экранында  256  түстерде  1  280  х  1  024  пиксельді 
бейнелей алады. 
Графикалық  акселераторлар  (тездеткіштер)  –  бұл  бейнежүйенің 
тиімділігін арттыратын арнайы графикалық сопроцессорлар. Оларды 
қолдану  арқылы  орталық  процессорды  бейнеберілгендері  бар 
операциялардың үлкен көлемінен босатады. 
Әдетте,  бейнебақылаушы  компьютердің  жүйелік  шинасының 
қосылғышына  орнықтырылатын  арнайы  тақша  түрінде  жасалады, 
бірақ      кейбір      компьютерлерде      чипсетке 
түрлендірілген 
бейнебақылаушы  түрінде  жүйелік  (аналық)  тақшаның  құрамына 
кіреді. 
Көбінесе, графикалық бағдарламалар (əсіресе Windows пакетінде) 
жұмысының  жылдамдығы  жəне  экрандағы  суреттің  сапасы 
компьютерге  орнатылған  бейнеадаптер  типіне  тəуелді.  Тіпті  
ойындар  да  суреттің  əр  түрлі  сапасымен  жəне  түрлі  жылдамдықпен 
көрсетілуі мүмкін. 
Бейнеадаптерді  таңдауда,  монитор  мүмкіндігін  қолдайтын 
диапазонын, жиіліктің тік жазылуын жəне көрсетілетін түстер санын 
ескеру  керек.  Әдетте,  бұл  параметрлер  өзара  байланысты  жəне 
құжаттарда  олардың  мүмкін  болатын  үйлесімі  көрсетіледі  Аталған 
шешім  үшін  бейнежадының  қосымша  орнатылған  көлеміне 
байланысты шығарылатын түстердің саны ұлғайтылуы мүмкін. 
Әдетте минималды 1 Мбайтқа жуық бейнежадыға ие болу керек, 
дұрысы  4  Мбайтқа  дейін  кеңейту  мүмкіндігімен  2  Мбайт  –  қа  ие 
болу.  Соңғы  кезде  мультимедиялақ  қосымшалар  белсенді    түрде 
дами бастады. Арнайы стандарттар компьютердің экранында жоғары 
сапалы  бейне  суреттерді  жазуға  жəне  шығаруға  мүмкіндік  береді. 
Мұндай бейнелермен шынымен жұмыс істеу үшін MPEG стандартын 
қолдайтын бейнеадаптер болған дұрыс, 
Қазіргі  графикалық  тақшалардың  барлығының  сипаттамасы  
ұқсас,  олардың  арасындағы  айырмашылық  негізінен  орталық 
процессордың  қызмет  көлеміне  байланысты.  Бұл  функцияны 
бейнетақшаның графикалық процессоры атқарады. 
Компьютерлік  ойындар  үшін  бұл  маңызды  сипаттамасы  болып 
табылады,  себебі,  дисплейге  күрделі  динамикалық  көріністер 
шығарылғанда, орталық процессор олардың уақытында шығарылуын 
атқара  алмауы  мүмкін.  Дегенмен,  кеңселік  қосымшаларда  бұл 
сипаттама соншалықты маңызды емес. 
Бейнемонитор.  Монитор  –  бұл  ақпаратты  көрнекі  түрде 
бейнелейтін  құрылғы.  Ол  жүйелік  тақшаның  кеңейту  слотына 
орнатылған бейнекартаға жалғанады.  Нөлдермен жəне  бірліктермен 


56 
 
кодталған  түрдегі  бейнелер  бейнекартада  орнатылған  бейнежадыда 
сақталады.  Монитор  экранындағы  бейне  бейнежады  ақпаратын  оқу 
арқылы  қалыптасады,  бұл  жағдайда  бейнені  оқу  жиілігі  бейненің 
тұрақтылығына  əсер  етеді.  Әдетте,  секундына  75  жəне  одан  да 
жоғары бейнені жаңарту жиілігін қолданады. 
Қазіргі  бейнемониторларды  екі  класқа  бөлуге  болады: 
электрондық 
– 
сəулелі 
құбыр 
базасында 
(ЭСҚ) 
жəне 
сұйықкристалдық (СК) FTP-матрица базасында. 
ЭСҚ - монитор теледидарға ұқсас, екеуі де  бейнені кинескоптың 
(электрондық  –  сəулелі  құбыр)  көмегімен  қалыптастырады,  бірақ 
іштей  екеуінің  айырмашылығы  көп.  Мониторлар  кез  келген 
теледидарға  қарағанда,  бейнені  неғұрлым  анық  жəне  толық  көрсете 
алады.  Бірақ  теледидарлар  анағұрлым  «интеллектуалды»  -  олар 
антенадан  алынған  сигналды  түрлендіреді,  кедергілерді  сүзгіден 
өткізеді,  ал  монитор  бейнесигналды  дайын  күйінде  кабель  арқылы 
бейнебақылаушыдан алады. 
СК  –  мониторлар  дисплейлердің  жаңа  типі  болып  табылады,  
бірақ өздерінің тұтынушылық жəне құндылық  сипатымен олар  ЭСҚ 
–  мониторларына  жақын.  Олардың  ЭСҚ-  мониторларынан  əлі  де 
артта  қалуының  жалғыз  параметрі,  түстердің  берілуі  болып 
табылады.  Бұл  əзірге  СК  –  мониторларын  жоғары  сапалы  
полиграфия саласында қолдануға мүмкіндік бермейді. 
Монитордың  негізгі  сипаттамаларының  бірі  диагональ  бойынша 
15,17,19,21  (1  дюйм  =  2,54  см)  дюймдармен  өлшенетін  -  көрінетін 
бөліктердің өлшемі болып табылады. Қолданыстағы мониторлардың 
көбі  15...  17  диагональды  болып  келеді.  Үлкен  өлшемді  мониторлар 
арнайы  мақсаттарға  қолданылады  (графикалық  бейнелерді,  газет 
беттерін  өңдеу  жəне  т.б.),  оларға  жоғары  мүмкіндік  режимінде 
жұмыс  істеуге  бейнеадаптердің  қосымша  жадысы  қажет.  (мысалы 
диагоналі  21  дюйм  мониторға  1  280  х  1  024  х  16  режимінде    2,5 
Мбайт бейнежады қажет). 
Монитордың  маңыздың  сипаттамасының  бірі  –  оның  мүмкіндігі 
болып  табылады.  Бейнежадының  белгіленген  көлемінде  экран 
мүмкіндігінің  артуы  бір  мезгілде  шығарылатын  түстердің  санын 
азайтады. 
 
3.7. 
Пернетақта және тышқан 
 
Пернетақта  жəне  тышқан  компьютерге  ақпаратты  бастапқы 
енгізуге 
арналған 
жəне 
қазіргі 
дербес 
компьютерлердің  
ажырамайтын бөлігі болып табылады. Олардың компьютермен өзара 
əрекеттесу принциптері айтарлықтай əр түрлі. 
Пернетақта.  Пернетақта  компьютердің  басқа  бөліктерінен 
тəуелсіз жұмыс істейді жəне оның негізгі қызметі компьютерге үлкен 
көлемде  мəтіндік  ақпараттарды  енгізу болады.  Пернетақтада латын 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау