80
Операциялық жүйе дербес компьютерді жүйелік блоктағы Power
батырмасын қосқаннан кейін, автоматты түрде жүктеле бастайды.
Соынмен қатар, операциялық жүйенің қосылуы Reset батырмасын
басумен немесе [Ctrl] + [Alt] + [Del] перне комбинациясын бір уақытта
басу арқылы жүзеге асады.
ДК-ді қосақаннан кейін индикаторлар жану керек. Монитордан
шыққан дыбыс телевизорды қосқандағы болатын дыбысқа ұқсас
болады. Ал жүйелік блокта қуат көзінің желдеткішінің дыбысы естіледі.
Компьютерді қосқаннан кейін операциялық жүйе жүйелік дискіден
жедел жадыға жүктеледі. Операциялық жүйенің модульдері орналасқан
диск жүйелік деп аталады жəне одан ОЖ жүктеледі. Әдетте,
операциялық жүйені қатқыл дискіге орнатады, тек ОЖ-ні жүйелік диск
ретінде қайта орнатқан жағдайда флоппи-диск қолданылады.
Компьютер əуелі өзінің негізгі құрылғыларының жұмысқа
қабілеттілігін тексереді, одан соң BIOS – тағы (Basic Input/Output System
— енгізу – шығарудың базалық жүйесі) жəне компьютердің тұрақты
жадысында (ROM) сақталған арнайы бағдарлама операциялық жүйедегі
жүктеушіні іздеуді бастайды. Орнатылған дискілерді (иілгіш, қатқыл,
CD-ROM) ретімен оқу жүреді жəне дискінің бірінші секторынан
(жүктеуші) Master Boot – операциялық жүйені жүктеуші – бағдарлама
деп аталатын арнайы бағдарламаны іздейді.
Штаттық жағдайда жүйелік диск өзінің орнында (винчестерде)
болады жəне жүктеуші бағдарлама жедел жадыға бағдарламалық
модульдер түрінде жүктеледі. Штаттан тыс жағдайда компьютерде
жүйелік дискілер болмағанда, монитор экранында «Non system dick»
деген хабарлама пайда болады да компьбютер «тұрып қалады»; бұл
жағдайда ОЖ – нің жүктелуі тоқтатылады, сондықтан, компьютер
жұмысқа қабілетсіз болып қаалады.
ОЖ-нің жүктелуінен кейін басқару командалық процессорға
беріледі.
Жұмысты бастау үшін қолданушының жеке паролін жəне дербес
компьютер желіге қосылған жағдайда, желілік парольды енгізуге тура
келеді.
Windows
интерфейсінің
элементтер.
Windows
ортасы
жүктелгеннен кейін, экранда, ең əуелі жұмыс үстелі (Desktop) (5.3 -
сурет) пайда болады. Стандартты орнатылған жағдайда экранның
төменгі жағында тапсырмалар панелі деп аталатын жіңішке жолақ
орнатылады. Тапсырмалар панелінің сол жағында Бастау батырмасы
орналасады.
Жұмыс үстелі экран аймағын құрайды. Онда бағдарламаның
белгілері мен терезелері, компьютер мен сұхбат терезелер жəне
тапсырмалар панелі орналасады.
Жұмыс үстелінде орналасқан кішігірім суреттер – пиктограммалар
жəне жарлықтар деп аталады.
81
5.1. –сурет. Windows-тың жұмыс үстелі
Терезелер пиктограммалары
Windows-тың басты мəзірі
Пиктограмма – аппараттық жəне бағдарламалық ресурстарды
белгілейтін жұмыс үстеліндегі сурет. Ол интерфейстің түрлі обьектілерін
белгілеуге қолданылады: Менің компьютерім, Қоржын, дискілік
құрылғылар, принтер жəне бағдарламалар мен құжаттар.
Жарлық – құрылғының, бумалардың, бағдарламалардың құжаттардың
немесе ерікті файлдың белгісі, ол белгілі обьектімен жұмысты жеделдетеді.
Жарлық файл немесе бума туралы нақты ақпарат береді немесе
құрылғылардың біреуіне команда береді.
Бастау батырмасына басу Windows – тың басты мəзірін ашады.
Windows-тың жұмыс үстелі экранның негізгі аймағын алып жатыр, оның
астында тапсырмалар панелі орналасқан. Компьютермен жүргізілетін
барлық операциялар терезелер деп аталатын рамкалардың ішінде
орындалады. Бір мезетте бірнеше терезе ашық болуы мүмкін. Олардың
өлшемін, орнын ауыстыруға жəне олардың орналасу ретін кез келген
тəсілмен өзгертуге болады.
Тапсырмалар панелінде Бастау батырмасы, сағат көрсетілетін
хабарлама аймағы орналасады. Хабарлама аймағында орындалып жатқан
операциялар жайын көрсететін басқа да белгілер бар. Мысалы, құжатты
82
баспаға жібергеннен соң, хабарламалар аймағында бұл құжат басылып
болғанша принтердің белгісі шығады. Сонымен қатар, хабарламалар
аймағында Microsoft корпорациясының Web- түйінінде жүктелуге дайын
Windows – тың жаңаруы туралы хабарламалар көрсетіледі.
Әрбір терезені ашқанда тапсырмалар панелінде батырма түрінде тиісті
пиктограмма пайда болады. Терезені жапқанда бұл батырма жоғалады.
Тапсырмалар панелімен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін, батырмалар
тым көп болған жағдайда олар біріктіріледі. Мысалы, жеке мəтіндік
құжаттардың батырмалары автоматты түрде MS Word – тың бір
батырмасына бірігеді. Бұл батырманы басқанда нақты құжатты таңдау үшін
ыңғайлы мəзір шығады.
Бастау батырмасының мəзірі. Windows- тың басты мəзірі Windows XP
жүктелісімен автоматты түрде көрінеді. Бұл мəзірге тапсырмалар
панеліндегі Бастау батырмасын басу арқылы кез келген уақытта қайта
оралуға болады.
Бастау батырмасының мəзірінде Windows – та жұмыс жасауға
қажеттінің бəрі бар. Бұл мəзірде төмендегі іс – əрекеттерді орындауға
болады:
•
бағдарламаларды жүктеу;
•
файлдарды ашу;
•
басқару панелінің көмегімен жүйелерді өзгерту. ;
•
анықтама және қолдау командаларының көмегімен анықтама алу.
•
компьютерде жəне Интернетте Іздеу командасының көмегімен
элементтерді іздеу жəне басқалары.
Бастау мəзірі батырмасының кейбір пункттарының жанында оң жаққа
бағытталған бағдар көрсетіледі. Бұл тағы бір мəзірдің бар екендігін
білдіреді. Егер көрсеткішті бағдары бар мəзірдің пунктіне қойса, басқа
мəзір пайда болады.
Бастау мəзірі батырмасының сол жағында неғұрлым жиі қолданылатын
бағдарламалардың сілтемелері көрсетіледі. Сол жақтағы жоғарғы бұрышта
Интернетке шолу жəне электрондық поштаның бағдарламасы сияқты
құралдардың жарлықтары орналасады.
Әр жұмыс элементі (файл) бумада сақталуы мүмкін. Windows XP-нің
интерфейсі ең ыңғайлы орындарда файлдарды сақтауды жеңілдетеді.
Мəтіндік файлдарды «Менің құжаттарым» бумасында, суреттерді «Менің
суреттерім» бумасында, музыкалық файлдарды «Менің музыкам»
бумасында сақтаңыз. Бұл бумаларды Бастау мəзірі батырмасының оң
жағындағы белгілердің көмегімен жылдам ашуға болады. Оларда əдеттегі
міндеттерді орындауға ыңғайлы сілтемелер орналасқан.
Компьютермен жұмыс аяқталғанда, компьютерді сөндіру үшін, Бастау
батырмасының мəзіріне көшіңіз жəне Сөндіру батырмасын басыңыз.
келесі жолы жүйеге кіргенде экранда əуелі «Сəлемдесу»
шығады. Бұл экранға өз атыңызды, егер пароль құрылған болса, оны да
енгізіңіз, сіз қайтадан Windows-тың жұмыс үстеліне ораласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |